Құрылтай

08.11.2014
Featured Image

Аудандық оқушылар үйінде 5 қараша күні “Болашақ бүгіннен басталады-Будущее начинается сегодня!” атты балалар-жасөспірімдер ұйымының аудандық құрылтайы өтті. Құрылтайға біздің мектептен 9-сыныптың 6 оқушысы қатысты. Жетекшісі аға тәлімгер Смагулова Кумысай Нурсихановна.  Құрылтайда топ басшысы Кусманова Самал “Бірге біз-күшпіз!” тақырыбында баяндама оқыды. Қорытындысында аудан бойынша Жалтыр, Малайсары, Ақжар мектебінің оқушылары облыстық құрылтайға делегация ретінде қатысты.

VІІ Облыстық құрылтайының жұмысына белсенді қатысқаны үшін 9-сынып оқушысы Смағұл Айгерім Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Мерейлі жас

06.11.2014
Featured Image

         Мектебімізде аянбай қызмет атқарып келе жатқан мектеп кітапханашысымыз Айдарханова Гүлмайраш Конырова 25 қазан күні 60 жасқа толды. Мектеп ұжымы мен оқушылар Гүлмайраш Коныровнаға арнап кеш ұйымдастырды. Оқушылар әсем әндерін, билерін орындап, ұстаздар жүрек жарды тілектерін арнады.

         Алпыс- тал түс. Алда әлі асулар мен белес- беделдер бар. Сізге жарқын да мағыналы өмір, көтеріңкі де кіршіксіз көңіл, деніңіздің саулығын, отбасыңыздың амандығын, көпшіліктің ыстық ықыласына бөлене беріңіз. 

Тіл-алтын қазына.

06.11.2014
Featured Image

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» атты

сайысы

         2014 жылдың 29 қазан күні Жалтыр жалпы орта білім беретін мектепте 5 9 – сыныптар арасында пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» атты сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Оқушылар әр пәннен өз білімдерін көрсетіп, берілген тапсырмаларды тиянақты орындап, өз ойларын толық жеткізе алды. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз сыныптар марапатталып, мақтау қағаздары берілді.

Білікті маман

27.10.2014
Featured Image

Исина Дамелы Бакибаевна-география және тарих пәнінің мұғалімі,  жоғары білімді, өзінің жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыратын, үнемі ізденіс жолында жүретін ұстаз.

2014 жылы қыркүйек айында www.gylym-bilim.kz сайтында ұйымдастырылған «Ұлағатты ұстаз» атты қашықтық І Республткалық оқытушылар конкурсында «Презентациялар және олардың білім беру процесіндегі рөлі» бағытында қатысып І орынды иеленді. Оқушылары «Жас дарын» атты қашықтықтан І Республикалық ғылыми жарыстар конкурсында география пәні бойынша «Семей ядролық полигонының зардабы» тақырыбындағы зерттеу жұмысы бойынша «Талаптың мініп тұлпарын…» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Кусманова Самал ІІ орынды иеленді.

Ұстаз мәртебесі

27.10.2014
Featured Image

«Ғылым» баспасынан шыққан «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» атты республика көлеміндегі білім беру жүйесінің үздік қызметкерлер енгізілді. Осы кітапта Жалтыр орта мектебінің 6 ұстазы шықты. Мектеп директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна, оқу ісі жөніндегі орынбасары Базылбаева Эльмира Егинбаевна, тәрбие ісінің меңгерушісі Алина Макпал Кокешовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Андасова Алтынай Кызырхановна, география пәнінің мұғалімі Исина Дамелы Бакибаевна, биология пәнінің мұғалімі Хиватдолда Айбат. Кітапта ұлағатты ұстаздардың жеткен жетістіктері жайында кең көлемде мағлұмат алуға болады. 

Алтын күз

27.10.2014
Featured Image

Мектептегі мереке.

Мектепте 1-9-сыныптар арасында “Алтын күз” мерекесі өтті. Сынып оқушылары күз мезгілінің берекесін, байлығын көрсетті. Түрлі жеміс-жидектерден дәмді салаттар, табиғи бұйымдардан жасалған көрме ұйымдастырылды. Шара 5 кезеңнен тұрды. Оқушылар әр сайысқа жоғары деңгейде дайындалды. І орынды 4-сынып және 9-сынып оқушылар, ІІ орынды 2-сынып, 8-сынып оқушылары, ІІІ орынды 1-сынып, 6-сынып оқушылары иеленді. 

Президенттік тест

10.10.2014
Featured Image

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінде дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларымен әр түрлі спорт түрлері бойынша президенттік тест өткізілді. Президенттік тестке педагогтар мен мектеп әкімшілігі ат салысты.

Семинар

09.10.2014
Featured Image

Білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Ертіс-Дарыны» аймақтық ғылыми тәжірибелік орталығының семинары ұйымдастырылды. Семинарға жоғары оқу орындарының профессорлары, доцент, аға оқытушылар оқушыларды олимпиадалар мен сайыстарға дайындау мәселелері бойынша дәріс берді. Орталықтың директоры Ғ.Тұрсынов мектеп директорының орынбасарларына орталықтың атқарылатын жұмыстары, жаңадан ашылып отырған байқау, конкурстарының мазмұнымен, Май ауданының қатысу көрсеткіштері, нәтижелерін презентация арқылы көрсетті. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Курс

09.10.2014
Featured Image

2014 жылғы қыркүйектің 15-25-і аралығында Астана қаласына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекет басқару Академиясының оқу орталығына қайта даярлау курсынан мектептің АӘД-ның оқытушысы Тилеухан Баянбек жіберілді. Курста АӘД пәнінің оқытылуы, оқушылармен жүргізілетін жұмыстарымен таныс болды. Курс барысында психология, педагогика сабақтары өткізіліп, оқу-дала жиныны өткізілді.

Тілдер мейрамы

09.10.2014
Featured Image

«Ана тілі-арың бұл»

«Тілдер мерекесіне» орай қыркүйек айында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Абеуова Г.К. 5-6 сынып оқушыларымен «Ана тілі-арың бұл» атты сыныптан тыс шара өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты қазақ тілінің құдіреті туралы жасөспірімдердің таным, білім көкжиегін кеңейту. Шараға 5-сынып оқушыларынан құралған «Дарын» және 6-сынып оқушыларынан құралған «Ана тілі» топтары сайысқа түсті. Сайыс 3  кезеңнен тұрды.Бірінші кезеңде әр топ өзін-өзі таныстырды. Екінші кезеңде оқушылар тілге байланысты өлең шығарды және үшінші кезеңде топ басшылар сайысы болды. Сайыс нәтижесінде «Дарын» тобы жеңіске жетті. Оқушылар сыйлықпен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Тілдер мерекесі

08.10.2014

Асылымызды ардақтайық!

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға

дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл

ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

                                           Б.Момышұлы

 

Қыркүйек айында «Тілдер мерекесіне» орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.Е.Базылбаева 8-сынып оқушыларымен «Асылымызды ардақтайық!» атты сыныптан тыс шара өткізді. Шара 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар ақын-жазушылардың ой-пікірлерін, ҚР «Тіл туралы» Заң баптарын, өлеңдерін оқыды. Екінші кезең 2 топқа бөліп сайыс түрінде ұйымдастырылып, викториналық сұрақтар, мақал-мәтелдерді жалғастыру, эссе жазу, ой толғау т.б қызықты тапсырмалар берілді. Шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.

Денсаулық күні

08.10.2014
Featured Image

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы іске асып, 1-7 қыркүйек аралығында «Мен денсаулығымды сақтаймын-өз-өзіме көмектесемін» ұранымен «Денсаулық апталығы» өтуде. . 2 қыркүйек күні апталықтың ашылу салтанаты өтті. Дене шынықтыру мұғалімдері, алғашқы әскери дайындық мұғалімі өз үлестерін қосуда 

Мектепке жол акциясы

08.10.2014
Featured Image

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы 2014 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін ұйымдастырылуда. Аз қамтамасыз етілген, толық емес, жалғыз басты аналардың балалары  демеушілік көрсеткен жеке меншік дүкендер қожайындарынан, мектеп ұжымынан оқу құралдары мен киім-кешектермен қамтамасыз етілді.

1 қыркүйек Білім күні

10.09.2014

«Кел балалар, оқылық»,-деп ұлттың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің балаларды оқуға шақырғанындай 1 қыркүйек күні еліміздегі барлық мектептер, білім ордалары да білім алушыларға есіктерін айқара ашты.   Міне, осы қадірлі күнді Кеңтүбек ауылындағы Жалтыр орта мектебі де ерекше ықыласпен қарсы алды. Салтанатты жиынға құрметті қонақтар шақырылды. Олар Кеңтүбек селолық округінің әкімі А.К.Оразалин, аудандық білім бөлімінің бас маманы Г.А. Джангазинова, ауылымыздың депутаты

Қ.Б. Ботабаев. Бұл күні қолдарына гүл шоқтарын ұстаған оқушылар мен ата-әже, ата-аналар қарасы көп болды. Алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізіліп, содан әнұранымыз айтылды. Сөз алған аталмыш мектеп директоры А.К.Жаныгулова жиылған көпшілікті білім күнімен құттықтады. Өз сөзінде мектеп директоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясындағы білім саласына қатысты басым бағыттарды ашып айтты. Осындай қуанышты күнде жиылған жұртшылыққа жүрекжарды тілегін білдіріп, мектебімізге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында келіп жатқан математика пәнінің мұғалімі Жеңісхан Жанарға ұстаздық өміріне толағай табыс, шығармашылық шабыт, білім әлеміне аяқ басқан бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Келген қонақтар да жүректерінен шыққан жылы лебіздерін білдіріп, білім бөлімінің бас маманы Гүлнәр Алшынбайқызы жаңа оқу жылымен құттықтап, Май ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Гүлденген мектеп» көрме- конкурсында «Ең әдемі гүл» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Жалтыр орта мектебін марапаттап, диплом табыстады.

Алғашқы қоңырауды соғу құрметі 1 сынып оқушылары Закиров Алмаз бен Қуан Нұрайға берілді. Салтанатты жиыннан кейін «Қазақстан-2050 стратегиясы: бір мақсат, бір болашақ, бір мүдде» тақырыбындағы сынып сағаттарымен жалғасты.