Тілдер мейрамы

09.10.2014
Featured Image

«Ана тілі-арың бұл»

«Тілдер мерекесіне» орай қыркүйек айында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Абеуова Г.К. 5-6 сынып оқушыларымен «Ана тілі-арың бұл» атты сыныптан тыс шара өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты қазақ тілінің құдіреті туралы жасөспірімдердің таным, білім көкжиегін кеңейту. Шараға 5-сынып оқушыларынан құралған «Дарын» және 6-сынып оқушыларынан құралған «Ана тілі» топтары сайысқа түсті. Сайыс 3  кезеңнен тұрды.Бірінші кезеңде әр топ өзін-өзі таныстырды. Екінші кезеңде оқушылар тілге байланысты өлең шығарды және үшінші кезеңде топ басшылар сайысы болды. Сайыс нәтижесінде «Дарын» тобы жеңіске жетті. Оқушылар сыйлықпен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Тілдер мерекесі

08.10.2014

Асылымызды ардақтайық!

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға

дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл

ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

                                           Б.Момышұлы

 

Қыркүйек айында «Тілдер мерекесіне» орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.Е.Базылбаева 8-сынып оқушыларымен «Асылымызды ардақтайық!» атты сыныптан тыс шара өткізді. Шара 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар ақын-жазушылардың ой-пікірлерін, ҚР «Тіл туралы» Заң баптарын, өлеңдерін оқыды. Екінші кезең 2 топқа бөліп сайыс түрінде ұйымдастырылып, викториналық сұрақтар, мақал-мәтелдерді жалғастыру, эссе жазу, ой толғау т.б қызықты тапсырмалар берілді. Шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.

Денсаулық күні

08.10.2014
Featured Image

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы іске асып, 1-7 қыркүйек аралығында «Мен денсаулығымды сақтаймын-өз-өзіме көмектесемін» ұранымен «Денсаулық апталығы» өтуде. . 2 қыркүйек күні апталықтың ашылу салтанаты өтті. Дене шынықтыру мұғалімдері, алғашқы әскери дайындық мұғалімі өз үлестерін қосуда 

Мектепке жол акциясы

08.10.2014
Featured Image

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы 2014 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін ұйымдастырылуда. Аз қамтамасыз етілген, толық емес, жалғыз басты аналардың балалары  демеушілік көрсеткен жеке меншік дүкендер қожайындарынан, мектеп ұжымынан оқу құралдары мен киім-кешектермен қамтамасыз етілді.

1 қыркүйек Білім күні

10.09.2014

«Кел балалар, оқылық»,-деп ұлттың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің балаларды оқуға шақырғанындай 1 қыркүйек күні еліміздегі барлық мектептер, білім ордалары да білім алушыларға есіктерін айқара ашты.   Міне, осы қадірлі күнді Кеңтүбек ауылындағы Жалтыр орта мектебі де ерекше ықыласпен қарсы алды. Салтанатты жиынға құрметті қонақтар шақырылды. Олар Кеңтүбек селолық округінің әкімі А.К.Оразалин, аудандық білім бөлімінің бас маманы Г.А. Джангазинова, ауылымыздың депутаты

Қ.Б. Ботабаев. Бұл күні қолдарына гүл шоқтарын ұстаған оқушылар мен ата-әже, ата-аналар қарасы көп болды. Алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізіліп, содан әнұранымыз айтылды. Сөз алған аталмыш мектеп директоры А.К.Жаныгулова жиылған көпшілікті білім күнімен құттықтады. Өз сөзінде мектеп директоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясындағы білім саласына қатысты басым бағыттарды ашып айтты. Осындай қуанышты күнде жиылған жұртшылыққа жүрекжарды тілегін білдіріп, мектебімізге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында келіп жатқан математика пәнінің мұғалімі Жеңісхан Жанарға ұстаздық өміріне толағай табыс, шығармашылық шабыт, білім әлеміне аяқ басқан бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Келген қонақтар да жүректерінен шыққан жылы лебіздерін білдіріп, білім бөлімінің бас маманы Гүлнәр Алшынбайқызы жаңа оқу жылымен құттықтап, Май ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Гүлденген мектеп» көрме- конкурсында «Ең әдемі гүл» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Жалтыр орта мектебін марапаттап, диплом табыстады.

Алғашқы қоңырауды соғу құрметі 1 сынып оқушылары Закиров Алмаз бен Қуан Нұрайға берілді. Салтанатты жиыннан кейін «Қазақстан-2050 стратегиясы: бір мақсат, бір болашақ, бір мүдде» тақырыбындағы сынып сағаттарымен жалғасты.

1 қыркүйек “Қазақстан-2050: бір мақсат,бір болашақ, бір мүдде”

05.09.2014

     «Кел балалар, оқылық»,-деп ұлттың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің балаларды оқуға шақырғанындай 1 қыркүйек күні еліміздегі барлық мектептер, білім ордалары да білім алушыларға есіктерін айқара ашты.   Міне, осы қадірлі күнді Кеңтүбек ауылындағы Жалтыр орта мектебі де ерекше ықыласпен қарсы алды. Салтанатты жиынға құрметті қонақтар шақырылды. Олар Кеңтүбек селолық округінің әкімі А.К.Оразалин, аудандық білім бөлімінің бас маманы Г.А. Джангазинова, ауылымыздың депутаты

Қ.Б. Ботабаев. Бұл күні қолдарына гүл шоқтарын ұстаған оқушылар мен ата-әже, ата-аналар қарасы көп болды. Алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізіліп, содан әнұранымыз айтылды. Сөз алған аталмыш мектеп директоры А.К.Жаныгулова жиылған көпшілікті білім күнімен құттықтады. Өз сөзінде мектеп директоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясындағы білім саласына қатысты басым бағыттарды ашып айтты. Осындай қуанышты күнде жиылған жұртшылыққа жүрекжарды тілегін білдіріп, мектебімізге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында келіп жатқан математика пәнінің мұғалімі Жеңісхан Жанарға ұстаздық өміріне толағай табыс, шығармашылық шабыт, білім әлеміне аяқ басқан бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Келген қонақтар да жүректерінен шыққан жылы лебіздерін білдіріп, білім бөлімінің бас маманы Гүлнәр Алшынбайқызы жаңа оқу жылымен құттықтап, Май ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Гүлденген мектеп» көрме- конкурсында «Ең әдемі гүл» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Жалтыр орта мектебін марапаттап, диплом табыстады.

Алғашқы қоңырауды соғу құрметі 1 сынып оқушылары Закиров Алмаз бен Қуан Нұрайға берілді. Салтанатты жиыннан кейін «Қазақстан-2050 стратегиясы: бір мақсат, бір болашақ, бір мүдде» тақырыбындағы сынып сағаттарымен жалғасты.

Конкурс

20.07.2014

Протокол
об итогах конкурса
по приобретению услуг по обеспечению питанием учащихся 1-4 классы и детей из малообеспеченных семей в ГУ «
Жалтырской СОШ »

с.Кентубек                                                                        26 августа 2014 года

 

      1. Конкурсная комиссия в составе:

Председатель комиссии:

Жаныгулова Анар Каиркеновна – директор школы

Заместитель председателя:

Байжуманов Есенбек Шарипович-заместитель директора поадминистративно-хозяйственной части школы;

Члены комиссии:

Утильдинов Баймуханбет Рыспекович –бухгалтер школы;

Есимберлинова Зарина Маратовна – медсестра;

Алина Макпал Кокешовна – заместитель директора повоспитательной части

Секретарь комиссии:

Ахметжанова Гульмира Темирбековнасекретарь школы

     2. Конкурсная комиссия по результатам рассмотрения в соответствии с критериями путем открытого голосования РЕШИЛА:
        Признать конкурс по приобретению услуг по обеспечению питанием учащихся 1-4 классы и детей из малообеспеченных семей в ГУ «Жалтырской СОШ »несостоявшимся из-заотсутствия представленных заявок.


           За данное решение проголосовали:
   

За – 5(пять)голосов

Жаныгулова Анар Каиркеновна

Байжуманов Есенбек Шарипович

Утильдинов Баймуханбет Рыспекович

Есимберлинова Зарина Маратовна

Алина Макпал Кокешовна

Ахметжанова Гульмира Темирбековна


      Против – нетголосов

 Объявление о конкурсе

Государственному учреждению «Жалтырская СОШ»

140800, Майский район село Кентубек ул.Алтынсарина,7

edu.kentubek.kz

объявляет о проведении конкурса по организации питания обучающихся.

       Услуга должна быть оказана:

В столовой школы с общим количеством получателей услуги по организации питания обучающихся 67, в том числе 28 обучающихся из малообеспеченных семей.

Сумма, выделяемая на организацию бесплатного питания обучающихся за счет бюджетных средств составляет 1251000,00 тенге с учетом НДС.

Стоимость питания одного обучающегося составляет 150 тенге в день с учетом НДС.

Срок оказания услуги с 1 сентября 2014 года по 31 декабря 2014 года.

                                                        

         К конкурсу допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие требованиям конкурсной документации.

       Пакет копии конкурсной документации можно получить в срок до
«23» августа 2014 года в течение дня включительно по адресу:                          
с.Кентубек ул. Алтынсарина ,7 кабинет № бухгалтерия с 9.00 до 18.00 часов и/или на интернет-ресурсе  edu.kentubek.kz

Конкурсные заявки на участие в конкурсе, запечатанные в
конверты, представляются (направляются) потенциальными поставщиками в
Государственное учреждение «Жалтырская  СОШ » по адресу: 140800, г. Майский район с.Кентубек ул.Алтынсарина ,7 каб.
бухгалтерия.                                    

Окончательный срок представления заявок на участие в конкурсе до
23 августа 2014 года до 15.00 часов.

Конверты с заявками на участие в конкурсе будут вскрываться
по следующему адресу:
с.Кентубек ул.Алтынсарина 7, кабинет № бухгалтерия,23 августа 2014 года в 16.00 часов.

Дополнительную информацию и справку можно получить по
телефону: 8(71838)91255.

Озық іс-тәжірибені тарату семинары

2014 жылы 15 қаңтарда Жалтыр орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері аудан көлемінде педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату семинарын өткізді. Семинар тақырыбы: «Қазақ тілі және әдебиеті пәндерінен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тиімділігі»,«Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жолдары». 

Жоғары білімді, бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Базылбаева Эльмира Егинбаевна мұғалімдерге «Қазақ тілі және әдебиеті пәндерінен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап, өз тәжірибесінде қолданылып жүрген электронды әдістемелік құралдары мен электронды тест жұмыстарымен жұмыс істеу барысын түсінідірді. Эльмира Егинбаевна 2013 жылы өткен «АКТ білім беруде» облыстық конкурсында І орынға ие болды. Семинар барысында «Шебер-сынып» ұйымдастырылды. Мұғалімдерге VIP Test, MyTest, KTC Test, ActivInspire бағдарламаларында жұмыс істеу ретінде практикада көрсете алды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне бейім дарынды балалармен жүйелі жұмысты ұйымдастыру, жан-жақты дамыған, білімді, білікті жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс- бүгінгі  таңда кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Дарынды, қабілетті оқушыларды  іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Ал қазіргі таңда мектептегі мұғаліммен  күтілер іс- шығармашылық. Осы шығармашылық деңгейде жұмыс істеп келе жатқан мұғалім-Андасова Алтынай Кызырхановна. Семинар барысында «Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жолдары» тақырыбында баяндама оқып, оқушылардың жетістері туралы, дарынды балалармен жұмыс істеу, оларды анықтау барысымен таныстырды. Алтынай Кызырхановнаның оқушылары аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылған шығармалар сайысында, мәнерлеп оқу байқауларында жүлделі орындарға ие болып жүр. 

Жаңашыл ұстаз

20.07.2014
Featured Image

Жаңашыл ұстаз

XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар заманы. Сондықтан қазіргі заманғы мұғалімдер ізденуші, зерттеуші,психолог, өнертапқыш, жаңашыл, іскер болуы қажет. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздарымыз біліктілігі мен білімділігін шыңдап, кәсіби деңгейін молайтып, шығармашылық әлеуетін дамытуда.

Май ауданы Жалтыр орта мектебі де қазіргі ұстаз алдындағы зор міндетті түсіне отырып, абыроймен кәсіби міндеттерін атқаруда. Мектебіздегі өз пәнін жетік білетін, шығармашылықты мақсат тұтқан ұстаздарымыздың бірі – Андасова Алтынай Қызырханқызы. 

Білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттай білетін Алтынай Қызырханқызы – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Жоғарғы біліктілік деңгейдегі І санатты маман- педагогикалық құралдарды шебер пайдаланып,өзін- өзі дамытуға ұмтылатын тұлға. Соңғы үш жылда оқушыларын шығармашылыққа жетелей білген ұзтаз шәкірттері облыстық сайыстардың жеңімпаздары. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 20 жыл толуына арналған облыстық шығармалар конкурсы, 2012 жыл – Андасова Гүлназ – ІІІ орын, қазақ тілі мен әдебиет пәнінен жасөспірімдердің ІІ облыстық  олимпиадасы, 2013 жыл – Болатова Әсемгүл – І орын,«Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми тәжірибелік орталығы оқушылардың облыстық сырттай оқу мектебінің шағын олимпиадасы, 2013 жыл – Смагулова Арай –ІІІ орын, 2014 жыл Смағұл Айгерім – ІІ орын.2013 жылы Павлодар облысы білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушыларының арасында «Отан қорғаушылар күніне» арналған облыстық шығармалар сайысында Смагулова Арайлым ІІ орынды иеленді.

Ұстаз шеберлігі мен кәсіби біліктілігін шыңдауда педагогикалық оқулар, республикалық ғылыми – практикалық конференциялар мен семинарлар, пән олимпиадасы, байқаулардың маңызы зор. Биылғы оқу жылында да осындай іс-шараға мектеп ұстаздарымен қатар қатысқан Алтынай Қызырханқызы Астана қаласының дамыту орталығы ұйымдастырылған республикалық конференцияда жүлделі ІІІ орындарды иеленсе, республикалық «Ұлағатты ұстаз» конкурсында әдістемелік құралдар номициясы бойынша ІІ орынды иеленді. Кәсіби шеберлікті үнемі ұштап отыратын ұстаз 2014 жылы аудандық «Ұлағатты ұстаз» конкурсында ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Алтынай Қызырханқызы  жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбиеберудегі ұстаздық қызметтегі жоғары көрсеткіші үшін  аудандық білім беру бөлімінің, Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Алғыс хаттарымен марапатталды.

Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткізетініміз анық.

Тәрбие жұмысы

20.07.2014
  1. ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2. 2016 – 2017 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары.


Презентация. Мен өз елімнің патриотымын

Презентация. Тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру.


Құқықтық тәрбие бойынша нормативтік құжаттар:

  1. Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жыл 13 шілде №416-І
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
  3. Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы
  4. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы
  5. Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп бойынша «Қамқорлық» республикалық акциясын өткізу жөніндегі іс – шаралар жоспары
  6. “Қамқорлық” республикалық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Деңгейлік курс

20.07.2014
Featured Image

Білім берудегі коучинг-келешек аймағы.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э,Базылбаева Алматы қаласындағы «Өрлеу»БАҰО-да екінші деңгей бағдарламасы бойынша деңгейлік курсын өту барысында мұғалімдермен коучинг-сессиясын өткізді.

Коучинг- сессияға  қатысуға мұғалімдер қызығушылық білдірді. Сенімсіздік білдірген мұғалімдер байқалмай жұмысқа араласты. Коучинг- сессияда мұғалімдер өз ойларын , пікірлерін дәлелдеп, кейбір мәселелерді шешуге нақты жолдар айқындады.Тәжірибелі мұғалімдердің бірі коучинг- сессия арқылы бір-бірімен етене таныса отырып, тәлімгерлердің барлығымен өзара байланыс ұйымдастыруға мүмкіндік жасағанын айтты.

Бұл пікірдің маңыздылығы мұғалімдер өздерінің кәсіби өсуіне болжам жасай біледі, себебі осыны түсінгеннен кейін ғана нәтиже  болады.  Коучинг- сессияға  қатысушылар өздеріне мына жолды ашты: коучингті оқыту үдерісінде қолдануға болады. Интерактивті  дамыту оқытудағы үрдіс жақсы нәтижеге беретіні анық. Оқыту үдерісінің қатысушылар пікірлері бойынша коучинг- сессияда оқытушылар алғашқы өзгеруге алғашқы қадамдарын басталды. Одан дәлеле ретінде кейінгі коучинг- сессиядағы өткізу жоспарларын белгілеу. Коучингке қатысушылар өздерінің сабақтарында коучинг барысында өткізілген әдістерді негізге ала отырып, өз сабақтарында қолданғанын байқадым. Ол тарих пәндерінің мұғалімдері ДЖИКСО әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту, «Ақылдың алты қалпағы» арқылы белгілі бір тақырып бойынша өз ойларын дәлелдеу негізінде өткізілді. 

Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық-психологияға негізделуін және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Екінші коучинг-сессиямды мұғалімдердің қажеттілігіне сай өткіздім. «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда интербелсенді тақтаны пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбы арқылы мұғалімдердің АКТ-ны қолдану  арқылы компьютерлік сауаттылығы артып, оқу үрдісінде емін-еркін пайдаланып, оқушылардың білімі мен дағдыларының дамуына ықпал етеді. Коучинг барысында мен мұғалімдерге интербелсенді тақтаны оқу үдерісінде тиімді қолдануға, ресурстарымен дұрыс пайдалануға бағыт-бағдар бердім. Осы коучингтен кейін көп мұғалімдердің қолдану аясын көрдім. Химия және биология пәнінің мұғалімі сабақ барысында «Түбі жоқ бөшке», «Семантикалық карта», «Лупа» әдістерін қолданғанын байқадым. 

Оқушы-дамушы тұлға.

20.07.2014

Мектеп мақтаныштары

Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында екені сөзсіз. «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді»  демекші, оқушылардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын білім сайыстарының мәні зор.

«Ертіс Дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының сырттай оқу мектебінің шағын олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Жалтыр орта мектебінің оқушылары да белсене қатысты. Олимпиада мақсаты: ғылым негізіне қызығушылық танытқан ауылдық жалпы білім беру мектептерінің қабілетті оқушыларын анықтап, қолдау көрсету; облыстық сырттай оқу олимпиадалық резерв мектебінде үздік оқитын оқушылардың өздігінен оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру. Пәндер бойынша ұйымдастырылған шағын олимпиадаға ауданнан 41 оқушы қатысты.

Мектеп бойынша олимпиадаға тарих, қазақ тілі, биология, физика, география пәнінен7 оқушықатысты. Екі айналымнан тұрған сайыс қорытындысы бойынша қазақ тілінен Смағұл Айгерім ІІ орын, тарих пәнінен Амангельдинова Гульдана ІІ орын, биология пәнінен Смағұл Айгерім ІІІ орын, Болатова Асемгүл ІІІ орын, физика пәнінен Смагулова Құралай ІІІ орын, география пәнінен Батаева Алтын ІІІ орын иеленді.

Мектеп оқушыларын білім сайысына дайындаған пән мұғалімдері Исина Дамелы Бакибаевна, Андасова Алтынай Кызырхановна, Бакауова Назира Отарбаевна, Хиватдолда Айбат, Тутан Хуралайды құттықтай отыра, мектеп оқушылары мен ұстаздарына  білім додаларында толағай табыстар тілейміз.

Ұстаз-мектеп жүрегі

20.07.2014

Ұстаздар жетістігі

Жуырда Жалтыр жалпы орта білім беретін мектептің ұстаздары Астана қаласы оқыту және дамыту орталығы ұйымдастырған ІІІ Республикалық «Ұлағатты ұстаз» ұстаздар конкурсына қатысты.  Конкурс мақсаты: білім,мәдениет, әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби қызмет нәтижесіндегі үздік жұмыстарды анықтау, жұмыс авторларына аймақтан тыс шеңберінде әріптестерімен сайысқа түсуіне мүмкіндік жасау, ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені тарату.

Аталған сайысқа Жалтыр орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.К. Андасова, тарих пәнінің мұғалімдері М.К. Алина, Н.О. Бакауова, биология пәнінің мұғаліміА. Хиватдолда, математика пәнінің мұғалімі Д.А. Дарабаева қатысып, жүлделі орындарға ие болды: Бакауова Н.О.  І орын, Андасова А.К. ІІ орын, Алина М.К. ІІ орын, Хиватдолда А. ІІорын, Дарабаева Д.А. ІІІ орын.  Мектеп ұстаздарын құттықтай отыра, шығармашылық табыс, педагогикалық ізденіс тілейміз.

Мектепішілік олимпиада

18.07.2014
Featured Image

Мектепішілік олимпиада.

Қараша айының 15 мен 22 күндер аралығында мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 55 оқушы қатысты. Олимпиада 8 пәннен өткізілді. Олимпиада мақсаты-қабілетті, дарынды оқушыларда анықтау. Олимпиада 2 турдан тұрды. Олимпиада қорытындысы бойынша 6 оқушы аудандық пән олимпиадасына жолдама алды. 

Тәуелсіздік күні

17.07.2014
Featured Image

16- желтоқсан күніне арнайы өтілген сайыс

                               «Ұлтымның  ұланымын»

     Мектепте әдетте балалар араласып жүргендіктен, олардың достығын нығайту барысында, әр жанұяның мақтанарлық тәрбиесі бар екенін көрсеткен жөн.

Мектепте өтетін бұл шараға топтардан әр сыныптан 1 оқушы қатыстрады. Ескертетін бір жайт: балалардың қабілет ерекшілігіне сай, номинация түрін көбейткен дұрыс. Сайыстыру арқылы балаларды бір-біріне жауластырмай, достастырудың бір түрі – берілетін атақ түрлерін көбірек таңдау керек.

Сайыстың мақсаты:

 

–         Мектептегі балалардың тіл табысуы, ер балалар беделінің арттуы, топтардың ұжымдық сипат алып, қалыптасуы;

–         елімізде тұратын адамдардың өз тілі мен өнерін , мәдениетін құрметтеп қана қоймай, мемлекттік тілімен бірге басқа ұлт өкілдерінің тілін ұғынуға және туған, өскен жерге, жергілікті халыққа деген құрмет сезімін нығайту;

–         балалардың өз өнерін еркін көрсету арқылы болшақ өмірінде жетістікке жету жолына сүрлеу салу.

Сайыстың өтілу ережесі:

  1. «Көргенді елдің баласы». 2-3минут. Бұл – өзін-өзі таныстыру. Сайыскер-ұлан өзін және өзінің ата – тегін-ұлтын, шыққан жерін-өскен қаласын, туған жерін тақпақтап немесе әнге қосып, тіпті қара сөзбен де әсерлі баяндауына болады.
  2. «Тілге құрмет – елге құрмет» 1-2минут. Балалрдың қазақ тіліне деген құрметін бағалау мақсатында балалардың жас ерекшілігіне сай сұрақтар дайындаға болады.Балар мүмкіндіктеріне орай, жұмбақ, жаңылытпаш, мақал-мәтел, тақпақ, ән т.с.с. талаптарды таңдағаны дұрыс.Оны билет сұрақтарын дайындағандай тапсырма ретінде беруге болады.
  3. «Күш атасын танымас» (жаттықтырушылар белгіленген уақытпен) ұландардың күшін, ептілігін, қырағылығын сарапқа салатын кезең. Ол бірнеше шағын күш сынайтын ойындардан тұруы мүмкін:

–         білек күрестіру

–         асық ату

–         мергендік сайысы  т. с. с  көпке ортақ спорттық сайыстарды қосуға болады.