Тұңғыш Президент күні

22.11.2014
Featured Image

2014 жылдың 20 қараша күні аудандық “Тұңғыш Президент оқулары” өткізілді. 

Президент оқуларының  мақсаты – оқушыларға Президенттің елі үшін жасаған игі істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Перзидентіміздің ба­лалық шағы, отбасы, қызмет жолы, лауазымдары мен мансап­тары, жаз­ған еңбектері, дәйек сөз­дері, Н.Ә.Назарбаев атына ашылған оқу орындары жөнінде мә­ліметтер айтылып, оқушылар Ел­басымыз туралы білімдерін ке­ңейтті. Елбасымыздың сөйлеген сөзінен үзінділер тыңдалып, әрбір сөзінің мазмұны талқыланып, пікірталас ұйымдастырылды.

Мектептен Смагулова Айгерім 9-сынып оқушысы, Елемесова Зилиха 6-сынып оқушысы «Тұңғыш Президентке арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу» бөлімі бойынша қатысып, Елемесова Зилиха ІІІ орынды, ал Смагулова Айгерім І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

 

 

Мектепішілік пән олимпиадасы

22.11.2014
Featured Image

     Мектеп бойынша мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: Қабілетті, дарынды балаларды анықтай отыра, олардың білім деңгейлерінің дамуына қамқорлық жасау; алған теориялық білімін, оны  тәжірибеде қолдана білу іскерлігін анықтау;  мұғалімдердің жауапкершіліктерін арттырып, дарынды балалармен жұмыс істеуіне әрекет ету, аудандық пән олимпиадасына оқушыларды іріктеу. 

     Қатысқан оқушылар: 2-11-сыныптар: бастауыш саты-29 оқушы, 5-11-сыныптар -44 оқушы. Республикалық пән олимпиадасын өткізу туралы Ережесі басшылыққа алына отырып,  мектепішілік пән олимпиадасы өткізу Ережесі құрастырылды. Мектеп бойынша бұйрық шығарылып, ұйымдастыру комитетінің құрамы, аттестаттау комиссия құрамы, аппеляциялық комиссия құрамы бекітілді. Олимпиада материалдары әдістемелік бірлестікте қаралып, бекітілді. Олимпиада 2 турда өткізілді. І тур жазбаша (шығарма, мазмұндама, тест жұмысы), ІІ тур ауызша (есептер шығару, практикалық тапсырмалар).

 

 

І турда Балалардың мемлекеттік стандарт бағдарламасын орындау деңгейін анықтай отырып оқушылардың білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар болды.

ІІ турда Балалардың логикалық ойлау әрекетінің деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар болды.

Мектепішілік пән олимпиада қорытындысы бойынша аудандық пән олимпиадасы оқушылар іріктелді.

 

 

Президент оқулары

22.11.2014

«Ел сенімін арқалаған Елбасы»

«1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш президенті күні» деп арнайы заңмен бекітіліп, мереке күні деп Қазақстан халқын бір қуантты. Бұл күннің мереке болып тарихта белгіленуі әркімді ойландырмай қоймайтыны анық. Шын мәнінде, Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Мұндай мемлекеттік мерекенің болғанына Қа­зақстан жұртшылығы риза бола отырып, мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруда.

Жалтыр жалпы орта мектебінде  Тұңғыш президент күніне орай бірқатар шаралар өткізілді. Атап айтсақ, мектеп кітапханасында ҚР Президентіне арналған «Елбасы – біздің тірегіміз» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Барлық сынып­тар­да «Елбасымен біргеміз» та­қырыбында сынып сағаттары болып өтті. «Елін әлемге танытқан Ел­басы» тақырыбында 8-10 – сыныптар арасында шығармалар сайысы өткізілді. Үздік шығарма иесі – Мақтау қағазымен марапатталды. Мектеп іші мерекеге арналған көрнекіліктермен безендірілді. Мек­те­бімізде үздік деп танылған 2 – 5 – сынып оқушылары «Жас ұлан және Жас қыран» ұй­ымдарының қатарына қабылданды. Тарих пә­нінің мұғалімі Г.Қ.Калиева «Елбасы және тәуелсіз Қазақстан» атты 9 – сыныппен сыныптан тыс сабақ өткізіп, аталмыш сабақ «өте жақсы» деп бағаланды. Бастауыш сынып мұғалімі Г.С.Заирова  4 – сыныппен «Елбасы-елімнің тірегі» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының бала­ға берер тәлімі мол болды. Жаңа педа­го­гикалық технологияның әдіс-тә­сілдері қолданылды. Ата-аналар мен ұстаздардың қатысуымен өт­кен ашық тәрбие сағаты жоға­ры деңгейде өтті. Сондай-ақ 5-10 – сынып оқушыларынан «Елба­сы­ның ғұ­мырнамалық дерегі» тақы­рыбында сауалнама алынды. «Жайнай бер, туған өлкем, Қазақстан!» атты суреттер сайысы өткізіліп, әр­бір сынып өздерінің жасаған жұ­­мыстарын қорғады. Дене шынықтыру пән мұғалімдері «Елбасы мен Тәуелсіз елдің спорты» атты спорттық шаралар ұйымдастырды.

 «Ел сенімін арқалаған Елбасы» атты 8 – 11 – сыныптар арасында дәстүрге айналған Президент оқулары өткізілді.

Президент оқуларының  мақсаты – оқушыларға Президенттің елі үшін жасаған игі істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Перзидентіміздің ба­лалық шағы, отбасы, қызмет жолы, лауазымдары мен мансап­тары, жаз­ған еңбектері, дәйек сөз­дері, Н.Ә.Назарбаев атына ашылған оқу орындары жөнінде мә­ліметтер айтылып, оқушылар Ел­басымыз туралы білімдерін ке­ңейтті. Елбасымыздың сөйлеген сөзінен үзінділер тыңдалып, әрбір сөзінің мазмұны талқыланып, пікірталас ұйымдастырылды.

Президент оқулары  үш бөлім бойынша өткізілді:

1 – бөлім «Тұңғыш Президент тағылымы» – Президент мақалаларынан, дәйексөздерінен, кітаптарынан үзіндіні  жатқа оқу конкурсы;

2 – бөлім «Тұңғыш Президентке арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу» сайысы

3 – бөлім «Қазақстан мемлекетінің қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі» тақырыптық көрмелер, слайд, фильмдер.  

Президент оқуларынның жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша мадақтама қағаздарымен, сыйлықтармен  марапатталды. Әрбір номинация бойынша үш бірінші орын, екі екінші орын,  үш үшінші орын белгіленеді. Сондай- ақ, «Тұңғыш Президентке арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу» номинациясынан жүлделі 1 орынды алған 6 – сынып оқушысы Елемесова Зилиха мен 9 – сынып оқушысы Смағұл Айгерім «Тұңғыш Президент» күніне орай өткізілетін аудандық конкурсқа жолдама алды.

 Мерекелік іс-шараның соңы «Ел еңсесін еселеген Елбасы» атты концерттік бағдарламаға ұласты.

Ғылыми жоба жарысы

22.11.2014

Аудандық білім беру бөлімінің қараша айының жоспары бойынша жыл сайын өткізілетін ғылыми жобалар жарысы ұйымдастырылды. Мектептен ғылыми жоба жарысына 4 жұмыс қатысты. Олар “Тіл білімі” саласы бойынша Куантқанова Амина 8-сынып оқушысы, Батаева Алтын 10-сынып оқушысы, “Өлкетану” саласы бойынша Кусманова Самал 9-сынып оқушысы, “Қоршаған ортаны қорғау” саласы бойынша Кайса Акшағала 10-сынып оқушы. Жарыс қорытындысы бойынша Кайса Акшағала “Ағзадағы су теңгерімі. Ішетін судың сапасы” тақырыбы бойынша ІІІ орынды иеленді, жетекшісі биология және химия пәнінің мұғалімі А.Забиева.   

Кітапхана сабағы

18.11.2014
Featured Image

2014 жылдың 18 қараша күні мектеп кітапханашысы Айдарханова Гулмайраш Коныровна 5 сынып оқушыларымен “Білім көзі кітапта” атты кітапхана сабағы өткізді. Сабаққа Май ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Сулейменова М.Ж., Малайсары, Көктөбе, Е.Мукашев орта мектебінің кітапханашылары қатысты. Сабақ барысында оқушыларға кітаптың шығу тарихы жайлы баяндалды.

 

Оқушыларды екі топқа бөле отырып, түрлі тапсырмалар  берілді. Оқушылар кітап, оқу-білім жайында мақал-мәтелдер жарысы, жасырын нақыл сөзді табу, сөздіктерден сөздің мағынасын табу т.б қызықты тапсырмалар берілді. Кітапхана сабағы жоғары деңгейінде өткізілді.

 

Құрылтай

08.11.2014
Featured Image

Аудандық оқушылар үйінде 5 қараша күні “Болашақ бүгіннен басталады-Будущее начинается сегодня!” атты балалар-жасөспірімдер ұйымының аудандық құрылтайы өтті. Құрылтайға біздің мектептен 9-сыныптың 6 оқушысы қатысты. Жетекшісі аға тәлімгер Смагулова Кумысай Нурсихановна.  Құрылтайда топ басшысы Кусманова Самал “Бірге біз-күшпіз!” тақырыбында баяндама оқыды. Қорытындысында аудан бойынша Жалтыр, Малайсары, Ақжар мектебінің оқушылары облыстық құрылтайға делегация ретінде қатысты.

VІІ Облыстық құрылтайының жұмысына белсенді қатысқаны үшін 9-сынып оқушысы Смағұл Айгерім Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Мерейлі жас

06.11.2014
Featured Image

         Мектебімізде аянбай қызмет атқарып келе жатқан мектеп кітапханашысымыз Айдарханова Гүлмайраш Конырова 25 қазан күні 60 жасқа толды. Мектеп ұжымы мен оқушылар Гүлмайраш Коныровнаға арнап кеш ұйымдастырды. Оқушылар әсем әндерін, билерін орындап, ұстаздар жүрек жарды тілектерін арнады.

         Алпыс- тал түс. Алда әлі асулар мен белес- беделдер бар. Сізге жарқын да мағыналы өмір, көтеріңкі де кіршіксіз көңіл, деніңіздің саулығын, отбасыңыздың амандығын, көпшіліктің ыстық ықыласына бөлене беріңіз. 

Тіл-алтын қазына.

06.11.2014
Featured Image

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» атты

сайысы

         2014 жылдың 29 қазан күні Жалтыр жалпы орта білім беретін мектепте 5 9 – сыныптар арасында пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» атты сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Оқушылар әр пәннен өз білімдерін көрсетіп, берілген тапсырмаларды тиянақты орындап, өз ойларын толық жеткізе алды. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз сыныптар марапатталып, мақтау қағаздары берілді.

Білікті маман

27.10.2014
Featured Image

Исина Дамелы Бакибаевна-география және тарих пәнінің мұғалімі,  жоғары білімді, өзінің жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыратын, үнемі ізденіс жолында жүретін ұстаз.

2014 жылы қыркүйек айында www.gylym-bilim.kz сайтында ұйымдастырылған «Ұлағатты ұстаз» атты қашықтық І Республткалық оқытушылар конкурсында «Презентациялар және олардың білім беру процесіндегі рөлі» бағытында қатысып І орынды иеленді. Оқушылары «Жас дарын» атты қашықтықтан І Республикалық ғылыми жарыстар конкурсында география пәні бойынша «Семей ядролық полигонының зардабы» тақырыбындағы зерттеу жұмысы бойынша «Талаптың мініп тұлпарын…» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Кусманова Самал ІІ орынды иеленді.

Ұстаз мәртебесі

27.10.2014
Featured Image

«Ғылым» баспасынан шыққан «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» атты республика көлеміндегі білім беру жүйесінің үздік қызметкерлер енгізілді. Осы кітапта Жалтыр орта мектебінің 6 ұстазы шықты. Мектеп директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна, оқу ісі жөніндегі орынбасары Базылбаева Эльмира Егинбаевна, тәрбие ісінің меңгерушісі Алина Макпал Кокешовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Андасова Алтынай Кызырхановна, география пәнінің мұғалімі Исина Дамелы Бакибаевна, биология пәнінің мұғалімі Хиватдолда Айбат. Кітапта ұлағатты ұстаздардың жеткен жетістіктері жайында кең көлемде мағлұмат алуға болады. 

Алтын күз

27.10.2014
Featured Image

Мектептегі мереке.

Мектепте 1-9-сыныптар арасында “Алтын күз” мерекесі өтті. Сынып оқушылары күз мезгілінің берекесін, байлығын көрсетті. Түрлі жеміс-жидектерден дәмді салаттар, табиғи бұйымдардан жасалған көрме ұйымдастырылды. Шара 5 кезеңнен тұрды. Оқушылар әр сайысқа жоғары деңгейде дайындалды. І орынды 4-сынып және 9-сынып оқушылар, ІІ орынды 2-сынып, 8-сынып оқушылары, ІІІ орынды 1-сынып, 6-сынып оқушылары иеленді. 

Президенттік тест

10.10.2014
Featured Image

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінде дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларымен әр түрлі спорт түрлері бойынша президенттік тест өткізілді. Президенттік тестке педагогтар мен мектеп әкімшілігі ат салысты.

Семинар

09.10.2014
Featured Image

Білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Ертіс-Дарыны» аймақтық ғылыми тәжірибелік орталығының семинары ұйымдастырылды. Семинарға жоғары оқу орындарының профессорлары, доцент, аға оқытушылар оқушыларды олимпиадалар мен сайыстарға дайындау мәселелері бойынша дәріс берді. Орталықтың директоры Ғ.Тұрсынов мектеп директорының орынбасарларына орталықтың атқарылатын жұмыстары, жаңадан ашылып отырған байқау, конкурстарының мазмұнымен, Май ауданының қатысу көрсеткіштері, нәтижелерін презентация арқылы көрсетті. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Курс

09.10.2014
Featured Image

2014 жылғы қыркүйектің 15-25-і аралығында Астана қаласына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекет басқару Академиясының оқу орталығына қайта даярлау курсынан мектептің АӘД-ның оқытушысы Тилеухан Баянбек жіберілді. Курста АӘД пәнінің оқытылуы, оқушылармен жүргізілетін жұмыстарымен таныс болды. Курс барысында психология, педагогика сабақтары өткізіліп, оқу-дала жиныны өткізілді.