Армысың, Жаңа жыл!

30.12.2014
Featured Image

Ортаңғы буында 5-7-сыныптар арасында “Армысың, Жаңа жыл” кеші өткізілді. Әр сынып оқушылары белгілі бір ертегінің кейіпкерлері болып киініп, сахналық көріністерін қойып, ән-билерін орындады. Кеш оқушылардың көңілінен шықты. Аяз Ата мен Ақшақарды ортаға алып, шыршаны айналып, өнерлерін көрсетті.

Жаңа жыл қарсаңында

30.12.2014

2014 жылдың 26 желтоқсан күні Жаңа жылдық шырша мерекесі қарсаңында ауданымыздың дарынды, белсенді оқушылары аудан әкімімен кездесті. Аудан әкімі Бегзия Зейноллақызы Ысқақова оқушыларды келе жатқан  Жаңа жылмен құттықтап, өз сый-сыяпатын жасады.  Біздің мектептен биылғы жылғы ІІ облыстық “Мағжан оқуларының” жүлдегері және республика көлемінде өтетін жолдама алған Сахимзадинова Айсана Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін оқып, тыңдаушылардың бойында патриоттық рухын көтеріп, қазақ тілінің мәртебесін асқақтатты.

Жаңа жылдық сыйлық

28.12.2014
Featured Image

                                                                                                     Мектеп оқушыларына Жаңа жыл қарсаңында  аудандық “Жанашыр” қорынан 15 оқушыға сыйлық жасалынды. Көп балалы, мүгедек т.б отбасыларының балаларына тәтті тағамдар берілді, ата-аналар да өз ризашылықтарын білдіруде.

Төрлет, Жаңа жыл!

28.12.2014
Featured Image

Мектепте бастауыш сыныптар арасында  “Төрлет, Жаңа жыл!” ертеңгілігі өткізілді. Ертеңгілікке бастауыш сынып оқушылары түрлі жаңа жылдық костьюмдер киіп, өздерінің дайындаған өлең, ән, билерін орындады. Ата-аналар да белсенділік көрсетті, түрлі ойындар өткізілді. 

        

Жаңа жыл меркесіне дайындық

25.12.2014
Featured Image

Мектеп бойынша Жаңа жыл мерекесіне орай сыныптар арасында “Мектепті жаңа жылға безендірейік!” тақырыбында акция ұйымдастырылды. Оқушылар осы мерекеге арнап өз қолдарынан түрлі бұйымдар, суреттер, қағаз қиқымдарынан суреттер салып өздерінің шығармашылық деңгейлерін көрсетті. “Талаптыға нұр жауар…” дегендей оқушылардың қолдарынан шыққан туындылар көз аларлықтай болды. Сонымен қатар, Аяз Ата поштасы ашылды. Оқушылар өздерінің арман-тілектерін, өз шығармаларын, арнауларын жазып салуда. Келе жатқан жаңа жылымыз құтты болсын!

Экология сабағы

25.12.2014
Featured Image

Тарих және география онкүндігі аясында Исина Дамелы Бакибаевна 6-сынып оқушылармен “Экология” тақырыбында ертегі сабағын өткізді. Сағаттың мақсаты: 

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын

18.12.2014
Featured Image

Мектепте Тәуелсіздік күніне орай сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сыныпта Есимова Динара Бериковна “Тәуелсіздік-тұғырым” тақырыбында 2-сынып оқушылармен өткізді. Сынып сағаты ата-аналардың қатысумен өткізілді. Оқушылар дайындаған өлеңдері мен әндерін айтты.  Еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер. Сәби күлкісімен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын. 


 Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытан деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы

Тәуелсіздік-ата-бабам аңсаған

18.12.2014

Тәуелсіздік күні

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы

18.12.2014
Featured Image

Еңбегі жанған ұстаз.

Технология пәнінің мұғалімі Ибраева Торгай Каниевна облыс көлемінде өткізілген Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70 жыл мерекелеріне арналған “Өнерлі ұстаз” облыстық байқауы аясында “Менің Қазақстаным” атты сайысында “Қазақстан-бейбіт пен ынтымақ мекені” тақырыбында жұмысы ІІІ орынға ие болып, дипломымен марапатталды. 

Облыстық Мағжан оқулары

05.12.2014
Featured Image

      Қазақ халқының арысы Мағжан рухымен сырласа отырып, шығармашыл жастар ақынның рухани мұрасының қазіргі заман жастары үшін маңыздылығы ерекше. Жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, оқушылардың азаматтық ұстанымдарының, ұлттық ой санасының қалыптасуына ықпал ету, ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында  2014 жылдың 05 желтоқсанында Павлодар қаласында өткен облыстық Мағжан оқуларына Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Сахимзадинова Айсана қатысып, облыс көлеміне ауданымыздың беделін асқақтатып, оқушымыз қанжығасына 1 орынды байлады. Айсана Республика көлемінде өтетін Мағжан оқуларына жолдама алды.   Жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттырып, дарынды оқушыға қолдау жасап, облыстық байқауға дайындаған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Базылбаева Э.Е. еңбегі шексіз. Мектебімізде сіздердей тәжірибелі ұстаз бен дарынды оқушы барына мақтанамыз, ризамыз. Сіздерге Алланың нұры жаусын.  Алдағы уақытта  ұстазы мен шәкіртіне зор денсаулық, шығармашылық шабыт тілейміз. Жарайсың Айсана! Құттықтаймыз! 

Президент сыйлығы

05.12.2014
Featured Image

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 1 желтоқсан «ҚР Тұңғыш Президент» күніне орай “Мүгедек балаларды тәрбиелеген отбасына “Президент сыйлығы” әлеуметтік акциясын өткізу” атты шараға қатысып, үйде оқытылатын 2-сынып оқушысы Дарширнен Ерсолтанға, оның отбасына сыйлық жасалынды. 

Тәрбие сағаты

05.12.2014

Президент күніне орай тәрбие сағаты өткізілді.

Жол сақшылары

05.12.2014

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінде желтоқсан айының жоспары бойынша жол ережесін сақтауда мектепішілік жол инспектрларының ұйымдастыруымен «Жол болсын әркімнің,орында жол тәртібін!» тақырыбында сайыс өтті.

 Сайыстың өтілу реті мен шарттарында әр сыныптан команда құрылды. Команда құрамында 6 оқушы болды.Оның ішінде: топ басшысы, жол реттеушісі, жас тілші,санитар, жолаушылар болып қамтылды. Топ басшысылары мен жол реттеушілерде  өздеріне қатысты сұрақтарға толығымен жауап берді.

Жас тілшілерге ұсынылған шығарма тақырыптары: жаяужолда жүру тәртібін біл !Ойынның да орны бар.Бағдаршамның көмегі қандай? Жол ережесін сақтай білейік! таңдаулары  тақырыпта шығарма жазуға уақыт берілді. Тексеру барысында шығарманы мазмұнды жазған 7-сынып оқушысы Адай Айеркеге жоғары ұпай берілді.  Санитарлардың барлығында аптечкалары бар,бірақ жоқ  дәрі-дәрмектері ескертіліп айтылды. Жалпылама дәрілердің қайсысын қалай қолдану керектігі жөнінде және жарақат алған жағдайда  алғашқы көмек көрсету жайлы толық айтылды. Қорытындысында 5-сынып оқушылары «Жас сақшылар» командасы,топ басшысы:Хұттымбек Ернур ІІІ орын иегерленді.6- сынып оқушылары «Жол инспекторлары» командасы,топ басшысы:Смағұл Аяулым ІІ орын иегерленді.7- сынып оқушылары « Жол бақылаушылары»командасы,топ басшысы:Сейлғазы Алия ІІ орын иегерленді. 8- сынып оқушылары «Жол сақшылары» командасы, топ басшысы: Куантканова Амина І орын иегерленді. 

 

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

30.11.2014
Featured Image

       Қоғам үшін ең бастысы-тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым-қайғысыз өмір. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық-адам бостандығы. Адамның құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Зорлық –зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік деңгейі мен жасына қарамастан барлық адам өмірі жоғары құндылық болып саналатындығы жөнінде түсінік қалыптастыру  мақсатында  2014 жылдың 19-28 қараша аралығында мектебімізде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Акция барысында кітапханашы Г.К.Айдарханова «Зорлық-зомбылықсыз өмір» атты көрме,  аға тәлімгер Смагулова К.Н. мен бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Ибраева Т.К. 5-11 сыныптар арасында  «Жазалаусыз тәрбие», «Адам болып қалайық!» тақырыбында плакаттар сайысын, мектеп психологы Мұхтар Э. «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» атты семинар-тренинг, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абеуова Г.К. 5-11 сыныптар арасында  «Зорлық-зомбылықсыз өмірді қалай құруға болады?» тақырыбында эссе сайысын, тарих, география пәндерінің мұғалімдері Исина Д.Б. мен Калиева Г.К. 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен  «Балалар саудасы –қоғам мәселесі» атты дөңгелек үстел,  дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Бакауов Р.А. мен Ахметов Р.К. 1-4 сыныптар арасында  «Ең жылдам сынып» атты көңілді старт, мектеп психологы Мұхтар Э. 8-11 сыныптармен «Ерте отбасын құру: жағымды, жағымсыз жақтары» пікір талас ұйымдастырды.

Акция барысында мектеп мұғалімдері мен ата-аналар бірлескен «Жасөспірім» атты кешкі рейдтер жүргізілді. Акция қорытындысы шығарылып, оқушыларға зорлық-зомбылыққа тап болған кездегі іс-әрекеттер туралы кеңестер берілді. Оқушыларға балалар құқығын қорғау-қоғам міндеті туралы түсінік қалыптастырылды. Аталған акцияға оқушылар қызығушылықпен қатысып, оларға мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табысталды.