“Балдырған” сауықтыру лагері. Астана күні

05.07.2016
Featured Image

Мақсаты:Балаларға еліміздің бас қаласы-Астана туралы мәлімет беру,баланың ізгілік қасиетін дамыту.

Тәрбиелігі:Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Оқушылар Астана күніне арналған өлең шумақтарын айтты. Мың бұралған биші қыздарымыз Шұғыла мен  Наргиз  қазақ биін билесе,ұлдарымыз Алтынбек, Санжар,Нурислам,Жәнібек,Меркен,Аманбек «Астана қаласына іссапар» көрінісін көрсетті.Нурислам мен Жәнібек «Қазақ елі» әнін орындады.Сонымен  қатар оқушылар «Қара жорға» биін биледі.

Хормен «Елімнің жүрегі – Астана» әнімен аяқтады.

“Балдырған” сауықтыру лагері. Мейірімділік күні

05.07.2016
Featured Image

SAM_6889 SAM_6890 SAM_6895 SAM_6928 SAM_6930 SAM_6935Сауықтыру лагерінде мектеп психологі Бейсембаева К.К оқушылармен «Біз мейірімді баламыз» тренингі өткізілді. Қатысқаны: 8 оқушы.  Мақсаты: Мейірімділік сезіміне баулу; біріне бірі жақсылық жасауға, көмек беруге үйрету; мейірімділік сезімін жақсы тілекпен, жақсы сөзбен жеткізуді үйрету, дағдыландыру.
Балалармен мейірімділік туралы әңгіме жүргізілді, оқушылар мейірімділік туралы аңыз тыңдады, «Кім ең мейірімді?», «Жүрек», «Құпиялы қасиет» ойындарын қызығушылықпен ойнады. Тренинг соңында балаларға  шығармашылық тапсырма жүректің ішіне өзіңе ең жақын адамның суретін салумен аяқталды.

Мұражайға саяхат

01.07.2016
Featured Image

Мен, Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы «Балдырған» сауықтыру лагерінде демалудамын. Бізді лагердің тәрбиешісі Қарагөз апай аудандағы тарихи – өлкетану мұражайына апарды. Сол мұражайға мен бірінші рет бардым. Мұражайдың ішінде бірнеше бұрыштар бар. Онда шеберлердің қолымен жасалған әртүрлі әдемі бұйымдары мен суреттері маған қатты ұнады. Мұражайда біз Май ауданында өмір сүретін құстар мен аңдардың мүсіндерін көрдік. Тыл еңбеккерлерінің жеке заттарымен, қазақ халқының ағаштан жасалған көне ыдыс-аяқтарымен, музыкалық аспаптарымен таныстық. Маған тарихи-өлкетану мұражайы қатты ұнады. Мұражайдың мақтанышы – шеберлердің өнерлері. Мен де болашақта  шебер болуды армандаймын. Мен өзіме мұражайға тағы да баруды жоспарлап қойдым.

IMG-20160701-WA0017 IMG-20160701-WA0026

Астанаға саяхат

22.06.2016
Featured Image

  Май ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен әр мектептің озат оқушылары, облыстық, республикалық сайыстардың жеңімпаздары барлығы 20 оқушы ару қаламыз Астанаға бір күндік экскурсияға барып қайтты. Біздің мектептен 10-сынып оқушысы Смағұл Айгерім барды. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге әйгілі ете отырып, басқа мемлекет сияқты біздің де Астанамыздың бар екенін, керемет екенін таныта білді. Астана тәуелсіз еліміздің-рәмізі. Қазір қарыштап дамып, күннен күнге гүлденіп келе жатқан ару Астанамызды біз де көріп қуандық. Оқушылардың экскурсиясы Астананың көрікті жерлері «Астана-Бәйтерек», «Думан» ойын-сауық кешені, Елбасының мәдени орталық мұражайы, «Қазақ елі» монументі, Пирамида,  Бейбітшілік және келісім сарайы болып өтті. Қаланың мұндай сәулеттік бітімін әзірлеуде Еуразиялық технологиялар, жергілікті фирмалармен бірге түрік, итальялық, француз, швейцар компаниялары қатысқаны көрінеді. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Әлем қаласы»  және «Бейбітшілік қаласы» атағы берілгені баршамызға мәлім.

Астана-ХХІ ғасыр қаласы. Жаңа Астана тағдыры   жас ұрпақ тағдырымен, жастардың үмітімен тығыз байланысты екенін біздің оқушыларымыз көкіректеріне тоқып, келешекте армандарын  еліміздің жүрегі Астанада асқақтатуды мақсат етті.

Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін.

 

Жас толқын-2016

17.06.2016
Featured Image

SAM_7102SAM_7092

2016 жылы 17 маусым күні  мектепте «Жас толқын -2016» атты  түлектер кеші өтті. Кешке аудан әкімінің орынбасары, ауыл әкімі, шақырылған қонақтар, ауыл тұрғындары және түлектер мен олардың туған- туыстары қатысты. Биылғы оқу жылында 4 түлек мектепті бітірді. Батаева Алтын “Үздік аттестатқа ” ие болды. Аттестат табыстау рәсімі аяқталған соң түлектер тілек кітабына өздерінің армандаған тілектерін білдірді.Соңғы рет дәстүрлі вальс биін билеп болған соң, аспанға шарлар шеруі ұшырылды.Түлектер кешіне арнайы шақырылған қонақтар, өздерінің музыкалық сәлемделерін сый еттіп,   би кешімен жалғасын тапты.

Негізгі мектепті бітіру кеші

15.06.2016
Featured Image

SAM_7024  SAM_7055

2015-2016 оқу жылында 9-сыныпты 7 оқушы бітірді. 2 оқушы Куантканова Амина, Сахимзадинова Айсана үздік куәлік иегері атанды. Мектеп бітіруші түлектерге салтаннатты түрде куәліктер табыс етілді. Оқушылар мұғалімдер өз алғыстарын айтып, ән шашуларын тату етті. Мектеп қабырғасында өткізген күндерін бейнефильм арқылы көрсетті.

“Балдырған ” сауықтыру лагері. Ертегілер күні

11.06.2016
Featured Image

IMG_20160617_123000

“Балдырған” жазгы сауыктыру лагері Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп жанынан ашылды. “Балдырған” жазғы сауықтыру лагері 12 күннен 3 ауысымда жұмыс жасайды. Әр ауысымда 8 бала барлығы ауыл бойынша әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасы мен жұмыссыздар отбасындагы балалардың демалысымен сауыктыруын камтамасыз етіледі. Осындай категориядағы отбасылардан шыққан 24 бала қамтылады. Мектепте балалардың демалуына, спорттық ойындар ойнауына 1 спорт залы, акт залы және спорт алаңдары бар. Мұнда лагерде 24 бала демалады. Оларға жоғары санатты 6 тарбиеші мұғалім, 2 спорт жаттықтырушысы,1 психолог, 2 асхана қызметкері, 1 мейірбике қызмет көрсетеді.

“Балдырған” жазғы сауықтыру лагерінің негізгі мақсаттары:

  • балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен
  • үшін қажетті жағдайлар жасау, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;
  • балалардың денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қаматамасыз ету.

Балдырған ” жазғы сауықтыру лагерінің негізгі міндеттері:

  • балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің
  • қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
  • олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;
  • азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;
  • ғылыми, техникалық, көркемдік шығармашылықта, спортта, туризм мен өлкетануда, басқа да таным әрекеттерінде білімін,

 IMG_20160613_103136    IMG_20160614_131948

 

“Балдырған” сауықтыру лагеріндегі қызықты күндер

10.06.2016
Featured Image

«Достық қымбат өмірде» тренингі өткізілді. Қатысқаны:8оқушы. Тренингтің мақсаты: Бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда қандай бала екенін анықтауына көмек беру. Оқушыларды өз көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, татулыққа, бауырмалдыққа баулу. Тренинг барысында оқушылармен «Шаттық шеңбері» жаттығуы, достық туралы әңгімелесу жүргізілді, оқушылар достық туралы аңыз тыңдады, «Достық.Бірлік» үйін салды, өміршендік ережелерін айтты. Тренингтің соңында оқушылар алған әсерлерін, көңіл-күйі туралы өз пікірлерін ортаға салды. Балалар тренингке қызығушылықпен қатысты, көңіл-күйлері жақсы болды.

SAM_6842 SAM_6839 SAM_6837 20160606_120339

 

 

 

“Балдырған” сауықтыру лагері. Рекорд күні

05.06.2016
Featured Image

Мақсаты:Балалардың  ойлана білу, шығармашылық қабілеттерін дамыту,
Балалардың ой – өрісін кеңейту, есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелігі:Әр баланың өз ойын еркін жеткізе білуге, ізденуге тәрбиелеу.

Балаларды қабылдап алғаннан кейін,таңертеңгілік жаттығулар жасалды.Балаларға тәрбиеші Женсхан Ж. «Тапқыр болсаң тауып көр» тақырыбында сайыс өткізді.Сайыс соңында жеңімпаз балалар әр түрлі рекордтарға ие болды.атап айтсақ: Ең шапшаң,ең ақылды, ең алғыр, т.б.

Балаларға ағылшын тілінің мұғалімі «Үш тілді қатар үйренейік» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді, мектеп медбикесі Исемберлинова З.М.  жеке бас тазалығына байланысты «Тіс ауруларының алдын алу» тақырыбында әңгіме жүргізді.

Дене шынықтыру мұғалімі қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Теңге алу» ойынын ойнатты.Түскі астан кейін,балалар рекордтар күніне арнап, «Менің сүйікті жануарым» тақырыбында аппликация жасады.Балалар өздеріңе ұнаған жануарлар суретін ақ қағазға бейнелеп, түрлі-түсті қағаздарды қайшымен қиып суреттің үстіне желімдеді.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

04.06.2016
Featured Image
 
  Бүгін, 4 маусым – тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздері күні. Мемлекеттік рәміздер егемендік алғаннан кейін 1992 жылы 4 маусым күні қабылданған болатын.
  Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран – тәуелсіздігіміздің тұмары. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді.
Мектеп жанындағы “Балдырған” сауықтыру лагерінің балаларымен “Мен рәміздерді құрметтеймін” тақырыбында викториналық сұрақтарға жауап берді.

1 маусым Балаларды қорғау күні

01.06.2016
Featured Image

SAM_6790SAM_6715SAM_6729SAM_6761

Әлемнің барлық елінде халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі кең көлемде атап өтіледі.  Тарихқа көз салсақ, 1 маусым – балаларды қорғау күні мерекесі 1950 жылдан бастап тойланып келеді. Бұл мейрамды өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған. Ал БҰҰ аталған бастаманы қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырған. Мерекенің негізгі мақсаты – балалардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Сонымен қатар, оларға барлық жағдай жасай отырып, адамгершілікке, әділдікке тәрбиелеу болып табылады.          Жалтыр орта мектебі де бұл мерекені «Салем балалық шақ – салем жаз» деген ұранмен кең көлемде атап өтті. Мектеп  алаңы да балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлады. Мектеп мұғалімдері бұл күні «Қызыл телпек» ертегісінен үзінді алып,  театрланған қойылым қойды. Концерттік шарадан кейін мектептің акт залында видеопроектормен балаларға арналған мультфильмдер көрсетілді. Балалар ән шырқап, би биледі. «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында сурет байқауына қатысушылар асфальтта сурет салу өнерлерін көрсетсе, ең епті де мықты балалар спорт алаңшасында сайысқа түсті. Бұл күні демеушілеріміз Айдаргазина А.,Айдарханова С., Мусапова А., балаларға тәтті тағамдар мен сыйлықтар таратты. Іс-шараға ат салысып, белсенділік танытқан балалар дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталып,  әр бала сияпатқа ие болды.

“Балдырған” сауықтыру лагерінің ашылуы

01.06.2016
Featured Image

SAM_6966 SAM_6912Жалтыр орта мектебі де бұл мерекені «Салем балалық шақ – салем жаз» деген ұранмен кең көлемде атап өтті. Мектеп  алаңы да балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлады. Мектеп мұғалімдері бұл күні «Қызыл телпек» ертегісінен үзінді алып,  театрланған қойылым қойды. Концерттік шарадан кейін мектептің акт залында видеопроектормен балаларға арналған мультфильмдер көрсетілді. Балалар ән шырқап, би биледі. «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында сурет байқауына қатысушылар асфальтта сурет салу өнерлерін көрсетсе, ең епті де мықты балалар спорт алаңшасында сайысқа түсті. Бұл күні демеушілеріміз Айдаргазина А.,Айдарханова С., Мусапова А., балаларға тәтті тағамдар мен сыйлықтар таратты. Іс-шараға ат салысып, белсенділік танытқан балалар дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталып,  әр бала сияпатқа ие болды.

Соңғы қоңырау

25.05.2016
Featured Image

SAM_6573 SAM_6581 SAM_6621 SAM_6631

 Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн…Бүгін мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез-келген пендені бей-жай қалдырмайтын ұлы мерке.. Бүгін алтын ұя мектебін бітіріп, бала шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған, жүректері лүпіл қағып ,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн… Өзіңің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын аяулы ұстаздардың бір жылдық еңбектерінің жемісіне куә болатын күн…Бүгін соңғы қоңырау!

25 мамырда мектебімізде “Сыңғырла, соңғы қоңырау” атты салтанатты шара өткізілді. Бұл шараға оқушылар, мектеп бітіруші түлектермен бірге ата-аналар, ұстаздар және қонақтар келді. Қонақта болған аудан әкімінің орынбасары Құсайынова Мадина Кабзаитқызы, Кеңтүбек ауылының әкімі Оразалин Ақтан Қабиұлы және ауылымыздың депутаты Ботабаев Қабыкен Болатұлы оқушыларды құттықтап, түлектерге сәттілік тіледі. Мектебіміздің директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна  үздік оқушыларға куәліктерін табыстап, жылы лебізін білдірді. Мектеп түлектері ұстаздарына алғыс айтып, келесі 11 сынып оқушыларына мектеп аманатын тапсырды. Соңында мектеп бітіруші түлек Батаева Алтын мен 1-сынып оқушысы Смагулов Ералы соңғы қоңырау үнін сыңғырлатты.

“Жаңа форматтағы мұғалім” жас мамандар форумы

20.05.2016
Featured Image

Акшиман негізгі орта мектебінде аудандық “Жаңа форматтағы мұғалім” жас мамандар форумына информатика пәнінің мұғалімі Мурат Серикгуль, АӘД оқытушысы Тилеухан Баянбек, бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Куралай Калымжановна, математика пәнінің мұғалімі Женсхан Жанар қатысып, ІІІ орынды иеленді.

SAM_6337 SAM_6364 SAM_6369