Өз ұстазыңды құттықта

10.10.2016
Featured Image

Ұстазым Заирова Гулжан апайға!

Ұстазым мен өзіңнен үлгі аламын,

Сіз берген сол біліммен нұрланамын.

Сізге мен қолдан келсе айды сыйлап,

Сіз үшін шумақ-шумақ жыр жазамын.

                                                                                          (Мұхаметқали Шұғыла)

 

 

Арайлы алтын күз мерекесі

07.10.2016
Featured Image

5-11-сыныптар аралығында “Арайлы алтын күз” мерекесіне орай сайыс өткізілді. Сайыс 7 кезеңмен өткізілді. Сайысымыздың шарттары бойынша оқушылар өз патшалығын таныстырып,  өз өнерлерін көрсетті. Дастархан мәзірін, экибананы және қабырға газеттерін қорғады. Сайысымыздың ең соңғы шарты “сән үлгісі ” бойынша оқушыларымыз табиғат бұйымдарынан жасалынған сән үлгілерін көрсетті. Бұл Алтын күз мерекесіне ұйымдастырылған шараға ата-аналарда өте белесен қатысты. Сайыс соңында бас жүлеге 5-сынып оқушылары иеленді. І орынға 8-сынып оқушылары иеленсе, 6-сынып оқушылары ІІ орын иеленді. Ал, 7-сынып оқушылары мен 9-сынып оқушылары ІІІ орын иеленді.

sam_8319 sam_8313 sam_8289

“Берекелі алтын күз” мерекесі

07.10.2016
Featured Image

1-4 сыныптар аралығында  “Берекелі алтын күз” мерекесіне орай  сайыс өткізілді.   Сайыстың шарттары бойынша 7 кезеңге бөлінді.  Әр сыныптың оқушылары белсенді дайындықпен мәнерлеп оқу, дастархан мәзірін дайындау, гүлшоғын қорғау және өз өнерлерін көрсетті. Сайыс нәтижесінде әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша  3-сынып бас жүлдеге, 1-сынып І орынға, 2-сынып ІІ орынға, 4-сынып ІІІ орынға иеленді.

 

sam_8165 sam_8156 sam_8155 sam_8140 sam_8130sam_8131

“Бір ел-бір кітап” акциясы “Жырын тыңда Дулаттың”

27.09.2016
Featured Image

2016 жылдың 23 қыркүйек күні Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Бір ел – бір кітап акция» аясында жыл авторы  Бабатайұлы Дулаттың «Өсиетнама» кітабына ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары Дулат Бабатайұлының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.Абай дәуіріне дейінгі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, түр және көркемдік тәсілдері жағынан байытып, жаңа биікке көтерген Дулат Бабатайұлының шығармалары «Өсиетнама» кітабында жарық көрді. ХІХ ғасырдан бері оқырмандарға беймағлұм қыруар толғаулары осы жинаққа енгізілген. «Өсиетнама» жинағы жас ұрпақтарға мәңгілік мұра болып қалады.

Шара барысында көрмеге қойылған кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.10-сынып оқушысы Сахимзадинова Айсана Дулат Бабатайұлының өмірбаянын баяндап, жатқа өлеңін оқып  берсе, 10-сынып оқушысы Шукутаева Айсана,8-сынып оқушылары  Рыскалиева Назерке,Тұрарбек Гауһар,Сыздыкова Сания,7-сынып оқушылары  Қабиден Санжар,Құттымбет Ернур дастандардың үзінділерін жатқа оқыды.Оқушылар оқыған өлеңдерін талқылап, өз ой-пікірлерін жеткізе білді. Қоғамдық бірлестігінің жетекшісі А.С.Жексенова қорытындылай келе оқушылардың қабілетіне ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта осы шараға  қатысқан оқушылар марапатталады.

Денсаулық күні

24.09.2016
Featured Image

 

24- қыркүйек Денсаулық күніне  байланысты мектебіміздің  алаңында дәстүрлі  спорттық іс-шаралар өткізілді.

Бүгінгі «Денсаулық күні» фестивалі бірінші кезекте саламатты өмір салтын насихаттауға және жастарды спортқа тартуға арналды. Өйткені, дәл осындай ауқымды шаралар жастарды тәртіпті болуға, Отан алдындағы жауапкершіліктерін сезінуге итермелейді. Спортпен айналысатын және елеулі жетістікке қол жеткізген адам, өмірде де жақсы азамат болуға тырысады. Өз кезегінде Жалтыр орта мектебінің директоры А.К.Жаныгулова осындай ауқымды шаралар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратындығын жеткізді. Бүгінгі  фестиваль аясында жастар Халықтық-ұлттық спорт түрлері 20-дан астам ойын түрлері бойынша дене шынықтыру мұғалімдері Бакауов Руслан Амангелдіұлы мен Ахметов Ринат Қуантқанұлының ұйымдастырылуымен өткізілген спорттық шаралар аясында    – қол күресі, теннис, шағын футбол, баскетбол, секірме, кедергілерден секіріп өту, волейбол, қаппен секіру, асық ату ойындары  өткізілді. Ал ойындарға қатысу бойынша ешқандай шектеу қойылмады. Шара барысында мектеп оқушылары ойындар бойынша топқа бөлініп те жарысты. Биылғы фестиваль да өзі­не сай на­қышпен өткізілді. Жас­­­тар флеш-мобы да көп­ші­лік­­тің на­за­рын аударды. Ак­ция ба­ры­­сында  ар­­қан тарту, қол күре­сі, гір тасын көтеру секілді спорт­тық ойындардан сайыстар өт­кі­­зіліп, оқушылар арасында су­­рет байқауы жүргізілді. Сонымен бірге, спорттық сайыстардың жеңімпаздары анық­­та­лып, олар­ға фестивальдің ар­найы дип­ломы және сыйлықтар та­бысталды.Сала­мат­ты өмір салтын дамыту – біз­дің мем­лекетіміздің басты саяса­тының бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

sam_7896 sam_7905 sam_7927 sam_7867

«Жас батыр» әскери-қолданбалы жарысы

22.09.2016
Featured Image

2016 жылғы 21 қыркүйек күні  аудандық «Жас батыр» әскери-қолданбалы жарысы  өткізілді. Мектебімізден Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы Тилеухан Баянбек пен 10-11 сынып оқушылары белсене қатысты.

“Ойлы болсаң, озып көр!” білімпаздар сайысы

22.09.2016
Featured Image

22-қыркүйек “Тіл” мерекесіне орай 5-6 сыныптар аралығында “Ойлы болсаң, озып көр!” атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.  Мерекелік іс-шараны қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жазкенова Альфия Болатовна ұйымдастырды. Оқушылардың мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.  Сайыс 4 кезеңге бөлініп, әр кезеңде қызықты тапсырмалар, ойындар, сұрақтар қойылып, сергіту сәтімен жалғасты.  5-сынып оқушылары Сағиден Назым, Қайрбек Арлан, Сейтжанов Асқар ,  ал 6-сынып оқушыларынан Амангельдинова Жанель, Қалидоллақызы Сания және Смагулова Ажар қатысты. Сайыс соңында жеңімпаздарға мадақтама қағаз бен сыйлықтар берілді.

«Өз балаңа үлгі бол» республикалық конференциясы өтті

22.09.2016
Featured Image

Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  өз сөзінде өскелең қазақстандықтардың позитивті жасампаз дүниетанымға, жауапкершілік сезіміне, мықты адами қасиетке ие, саналы таңдау жасап, дербес шешім қабылдай алатын, Отанның игілігін ойлайтын жан-жақты тұлға ретінде тәрбиеленген азаматтар болуы қажет деп бірнеше рет атап айтқан болатын.

Мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықтың берік іргетасын қалау мақсатында  Жалтыр жалпы орта білім беретін мектептерінде 10 қыркүйек күні ХХІ ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы   Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференцияға мектеп әкімшілігі, білім беру басқармасы, бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мен  сынып жетекшілері қатысты.

Конференцияны  ҚР Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының  құттықтау сөзімен мектеп директоры   ашты.

Мектеп психологі Абеуова Айгерім Кусмановна бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына баланың мектепке бейімделуіне қажетті психологиялық көмек көрсетіліп, үлестірме материалдар таратылды. Ата-аналар конференция  ұйымдастырушыларына  зор алғыстарын білдірді.

Тілдер айлығының ашылуы

07.09.2016
Featured Image

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – әрбір елдің жаны. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екені бәріне белгілі.

22 қыркүйек -Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған мектебімізде  тілдер айлығының ашылуы өткізілді. Тілдер айлығының жоспары таныстырылып, оқушылар үш тілде өлеңдерін оқыды.

Профессордың шәкіртақысы тағайындалмақ

01.09.2016
Featured Image

Мектеп оқушыларын оқу жылының басталуымен құттықтауға Май ауданынның мақтанышы, жерлесіміз, Жалтыр орта  мектебінің түлегі, педагогика ғылымдарының (далее…)

Білім күні

01.09.2016
Featured Image

2016 жылы 1 қыркүйек күні барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Мектеп директоры А.К.Жаныгулова, аудан әкімінің орынбасары Д.М.Сейтказин, Қазақстан ұлттар Ассамблеясының өкілі, ардагер ұстаздар, ауыл әкімі А.К.Оразалин, аудандық маслихат депутаты Қ.Б.Ботабай және аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Н.Ж.Адамжанова мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерді, педагогтарды және ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Құттықтау сөздерінің ішінде «Мәңгілік Ел» атты Патриоттық акті, негізгі жалпы ұлттық құндылықтар, Тұңғыш Президенттің Қазақстан қоғамының ұлт тарихын және тарихи ойын дамыту, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау туралы айтылды.
Білім беру мекемелерінің оқушыларына «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің аясында «Мен – өз елімнің патриотымын» атты бірыңғай Білім сабағы өткізілді.
Барлық бірінші сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Менің Отаным – Қазақстан!» атты кітабы сыйға тартылды.

Ұстаз болу -жүрегімнің қалауы.

15.08.2016
Featured Image

Торғай Каниевна 1979 жылы Павлодар педагогикалық училищені бітіріп, Жалтыр орта мектебіне еңбек және сызу пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады. Содан, міне,  37 жыл бойы талмай еңбек етіп,  өзінің жұмысын шығармашылықпен ұйымдастырып, үнемі ізденіс жолында жүретін ұстаздарымыз бірі.

Торғай Каниевна өз сөзінде: “Мен мектепте 37 жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен жалыққан емеспін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар мен қиындықтар бастан өтіп жатады. Бірақ, бәрінен де жарқ етіп, есте қалғаны – әрбір оқушының мөлдіреген сүйкімді жүздері. Сол алғашқы кездесу мен үшін үлкен бақыт құшағына жетелегендей  сезіндім.  Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Мұғалімнің жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам, кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып, балаларымның маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным шайдай ашылады”.

Ардагер ұстаз облыс көлемінде ұйымдастырылған Ұлы Отанның 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өнерлі ұстаз» облыстық байқауының «Менің Қазақстаным» атты сайысында  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2014 жылы «Туған жер» облыстық сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесінде «Тоқыма материалдардан жасалған көркем жұмыстар» номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Анай Айерке ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. 2012-2015 жылдары «Мектептегі технология», “Қазақстан ұстазы” республикалық әдістемелік журналда технология пәнінен сыныптан тыс жұмысы жарияланды. 2012 жылы «Аялы алақан» аудандық сурет байқауынан 4-сынып оқушысы Смагулова Аяулым І орынды иеленді.

Ұлттық қөлөнерді насихаттап, ата-бабадан қалған асыл мұраны-қолданбалы өнерді, ою-өрнекті жандандыру мақсатында мектепте “Алтын оймақ” үйірмесі жұмыс жасап келеді.  2011 жылы ОПМБАИ әдіскері Е.Қ.Тақырбасовпен технология пәнінен «Қолданбалы сәндік бұйымдар» тарауы бойынша сабақтан тыс әдістемелік құралы рецензияланды.

Торғай Каниевна білім саласының дамуына қосқан үлесі мен кәсіптік қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін білім басқармасының Алғыс хатымен білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталып,  тағылымды өнеге-үлгісімен әріптестерінің сый-құрметіне бөленуде.

“Бала достары” облыстық педагогикалық жасақ конкурсы

08.08.2016
Featured Image

Павлодар облысы білім беру басқармасы 2016 жылдың 9 тамызында «Жаз-2016» жобасы шеңберінде «Бала достары» мектеп жанындағы, бейінді және қала сыртындағы лагерлер арасында үздік педагогикалық жасақтар облыстық конкурсын Павлодар қаласындағы М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайында ұйымдастырды.  Конкурстың мақсаты балалар мен жасөспірімдерді патриоттық, азаматтық-құқықтық және адамгершілік тәрбие саласындағы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бағытталған педагогтарды әлеуметтік-маңызы бар қызметке тарту арқылы, педагогикалық жасақ қозғалысын тарату және дамыту болып табылады.

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы  «Балдырған» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиешілері де аталмыш конкурсқа Май ауданының атынан қатысып, барлық шеберліктерін көрсете білді. Сайысқа қатысушылар құзіретті қазылар алқасы назарына «Сәлеметсіз бе – бұл біз!» портфолиосын, презентациясын, педагогикалық жасақтың визиткаларын және «Біз – балалардың достарымыз!» атты шығармашылығын актерлік шеберліктері мен биін сахнада ұсынды. Конкурс қорытындысы бойынша қатысушылар білім беру басқармасы басшысының алғыс хаттары мен дипломдарымен марапатталды.

“Балдырған” сауықтыру лагері. Астана күні

05.07.2016
Featured Image

Мақсаты:Балаларға еліміздің бас қаласы-Астана туралы мәлімет беру,баланың ізгілік қасиетін дамыту.

Тәрбиелігі:Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Оқушылар Астана күніне арналған өлең шумақтарын айтты. Мың бұралған биші қыздарымыз Шұғыла мен  Наргиз  қазақ биін билесе,ұлдарымыз Алтынбек, Санжар,Нурислам,Жәнібек,Меркен,Аманбек «Астана қаласына іссапар» көрінісін көрсетті.Нурислам мен Жәнібек «Қазақ елі» әнін орындады.Сонымен  қатар оқушылар «Қара жорға» биін биледі.

Хормен «Елімнің жүрегі – Астана» әнімен аяқтады.