Мектептің жылдық жоспарына сай кезекті ата-аналар жиналысы өтті.

Мектеп кітапханашысы Ш.Н.Алдангорованың ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында «Кітапқа екінші өмір сыйла» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты – ескі кітаптарды қалпына келтіру. Волонтерлар ескі кітаптарды қалпына келтіруге, беттерін желімдеуге, кітаптардың мұқабаларын тазартуға кітапханаға жиналды.
Бұл науқан барысында оқулықтар жөнделіп, 50-ден астам кітап желімделді.
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров Университетімен бірлесе отырып 2022 жылғы 18 қарашада 9-11 сынып оқушылар арасында 64 қатысушыларымен облыстық көптілділік олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – мектептегі көптілді үздіксіз білім беру жағдайында зияткерлік көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері: – оқушылардың мемлекеттік, орыс және шет тілдерді оқуға ынтасын арттыру;
– оқушылардың үш тілде коммуникативтік дағдылары мен шығармашылық әлеуетін дамыту;
– әлем бейнесін үш тілде түсінуде оқушылардың танымдық белсенділігін жандандыру.
Олимпиада екі тур бойынша өткізілді.
1 тур (жазбаша) – оқушылар ұсынылған тақырыпқа үш тілде эссе жазды.
2 тур (ауызша) – оқушылар берілген тақырыпқа көпшілік алдында сөз сөйледі.
Екінші турға әр пән бойынша 75-100 ұпай жинаған оқушылар өтті.
Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Бейбитова Аяулым, олимпиада қорытындысы бойынша 20 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегерлердің қатарынан табылып, Құрмет грамотасына иеленді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүргізілген «Әкеммен бірге оқимын» челленджі бастауыш сынып оқушылар арасында жүргізілді.
“Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Зорлық-зомбылық және оны алдын алуға кеңес беру.Құқық мәдениеті, бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелерімен таныстыру. Өз құқықтарын қорғай білуге үйрету.
Тақырыпқа байланысты оқушылар сурет салып, өз ойларымен бөлісті.
“Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” онкүндік аясында 2-6 сынып оқушылар арасында “Әрқашан күн сөнбесін” сурет көрмесі өткізілді. Оқушылар тақырыпқа сай өз ойларын суретке салып, ойларын ортаға салды. Салынған суреттер жинағынан көрме ұйымдастырылды.
Мектебімізде Балалар жылына орай «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны онкүндігі аясында оқушылар арасында зорлық-зомбылықты анықтау, оқушыларға зорлық- зомбылық туралы мағлұмат беру ,адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы мақсатында сауалнама жүргізіліп, сауалнама жүргізу нәтижесінде қысым, қорлық көріп жүрген оқушылар анықталмады.
Мектепке дейінгі ұйыммен сабақтасты нығайту мақсатында өзра сабақтарға қатысу жұмысы басталды. «Қарлығаш» бөбектер бақшасының басшысы, тәрбиешісі өз мекемелерінен түлеп ұшқан тәрбиеленушілерінің мектепалды дарлық топта білім, білік, дағдыларының қалыптасу деңгейін бақылау мақсатында сабаққа қатысу ұйымдастырылды. Тәрбиеші Тайлакова А.М «Математика негіздері» сабағында оқушылар 10-ға дейін сандарды тура, кері санауды, геометриялық фигураларды атау, салыстыру, апта күндерін ретін сақтап айту дағдалары қалыптасты.
Оқушылардың математика пәнін оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру мақсатында, 2-4 бастауыш сыныптары оқушылары арасында аудандық математикалық турнир өткізіліп, аудан мектептері арасындағы додаға 3 оқушыдан құрылған 15 команда қатысты. Мектебіміздің намысын 4-сынып оқушысы Бакауов Нұрсат, 3-сынып оқушысы Хамидолда Дінислам, 2-сынып оқушысы Бейсембаева Камшат қорғап, командалық есепте Алғыс хат, жеке есепте Нұрсат 3-орын, Дінислам 2-орын, Камшат 1-орынды иеленді. Құттықтаймыз. Облыстық жарыста Бейсембаева Камшат сертификатқа иеленді. Жарайсың, Камшат.
Жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдер- Достаева Карлыгаш Зарлыковна, Сулейменова Карагоз Блкешовна және Заирова Гульжан Сайлаубаевна.
Құттықтаймыз!!!
2022жылы 25 қараша күні Павлодар қаласында өткен “Зерделі”ақыл-ой дамыту мектебі ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған өңірлік “Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасына Жалтыр орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Заирова Гульжан Сайлаубаевна қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Гульжан Сайлаубаевна, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге шығармашылық табыс тілей отырып, әлде де биік белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз.
Тәлімгерлік үрдіс. Жас мамандарға әдістемелік көмек керсету мақсатында тәлімгерлер бірлескен жоспар негізінде сабақ құрылып, тәлім алушының жұмыс барысында туындаған қиындықтар бойынша жұмыс жүргізілді. Ағылышн тілі пәнінің мұғалімі Аждарова А.Е 4-сыныпта сабақ өткізіп, өзін-өзі бағалау және өзара бағалаудың түрлі нысандарын түсінді. Тәлімгер бастауыш сынып мұғалімі Г.С.Заирова, тарих пәнінің мұғалімі Д.Б.Исина, оқу ісінің меңгерушісі Э.Е.Базылбаева кері байланыс беріп, бағалаудың түрлерін ұтымды қолдануға бағыт-бағдар берді.
5 қараша ҚР Ұлттық валюта күніне орай 8-сыныпта “Ұлттық теңге- Тәуелсіздігіміздің нышаны” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында оқушылар төл теңгеміздің шығу тарихымен, валюта түрлерімен танысып, қойылған сұрақтарға белсене жауап берді, өз ақпараттарыменде бөлісе кетті.
Сынып жетекшісі: Кунантаева Мадина Сериковна
Мектеп тәрбие жұмысының іс-шаралар жоспары бойынша және “Қызықты үзілістер” жобасы аясында оқушылардың үзіліс кезінде бос уақыттарын тиімді пайдалану, қызығушылық ояту мақсатында мектебімізде түрлі бұрыштар ұйымдастырылды. Тарих пәнінің мұғалімі Н.О.Бакауова.
LEADERSHIP конкурсына қатысқан Жалтыр орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Егинбаевна Базылбаева жүлделі 3 орынға ие болды. Облыстық Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы өткізген конкурста қатысушылар электронды портфолио, өз жұмыстарын көрсететін бейнеролиг ұсынып, TedX форматында таныстырылым жасады. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз