ҰБТ

24.02.2014
Featured Image

                                

Алдын-ала тест көрсеткіштері             Жоспар                      Тест жинағы

                   

 Ата-аналармен жұмыс                  Түлектерге 

 

1.  11-сынып оқушысының алдын-ала тест көрсеткіштері

2. 11-сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық кестесі.

3. 9-сынып оқушыларының ОЖСБ-ға дайындық кестесі

4.  2013-2014 оқу жылының ҰБТ қорытындысы

5. 2014-2015 оқу жылындағы ҰБТ жоспары

6. Ата-аналар жиналысының жылдық жоспары

7. ҰБТ 2004-2014 жылдар көрсеткіші. Презентация

8. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру Жадынамасы

9. Мектеп бітірушінің Жадынамасы

10. Мектеп бітірушінің емтихан материалымен жұмыс істеу Жадынамасы

11. ҰБТ туралы ата-аналарға Жадынама

12. ҰБТ нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру

13. Мектеп бітірушінің жадынамасы

14. Ата-аналарға жадынама

15. Мектеп бітірушілерге емтихан материалдарымен жұмыс істеу бойынша жадынама

 

24.02.2014
Featured Image

олимпиада

13.01.2014

Блог директора школы

Батаева Алтын облыстык пан олимпиадасына каиысиы 

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп

05.12.2013

Жалтыржалпы орта білім беретін мектеп 1983жылы ашылды

Мектеп директорының блогі

13.10.2013

Құрметті  қонақтар!

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады.   Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.   Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.

{jcomments on}

Информация родителям

13.10.2013

3

Наши достижения

13.10.2013

2

О школе

13.10.2013

2

Государственные символы РК

13.10.2013
Featured Image

Государственные символы Республики Казахстан

Государственный Флаг Республики Казахстан

Государственный Флаг Республики Казахстан представляет собой прямоугольное полотнище голубого цвета с изображением в его центре солнца с 32-мя лучами, под которым – парящий степной орел. У древка – вертикальная полоса с национальным орнаментом. Изображения солнца, лучей, орла и орнамента – цвета золота. Отношение ширины Флага к его длине: 1:2

  Автор флага: Шакен Ниязбеков

Государственный Герб Республики Казахстан

4 июня 1992 года навсегда останется в истории и в памяти народа как день рождения Государственного Герба Республики Казахстан.

Сегодняшний Герб суверенного Казахстана является результатом огромного труда, творческих исканий двух известных архитекторов: Жандарбека Малибекова и Шоты Уалиханова. выиграть в этом соревновании было нелегко. Достаточно напомнить, что только в финальном конкурсе принимали участие 245 проектов и 67 описаний будущего герба.

Герб имеет форму круга. В мире самой совершенной формой считается форма шара. А круг как самый близкий к этому совершенству элемент, особо ценится у кочевников. Круг как элемент геральдики имеет применение везде, но он в особом почете и уважении у восточных кочевников. Это символ жизни, вечности.

Центральным элементом, вобравшим в себя основную идею нашего Герба, является шанырак – круговое навершие купола юрты. Шанырак – символ семейного благополучия, мира, спокойствия. Мастерски, эффективно и красиво изображенный тундык – зенитное отверстие юрты, напоминает яркое солнце на фоне голубого, мирного неба. Купольные жерди – уык, равномерно расходящиеся от центра по голубому пространству Герба, напоминают лучи солнца – источник жизни и тепла. Авторам удалось решить проблему изображения кереге – раздвижных решетчатых основ юрты. Крестообразные, тройные, кульдреуши шанырака символизируют единство трех жузов, которое обеспечивает его прочность. Таким образом, языком геральдики авторы отражают миролюбивую сущность казахов. Призывают все народы республики под общий шанырак, стремиться превратиться в крепкие мощные несущие конструкции нашего общего дома – Казахстана.

Следующей составной частью композиционной структуры герба являются золотокрылые с рогами в форме полумесяца, фантастические скакуны – тулпары. Хотя изображение аргамаков в государственной символике имеет давнюю историю, тем не менее данный вариант авторов вызвал большие дискуссии и споры, прежде чем был принят. Силуэт скакунов на языке геральдистов имеет глубокий смысл и содержание. Он означает: бесстрашие льва, прозорливость сокола, физическую мощь и силу быка, быстроту, скорость и пластику лани, хитрость и находчивость лисы в борьбе против врагов. Золотые крылья скакунов напоминают также снопы зерна, золотых колосьев, т.е. признак труда, изобилия и материального благополучия.

В центре Герба находится пятиконечная звезда. В проекте там были расположены полумесяц и три маленькие звезды. по ходу обсуждения предлагались варианты восьмиконечной, семиконечной, пятиконечной звезд. Остановились на последнем. Наше сердце и объятия открыты представителям всех пяти континентов.

Цветовую гамму Герба составляют два основных цвета – золотистый и голубой. Первый соотвествует светлому, ясному будущему Наших народов. Голубое небо едино для всех народов мира. Его цвет в нашем Гербе олицетворяет стремление Казахстана к миру, согласию, дружбе и единству со всеми народами планеты.

Государственный Гимн Республики Казахстан

Текст Государственного гимна Республики Казахстан

Слова Жумекена Нажимеденова, Нурсултана Назарбаева  

Музыка Шамши Калдаякова  

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңкымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

МӘҢГІЛІК ЕЛ

13.10.2013

Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жады арқылы байланысқан, Ұлы дала елінің даңқты тарихы мен дәс­түр­лерін жалғастырған Қазақстан аза­маттары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік ту­ралы арманын іске асырып, болашақ ұр­пақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтас­тықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негіз­ге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осыны қабылдаймыз.

МӘҢГІЛІК ЕЛ – ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІН

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың көшбасшылығымен жаңа Қазақ­стан­ның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауап­­кершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.
Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бү­гінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның – қуат­ты әрі табысты мемлекеттің азама­ты­мыз деп мақтанышпен айтамыз.
Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік тол­ғауын» негізге ала отырып, Болашағы бір­тұ­тас  ел – Мәңгілік Елді құру жолында бір­г­еміз.
Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қым­бат ақиқаттар – отбасымыздың аман­дығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақ­тылық, қауіпсіздік және бірлік, ер­тең­гі күнге деген сенім ұғымдары орнық­қан.
Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұ­ғы­рын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан-ұрпақ­қа аманат етуге шақырамыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Аста­на.
Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.
Біз Аста­наны халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әр­қашан мақтан тұтатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қа­зақ­­стан, біздің еліміз бір – тағдырымыз ор­­тақ.
Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.
Мәңгілік ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.
Азаматтық және рухани құнды­лық­тар­дың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзі­мізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкін­дік берді.
Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Инновация не­гізін­дегі тұрақты экономикалық өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық және ин­н­овациялық күш-қуатын дамытып, та­би­ғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқып­ты­лықпен қарап, қоғамда білім мен ғалым­дық культін елдің зияткерлік іргетасы ре­тінде бекітетін боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға ортақ еңбек қоғамы.
Елдің барлық табыстары мен жетіс­тік­тері – барша қазақстандықтардың күн сайын­ғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Біз елдің әрбір азаматының жасам­паз­дық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жа­сай отырып, еңбексүйгіштік және жауап­­кершілік, Еңбек адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайта­мыз.
Мәңгілік Ел, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақ­тайтын боламыз.
Біз Қазақстан халқының мәдени әралуан­дығын арттыра түсеміз.
Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктіру­дің негізі, үштілділікті елдің бәсекеге қабі­лет­тілігінің басты шарты ретінде дамыту қа­ғи­датын ұстанатын боламыз.
Біз – Үлкен ел – Үлкен отбасымыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік жә­не Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проб­лемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір аза­маттың, өз елі патриотының қасиетті па­рызы болып саналады.
Біз бейбітшілік пен келісім идеясын іл­ге­рілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.
Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылық­тарын басшылыққа аламыз.
Біз Отанымыздың көк байрағын асқақ­тата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.
Бұл – біздің болашақ ұрпақ үшін, Қа­зақ­стан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!

Біртұтас еліміз – Мәңгілік Ел қуатты
болсын!
Қазақстанның мәңгілік мекені –
Ұлы дала еліне бата қонып, бақ дарысын!
Алға, Қазақстан!

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал

 

___________________________

Астана, Акорда, 2012 год

13.10.2013
Featured Image

Біздің жетістіктер

13.10.2013
Featured Image

 Мектеп жетістігі

sam_8615Май аудандық білім  беру бөлімінің  ұйымдастыруымен 2016  жылдың 7 қарашасында   Қаратерек орта мектебінің қабырғасында аудандық мектеп оқушылары арасында  ғылыми жобалар сайысы өтті.  Жалтыр орта мектебінен 6 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орын алып, 1 оқушы алғыс хатпен марапатталды. 11 – сынып оқушысы Смағүл Айгерім (мұғалімі әрі ғылыми жетекшісі Калиева Гульмира Кабдрашитовна) тарих секциясы бойынша “Малайсары батырдың өшпес ерлдігі” тақырыбындағы жобасын сарапшылар алдында абыроймен қорғап, ІІ орынды жеңіп алды. 11 – сынып оқушысы Кусманова Самал (мұғалімі әрі ғылыми жетекшісі Исина Дамелы Бакибаевна) “Павлодар қаласының тарихи ескерткіштері және даму болашағы” (өлкетану секциясы) тақырыбындағы жобасы да ІІ орынды иеленді. 8 – сынып оқушысы Рысқали Назерке (мұғалімі әрі ғылыми жетекшісі Жексенова Айжамал Сагиденовна) « Ағылшын тілінде жазылған киімдердегі жасөспірімдердің мәдениетіне экстралингвистикалық фактор ретіндегі ықпалы» тақырыбындағы жобасы ІІ орынды жеңіп алды. Сондай – ақ, 11 – сынып оқушысы Болатова Асемгүлдің  (мұғалімі әрі ғылыми жетекшісі Андасова Алтынай Кызырхановна) «Шал ақын шығармашылығындағы дидактикалық пәлсапалық негіз» тақырыбындағы жобасы ІІІ орынды жеңіп алды. 8 – сынып оқушысы Казезова Данара (мұғалімі әрі ғылыми жетекшісі Мурат Серикгул) “SMART технологиясындағы фигуралар арқылы пішінді құрастыру” (информатика секциясы) тақырыбымен жоба қорғап, сапалы жұмыс көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды.


SAM_6390

Акшиман негізгі орта мектебінде аудандық “Жаңа форматтағы мұғалім” жас мамандар форумына информатика пәнінің мұғалімі Мурат Серикгуль, АӘД оқытушысы Тилеухан Баянбек, бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Куралай Калымжановна, математика пәнінің мұғалімі Женсхан Жанар қатысып, ІІІ орынды иеленді. 


Халықаралық ПОНИ конкурсының жеңімпаздары

SAM_6555Халықаралық «ПОНИ» интеллектуалдық конкурсына бастауыш сыныптар арасында 20 оқушы қатысып, оның 7 оқушысы жеңімпаз атанды, 28% құрайы.  3-сынып оқушылары:   Сейтжанов Санжар, Бейбитова Аяулым, Амангельдинова Наргиз, Демкенова Жұлдыз, Майдан Әди.  Жетекшісі Бейсембаева К.К., 2-сынып оқушысы Куан Нұрай, жетекшісі Заирова Г.С, 4-сынып оқушысы  Каирбек Арлан, жетекшісі Тайлакова А.М.


Республикалық “Ең үздік ғылыми жлба” байқауының жеңімпаздары

РеSAM_6564спубликалық «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ең үздік ғылыми жоба» атты ІІ Республикалық ғылыми жұмыстар сайысына 3 оқушы қатысып,100% жүлделі орындарға ие болды. .11-сынып оқушысы Батаева Алтын тарих пәнінен І орын иегерленді, жетекшісі Г.Қ.Калиева, 10-сынып оқушысы Кусманова Самал география пәнінен ІІІ орын иеленді,жетекшісі Д.Б.Исина. 9-сынып оқушысы Кантканова Амина математика пәнінен ІІІ орынға иеленді, жетекшісі Д.А.Дарабаева.


Қашықтық олимпиада қорытындысы

SAM_6668Республикалық «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «География» пәні бойынша қашықтық олимпиадасына 7 оқушы қатысын, жүлделі көрсеткіші 100% құрады. Орын иегерлері: 8-сынып оқушысы Қалидоллаұлы Сержан І орын, 10-сынып Амангельдинова Гульдана  І орын, Хұттымбек Ернур ІІ орын, 5-сынып Қалидоллақызы Сания ІІ орын, 7-сынып  Ильясова Аружан ІІ орын, 9-сынып Жанат Бахатжол І орын, 11-сынып Батаева Алтын І орын. Жетекшісі география пәнінің мұғалімі Исина Д.Б


SAM_4536 Халықаралық «Русский медвежонок-языкознание для всех» конкурсына 11 оқушы қатысып, 2 оқушы, яғни 18%, жүлделі ІІІ орындарға ие болды. Олар: 5-сынып оқушылары  Қалидоллақызы Сания, Марат Амир.  Жетекшісі- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.К. Жаныгулова

 


Халықаралық «Инфоурок» орыс тілі пәнінен олимпиадасына 10 оқушы қатысып, 6  оқушы жүлделі орынға ие болды, яғни 75%, құрайды.  Олар : 4-сыныптан Каирбек Арлан І орын, 3-сыныптан Майдан Мади І орын, 7-сыныптан Елемесова Зилиха ІІІ орын, Рыскали Назерке ІІІ орын, Казезова Данара ІІІ орын, 11-сынып оқушысы Батаева Алтын ІІІ орын Жетекшісі- орыс тілі пәнінің мұғалімі С.К.Батаева

 


SAM_5852Халықаралық «British Bulldog» ағылшын тілінен конкурсына 7 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі орынға ие болды,  28% құрайды. Олар: 3-сынып оқушысы Демкенова Жулдыз ІІІ орынды, 5-сынып оқушысы Смагулова Ажар  ІІ орынды иеленді. Жетекшісі-ағылышн тілі пәнінің мұғалімі Жексенова А.С


SAM_6395Облыстық «Алтын асық» интеллектуалдық байқауға бастауыш сыныптар арасында 19 оқушы қатысты, оның 3 оқушысы, яғни 16%, жүлделі орындарға ие болды. Олар; 1-сынып оқушылары Самарқан Ерасыл І орын, Смағұл Ералы ІІ орын, Куантканов Аслан ІІІ орынды иеленді. Пән мұғалімі А.С. Бейсекеева.


Облыстық  «Мұқағали оқулары» байқауына Май ауданының атынан 6-сынып оқушысы Хұттымбет Ернур қатысты. Қатысқаны үшін сертификат берілді. Жетекшісі-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Д.С.Уалиева.


SAM_8355Аудандық «Жарқын болашақ» республикалық КАТЕV қазақ тілі олимпиадасына 4 оқушы қатысып, 2 оқушы, 50%, жүлделі орынға ие болды. Олар: 9-сынып оқушысы Сахимзадинова Айсана «Тілші- әдебиетшілер» бағытынан І орынға ие болды. Жетекшісі: Э.Е.Базылбаева. 10-сынып оқушысы Болатова Әсемгүл «Жазушылар» бағытынан ІІ орын иеленді. Жетекшісі: А.Г. Абеуова. Сахимзадинова Айсана облыстық кезеңге жолдама алып, облыста «Тілші-әдебиетші» бағыты бойынша ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Базылбаева Э.Е

 


Аудандық «Махамбет оқуларына»  6-сынып оқушысы Хұттымбек Ернур «Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша қатысын ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Уалиева Динара Серикбаевна


 SAM_59732015-2016 оқу жылында «Ертіс-Дарыны» сырттай оқу олимпиадасының резерв мектебіне 6 оқушы қатысты, барлығы 100%  екінші кезеңге өтті. Жал бойынша оқушы сырттай келп отырған тапсырмаларды отырдап отырды. Соның нітижесінде шағын олимпиадасына 9 оқушы қатысты. Олар: 8-сынып оқушысы Анай Айерке, 9-сыпып оқушысы Шукутаева Айсана   тарих пәнінен, жетекшілері: Г.К.Калиева. 8-сынып оқушысы Қалидоллаұлы Сержан, 9-сынып оқушысы Куантканова Амина  география пәнінен, жетекшісі Д.Б. 9-сынып оқушысы Сахимзадинова Айсана қазақ тілі және әдебиет пәнінен жетекшісі: Э.Е Базылбаева, 10-сынып оқушылары Болтаова Асемгуль, Смағұл Айгерім қазақ тілі мен әдебиетінен жетекшісі Абеуова Г.К.  9-сынып оқушысы Куантканова Амина орыс тілі пәнінен жетекшісі Батаева С.К. Шағын олимпиада қорытындысы бойынша 9-сынып оқушысы Сахимзадинова Айсана ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Базылбаева Э.Е.

 


IMG-20151117-WA0000Аудандық ғылыми жоба байқауы 2015ж 13 қараша Қаратерек жалпы орта білім беру мектебінде өткізілді. Мектептен 5 оқушы қатысып, барлығы жүлделі орынға ие болды. Олар: Шукутаева Асана 9-сынып Информатика пәіні бойынша ІІІ орын, мұғалімі Мурат С. Куантканова Амина 9-сынып Математика ІІ орын, мұғалімі Дарабаева Д.А. Смағұл Айгерім 10-сынып Орыс тілінен ІІІ орын, мұғалімі Жаныгулова А.К. Кусманова Самал 10-сынып географиядан ІІІ орын, мұғалімі Исина Д.Б. Батаева Алтын 11-сынып Қазақситан тарихы ІІ орын орын, мұғалімі Калиева Г.К.

 


Аудандық пән олимпиадасы Малайсары орта білім беретін мектебінде өткізілді. 26029posterМектептен 5 оқушы қатысып, барлығы жүлделі орынға ие болды. Олар: қазақ тілі және әдебиеті пәнінен 9-сынып оқушы Сахимзадинова айсана І орынды,  10-сынып оқушысы Болатова Асемгуль ІІ орынды иеленді. Мұғалімдері Базылбаева Э.Е, Абеуова Г.К), Қазақстан тарихынан 10-сынып оқушысы Смағұл Айгерім ІІІ орынды мұғалім Калиева Г.К, Математика пәнінен 9-сынып оқушысы Куантканова Амина ІІІ орынды, мұғалімі Дарабаева Д.А, орыс тілінен І орынды Батаева Алтын І орынды иеленді. Мұғалімі Батаева С.К.Сахимзадинова Айсана, Болатова Асемгуль қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен,  Батаева Алтын орыс тілі пәнінен облыстық пән олимпиадасына қатысып, қатысушы сертификаты берілді.


 

Мектеп туралы

13.10.2013
Featured Image

 

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп – бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыратын білім ордасы.

Жалтыр орта мектебі 1967 жылы 8 жылдық негізгі білім беретін мектеп болып ашылды. Мектеп басшылығында Б.Х. Сыздыков, Л.Л. Дубровина, О.Х. Жумкин, Е.М.Сулейменова, Қ.Т.Тоқтамысов, Е.Р.Айткулов білікті басшылар қызмет атқарды.

Мектептің қазіргі қолданыстағы ғимараты 1980 жылы салынып, 2000 жылға дейін қазақ және орыс тілінде білім беретін аралас мектеп ретінде жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап мектеп қазақ тілінде білім беретін мемлекеттік мекемесі ретінде қызмет атқаруда.

Мектептің ғимараты 350 орынға арналған, онда спортзал, мәжіліс залы, оқу кабинеттері орналасқан. Бұл оқушылардың жеке дара қабілеттерін ашуға, салауатты өмір салтын ұстануына, шығармашылық қабілетін арттыруға жағдай жасайды. Бұған айғақ мектептің 2013 жылғы түлегі Адай Мерхат облыстық жастар шығармашылық байқауының «Вокал»  номинациясы бойынша ІІ орын иегері атанса, 9- сынып оқушысы Батаева Алтын «Территория танца» атты облыстық фестиваль конкурсында ІІ орын иегері атанды. Сонымен бірге мектеп оқушыларының қыздар тобы аудандық «Dance Parade – 2013» сайысының бас жүлдесін жеңіп алды.

Аудандық оқушылар үйінің жанынан ашылған «Туризм» үйірмесіне қатысатын  7-9 сынып оқушылары 2013 жылы өткізілген  облыстық «Менің отаным – Қазақстан» атты туристік- өлкетану акциясында «Өлкетану» бағыты бойынша ІІ орынды иеленді.

Мектеп мақтанышы Батаева Алтын 2013 жылы Павлодар облысында пікір сайыс қозғалысын дамыту бағдарламасы аясында өткізілген аудандық пікір сайыс турнирінде  І орынды иеленді.

2013 жылы мектепте «Ерлік бұрышы» ашылып, ауыл тарихындағы ардагер ағаларымыздың ерлігі ұлықталып, өз елін қорғаған ерлердің ерлігі насихатталды, оқушыларға патриоттық тәрбие беруге бағытталды. Бүгінде мектеп тарихында 2 түлек Андасов Есенғазы, Құдайбергенов Санат Қазақстанның жоғарғы әскери оқу орындарында білім алуда.

Мектепте барлығы 24 мұғалім қызмет атқарады. Оның  4 жоғары, 9 бірінші санатты мұғалімдер. Педагогикалық ұжымға өз ісінің шебері, білікті жоғары санатты ұстаз Жаныгулова Анар Каиркеновна басшылық етуде.

Оқушылар саны 121, білім сапасы 58 %, бір ауысымда оқиды. Мектеп қалыптасу кезенінен бастап жылма – жыл түлектерін ұшыруда. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлектер арасында білім шыңында зор табысқа қол жеткізген педагогикалық ғылымының профессоры П.Б. Сейтказина, педагогика ғылымының кандидаты С. А. Кусаинова сынды түлектері бар. 2013 жылы мектепті 3 түлек аяқтады, барлығы оқу орындарында білімдерін жалғастыруда.

Ұзтаз шеберлігі мен кәсіби біліктілігін шыңдауда педагогикалық оқулар, республикалық ғылыми – практикалық конференциялар мен семинарлар, пән олиимпиадасы, байқаулардың маңызы зор. Мектеп мұғалімдері халықаралық, республикалық байқауларға қатысып, кәсіби біліктіліктерін шыңдап отырады.

Биылғы оқу жылында да осындай іс-шараға мектеп ұстаздары қатысып, Астана қаласының дамыту орталығы ұйымдастырған «ХХІ ғасыр инновациялық технологиялар» республикалық конференцияда өзін – өзі тану  пәнінің ұстазы А. Хиватдолда, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі А.К. Андасова жүлделі ІІІ орындарды иеленді. 4 – сынып оқушылары Елемесова Зилиха, Ильясова Аружан,Смагулова Аяулым, Сыздыкова Сания халықаралық «Кенгуру-математика» ойын байқауында жүлделі орындарды алды.

Мектептің шығармашылық ізденістегі педагогикалық ұжымы оқытудың көптілділік жүйесінен де тысқары қалмады. 11 – сынып оқушысы Андасова Гульназ «Поступок, которым я горжусь» атты облыстық  шығармалар сайысында ІІ орын (2013), Облыстық «Тіл- адам жаның танудың кілті» мектеп Путинцева К.Н. І орынды (2013) иеленіп, Астана қаласында өтетін Республикалық байқауға қатысты.

Сапалы білім мен бәскеге қабілетті, шығармашылық әлеуеті жоғары тұлғаны тұлғаны тәрбиелеуді алға қойған мектебіміз өз қызметін жалғастыруда.

 

Оқу үрдісі

13.10.2013
Featured Image

456

І бөлім. Білім беру туралы мемлекеттік нормативтік құжаттарының орындалуына бағытталған мектептің жұмысын ұйымдастыру

ІІ бөлім. Педагогикалық кадрлармен жұмыс жүргізу, олардың біліктілігін үзіліссіз арттыру. Аттестаттау жұмысы.

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының орындалуына бағытталған оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыру, мектепте білім беруді жетілдіру.

VІІ бөлім Мектептің материалды-техникалық базасын нығайту жұмысы.

Педагогикалық кеңестің жылдық жоспары

Директор жанындағы отырыстың жылдық жоспары

Директор орынбасары отырысының жылдық жоспары

Мектепішілік жоспар

Мектептің 2015-2016 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының талдауы.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасына сай мұғалімдермен коучинг сессиясының жүргізілу жоспары

 

                         

 

         

                       

 

 

          

               

           

        

    

                           

                                                                                    

 

            


Пікір үстеу

 

 

 

 

:D:lol::-);-)8):-|:-*:oops::sad::cry::o:-?:-x:eek::zzz:P:roll::sigh:
 

Қауіпсіздік коды
Жаңарту