ІІ облыстық гуманитарлық олимпиаданың қорытындысы




5-сынып оқушыларының бейімделуіне арналған “Оқу мотивациясын анықтау” Н.Г.Лусканова әдістемесі қолданылды.
2021 жылдың 13 қыркүйегінде тамақтану сапасын бақылау жөніндегі бракеражды комиссия мүшелері жоспарға сәйкес сараптама жұмыстарын жүргізді. Сараптамалық топ білім беру ұйымдарының асхана жұмысының барысы мен құжаттарын тексерді. Сараптама барысында білім беру ұйымдары асханаларының жұмысы қаралып, акт жасалды. Мектеп асханаларында бейнебақылау камералары орнатылған. Асхана қызметкерлері санитарлық –эпидемиологиялық талаптарға сай жұмыс атқаруда. Білім беру ұйымдарында бракеражды комиссия мүшелерінің жұмысы, бекітілген жоспарға сай жүргізілуде.
Біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында әкімшілік бақылау жұмыстары өткізілді. Бақылау жұмыстарының мақсаты-білім алушылардың қиындықтарын, оқу жетістіктерінің деңгейін және білімдегі олқылықтарды анықтау. Пән мұғалімдері бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша жұмыс жоспарын құрастырды.
8-сынып оқушыларына IQanat олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу Ережесімен таныстырылды. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру; оқушылардың жалпы білім беру пәндерін оқуға қызығушылығын қалыптастыру; – оқушылар арасында тікелей байланыс пен тәжірибе алмасуға жағдай жасау. Олимпиада ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша үш кезеңде өткізіледі: 1-кезең; 2-кезең; 3-кезең – Республикалық слет. Олимпиадаға тіркелу бойынша бейнеролик көрсетілді.@bilim_mai @iqanatkz
Мектеп жоспары бойынша жас мамандардың отырысы өтті. Жас мамандарға бекітілген тәлімгерлердің жұмыс жоспарымен таныстырылды. Оқу ісінің меңгерушісі Э.Базылбаева жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсетті.Сұхбаттасу арқылы алғашқы қиындықтары анықталып, оны шешу жолдары белгіленді.
“Сау бол, 100 жаса” атты ұранымен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен таңғы жаттығу топтамалары жасалынды. Мақсаты: Дененің дұрыс жетілуі, салауатты өмір салтын насихаттау. Таңертеңгі жаттығу, тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады!
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.К.Батаева «Тіл мерекесі» мен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «ТІЛ МӘРТЕБЕСІ — ЕЛ МЕРЕЙІ» тақырыбында іс-шаралар жоспарына сәйкес «Знай другие языки, но уважай родной язык» атты танымдық сынып сағатын ұйымдастырды.
Мектеп кітапханашысы Ш.Н.Алдангорова «Тіл мерекесі» мен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «ТІЛ МӘРТЕБЕСІ — ЕЛ МЕРЕЙІ» тақырыбында іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тіл-ұлттың жаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.