- Нормативтік құжаттар
- Жаңартылған білім беру мазмұны
- Оқу үрдісі
- Семинарлар. Коучингтер
- МЕКТЕПКЕ 50 ЖЫЛ
- Қамқоршылық кеңес жұмысы
- Мектептегі тамақтану
- Тәрбие жұмысы
- Рухани жаңғыру
- Ата-аналарға ақпарат
- Біздің жетістіктер
- Педагогикалық кадрлар
- Мемлекеттік қызметтер
- Қорытынды аттестаттау
- Мектеп психологі
- Ұлттық бірыңғай тестілеу
- Кітапхана
- Бейнематериалдар
- Біздің кәсіподақ
- ЖАЗ
- Ашық қаржыландыру
- Өзін-өзі тану
- Қашықтық оқыту
- Вакансия
- Жазғы мектеп
- Жетекші мектептен серіктес мектепке
-
Информерлер
Статистика
- 260
- 2 607
- 10 126
- 110 928
- 277 560
Мектеп туралы

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп – бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыратын білім ордасы.
Жалтыр орта мектебі 1967 жылы 8 жылдық негізгі білім беретін мектеп болып ашылды. Мектеп басшылығында Б.Х. Сыздыков, Л.Л. Дубровина, О.Х. Жумкин, Е.М.Сулейменова, Қ.Т.Тоқтамысов, Е.Р.Айткулов білікті басшылар қызмет атқарды.
Мектептің қазіргі қолданыстағы ғимараты 1980 жылы салынып, 2000 жылға дейін қазақ және орыс тілінде білім беретін аралас мектеп ретінде жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап мектеп қазақ тілінде білім беретін мемлекеттік мекемесі ретінде қызмет атқаруда.
Мектептің ғимараты 350 орынға арналған, онда спортзал, мәжіліс залы, оқу кабинеттері орналасқан. Бұл оқушылардың жеке дара қабілеттерін ашуға, салауатты өмір салтын ұстануына, шығармашылық қабілетін арттыруға жағдай жасайды. Бұған айғақ мектептің 2013 жылғы түлегі Адай Мерхат облыстық жастар шығармашылық байқауының «Вокал» номинациясы бойынша ІІ орын иегері атанса, 9- сынып оқушысы Батаева Алтын «Территория танца» атты облыстық фестиваль конкурсында ІІ орын иегері атанды. Сонымен бірге мектеп оқушыларының қыздар тобы аудандық «Dance Parade – 2013» сайысының бас жүлдесін жеңіп алды.
Аудандық оқушылар үйінің жанынан ашылған «Туризм» үйірмесіне қатысатын 7-9 сынып оқушылары 2013 жылы өткізілген облыстық «Менің отаным – Қазақстан» атты туристік- өлкетану акциясында «Өлкетану» бағыты бойынша ІІ орынды иеленді.
Мектеп мақтанышы Батаева Алтын 2013 жылы Павлодар облысында пікір сайыс қозғалысын дамыту бағдарламасы аясында өткізілген аудандық пікір сайыс турнирінде І орынды иеленді.
2013 жылы мектепте «Ерлік бұрышы» ашылып, ауыл тарихындағы ардагер ағаларымыздың ерлігі ұлықталып, өз елін қорғаған ерлердің ерлігі насихатталды, оқушыларға патриоттық тәрбие беруге бағытталды. Бүгінде мектеп тарихында 2 түлек Андасов Есенғазы, Құдайбергенов Санат Қазақстанның жоғарғы әскери оқу орындарында білім алуда.
Мектепте барлығы 24 мұғалім қызмет атқарады. Оның 4 жоғары, 9 бірінші санатты мұғалімдер. Педагогикалық ұжымға өз ісінің шебері, білікті жоғары санатты ұстаз Жаныгулова Анар Каиркеновна басшылық етуде.
Оқушылар саны 121, білім сапасы 58 %, бір ауысымда оқиды. Мектеп қалыптасу кезенінен бастап жылма – жыл түлектерін ұшыруда. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлектер арасында білім шыңында зор табысқа қол жеткізген педагогикалық ғылымының профессоры П.Б. Сейтказина, педагогика ғылымының кандидаты С. А. Кусаинова сынды түлектері бар. 2013 жылы мектепті 3 түлек аяқтады, барлығы оқу орындарында білімдерін жалғастыруда.
Ұзтаз шеберлігі мен кәсіби біліктілігін шыңдауда педагогикалық оқулар, республикалық ғылыми – практикалық конференциялар мен семинарлар, пән олиимпиадасы, байқаулардың маңызы зор. Мектеп мұғалімдері халықаралық, республикалық байқауларға қатысып, кәсіби біліктіліктерін шыңдап отырады.
Биылғы оқу жылында да осындай іс-шараға мектеп ұстаздары қатысып, Астана қаласының дамыту орталығы ұйымдастырған «ХХІ ғасыр инновациялық технологиялар» республикалық конференцияда өзін – өзі тану пәнінің ұстазы А. Хиватдолда, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі А.К. Андасова жүлделі ІІІ орындарды иеленді. 4 – сынып оқушылары Елемесова Зилиха, Ильясова Аружан,Смагулова Аяулым, Сыздыкова Сания халықаралық «Кенгуру-математика» ойын байқауында жүлделі орындарды алды.
Мектептің шығармашылық ізденістегі педагогикалық ұжымы оқытудың көптілділік жүйесінен де тысқары қалмады. 11 – сынып оқушысы Андасова Гульназ «Поступок, которым я горжусь» атты облыстық шығармалар сайысында ІІ орын (2013), Облыстық «Тіл- адам жаның танудың кілті» мектеп Путинцева К.Н. І орынды (2013) иеленіп, Астана қаласында өтетін Республикалық байқауға қатысты.
Сапалы білім мен бәскеге қабілетті, шығармашылық әлеуеті жоғары тұлғаны тұлғаны тәрбиелеуді алға қойған мектебіміз өз қызметін жалғастыруда.
This entry was posted in Мектеп туралы. Bookmark the permalink.