«IQanat» пәндік республикалық олимпиадасының аудандық ІІ кезеңі

Featured Image
Май ауданы бойынша ауыл мектептеріне арналған «IQanat» пәндік республикалық олимпиадасының аудандық ІІ кезеңі
2021 жылдың 30 наурызы күні ауыл мектептерінің арасындағы дарынды оқушыны анықтау, ауыл оқушыларының танымдық, шығармашылық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатындағы ауыл мектептерінің 8 және 9- сынып оқушыларына арналған «IQanat» пәндік республикалық олимпиадасының аудандық ІІ кезеңі Көктөбе ауылындағы Көктөбе жалпы білім беретін мектептің базасында барлық санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді. Жалтыр орта мектебі бойынша «IQanat» пәндік олимпиадасының аудандық І кезеңінен 8- сынып оқушыларынан 4 оқушы , 9- сынып оқушыларынан 4 оқушы, барлығы 8 оқушы ІІ кезеңге қатысып, белсенділік танытты. Оқушыларға «IQanat» пәндік олипиадасында жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша тапсырмалар беріліп, оқушылар тапсырманы белгіленген уақыт ішінде орындап шықты. Олимпиада соңында оқушыларға «IQanat» пәндік олимпиадасын ұйымдастырушылар атынан ескерткіш сыйлықтар таратылды.
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.