«IQanat» олимпиадасы өтті.

Featured Image

«Май аудандық білім бөлімінің» ұйымдастыруымен 2019 жылдың 8 қараша күні Е.Мұқашев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында аудан мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін республикалық «IQanat» олимпиадасы өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті: қабілетті ауыл оқушыларын анықтау, оларға қолдау көрсету, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, олимпиаданың барлық кезеңіне қатысып, жеңімпаз болған оқушылар мектеп бітіріп, жоғары оқу орындарына түсерде олар үшін үлкен жеңілдіктер де қарастырылған. Бұл туралы олимпиаданың ашылу салтанатына қатысып оқушыларды құттықтаған «IQanat» олимпиадасының Павлодар облысы бойынша үйлестірушісі Тамара Ивановна айтып өтті. Қатысқан оқушылар физика, математика және ағылшын тілінен сынақ тапсырды. Белгілі бір тақырыпта эссе жазды. «» олимпиадасына Май ауданы бойынша барлығы 87 оқушы қатысты. Оқушылар «IQanat» олимпиадасының тапсырмаларын 3 сағатта орындап шықты және оқушылардың қызығушылығымен ынтасы жоғары болды. @ Koktobe, Pavlodar, Kazakhstan

Запись опубликована в рубрике Uncategorized. Добавьте в закладки постоянную ссылку.