Педагогикалық кадрлар

Featured Image

 

Жаныгулова Анар Каиркеновна

Мектеп директоры. Жоғары білімді, жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілімі 23 жыл, мектеп директоры 7 жыл. Қазіргі заманның талабына сай келетін басшы  барлық игі  бастамалардың алдында болуын керек. Анар Каиркеновна 2006 жылы облыстық мұғалімдер арасындағы пән олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. 2010 жылы біліктілігін арттыру курсында облыс мұғалімдерінің алдында  “Методическая помощь:  методы использования ИКТ на уроках” тақырыбында өз тәжірибесін таратты. 2013 жылы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің екінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсының сертификатына ие болды. 2013 жылы «АКТ білім беруде» облыстық конкурсында «Бағдарламашы мұғалім» номинациясын алды.  Аудан көлемінде «Білікті де беделді басшы» номинациясы берілді.  Әрбір басшы мектеп  оқушыларының жетістігін көру үшін мектептегі білім беру үрдісін жоғары сапада ұйымдастыруды басты мақсатқа қояды. Соның нәтижесінде ұстаздары мен оқушылары облыс көлемінде өткізілген түрлі олимпиада, марафондардың жеңімпаздары атанып, мемлекеттік оқу грант иегерлері атанды.  Мектебі білім беру саласында жоғары нәтиже көрсеткені үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Өзінің қажырлы еңбегі мен өз жұмысын сапалы ұйымдастыру арқасында аудандық білім беру бөлімінің, аудан әкімінің,  Павлодар облысының білім беру басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.


12345

 

Базылбаева Эльмира Егинбаевна           

Эльмира Егинбаевна 01.08.1978 жылы туған. Білімі-жоғары, еңбек өтілі 18 жыл, санаты-жоғары. Өз тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдай білетін, педагогикалық үрдістің жаңалықтарымен етене таныс, жаңа технологияларды тиімді пайдаланып,  оқушыларға сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруде зор рөл атқарып келеді. Оқыту үдерісінде жаңа технологияларын игеруге ден қойған, әрбір сабағында дамыту оқыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту әдістерін пайдаланып, оқушының қабілетін ашуға жағдай жасайды. Жаңашыл ұстаз үнемі ізденіс үстінде жүреді. 2013 жылы «Көптілділіктегі жаңалықтар» атты І  Республикалық конкурсына қатысып,  ІІ орынға, 2013 жылы «Ұлағатты ұстаз» Республикалық оқытушылар конкурсында ІІІ орынға,  2014 жылы 2014 жылы Астана қаласының ZIAT ғылыми-әдістемлік  орталығының ұйымдастырумен «Менің үздік презентациялық сабағым» І Республикалық оқытушылар конкурсында ІІ орынға, 2013 жылы «АКТ білім беруде» облыстық конкурсында І орынға ие болды,  2015 жылы І Халықаралық қашықтық педагогикалық конкурсынан ІІІ орынды иеленді. «Қазақ тілі: мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту» журналында «Фонетика тарауы бойынша жас мамандарға арналған әдістемелік құрал» мақаласы шықты, «Қазақстанның білім және ғылым әлемі» Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналында «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру түрлері» атты мақаласы жарияланып, «Үздік мақала» номинациясы берілді. 2014 жылы «Қазақстан ұстазы» электронды журналында, «Sabak»kz сайтында және 2015 жылы kopilkaurokov.ru сайтында сабағы жарияланды.Оқушылары аудан, облыс көлемінде түрлі конкурс, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. 2012 жылы “ҚР мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына” орай облыстық шығарма конкурсынан 9-сынып оқушысы Андасова Гүлназ ІІІ орын, 2013 жылы “Отан қорғаушылар күніне” арналған облыстық шығарма сайысынан 9-сынып оқушысы Смагулова Арайлым ІІ орын,  2013 жылы жасөспірімдер арасында ІІ облыстық олимпиадасынан 7-сынып оқушысы Болатова Асемгуль ІІ орын, 2014 жылы оқушылырдың облыстық сырттай оқу мектебінің шағын олимпиадасында 8-сынып оқушысы Смағұл Айгерім 2-орын,  2014 жыл II  облыстық Мағжан оқулары сайысында “Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім” бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Сахимзадинова Айсана І орын. Жоғары білімді ұстаз Эльмира Егинбаевна 2014 жылы ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші(негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқыту курсын аяқтады. ҰБТ нәтижелері: қазақ тілі пәнінен  2011 жылы 23 ұпай, 2012 жылы 18,5 ұпай, 2014 жылы 21 ұпай.

Байланыс телефоны – 8(777)651-57-72
E-mail:  elmira_010878@mail.ru



Жексенова Айжамал Сагиденовна

Жексенова Айжамал Сагиденовна 1959 жылы туған, ұлты-қазақ, білімі жоғары. Қазақстан Респуликасының азаматшасы. Ол Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1976 жылы  Павлодар педагогика  институтына түсіп, 1980 жылы аталған институтты ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1980-1984 жылдары Май ауданы, Белогор орта мектебінде бастаған, 1984 жылдан Жалтыр орта мектебіне ауыстылып осы уақытқа дейін ағылшын тілі мұғалімі қызметін атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі-33 жыл. Айжамал Сагиденовна әр сабағында түрлі көрнекіліктер қолданады, жоспарлау және оқыту әдістерін жақсы меңгерген.  Сабақтарында дидактикалық көрнекілік қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятады. Өзінің тіл қорының молдығымен, сөйлеу ерекшіліктерімен, оның әр сабағы қызықты өтеді.  Сынынта топпен, ұжымдық оқыту әрекетінің қолданумен, оқушылардың ой-өрісін, қабілеттерін, танымдылығын дамытады.  Мұғалім жан-жақты дамыған, оның әр сабақта біріне-бірі ұқсамас әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы, сабақтың қызықты, маңызды өтетіні айқындалды. Оқушыларды өз бетінше зерттеушілікке, шығармашылыққа үйретеді. Оқушылардың психологиялық жағдайын ескере отырып, сабақтың барысында ізденіс туғызады, жаңа мақсатқа шыға білуді үйретеді.  Сабақтарында  оқушылар ағылшын тілінде айтылған сөйлемдерді дұрыс түсініп, белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жеткізе білуді, мәнерлеп сөйлеуді, грамматикалық құрылымдарды қолдана отырып сөйлемдерді дұрыс құрастыруға көп көңіл бөледі. Мәтінді түсініп оқу арқылы, тапсырмаларды дұрыс орындауға бағыттайды.  Жексенова Айжамал Сагиденовна- 2008 жылы ағылшын тілін ертеден оқытуға арналған «2-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен жұмыс дәптері» құрастырып, ОПМБАИ-ның әдіскері В.В.Янбыхпен рецензияланды. 2009 жылы Павлодар облысының білім беру басқармасы Педагог мамандар біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткізілген мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасына қатысты. Ағылшын тілін  тереңдетіп оқытуға арналған 5 және 8-сыныптарға бағдарламалар құрастырып, рецензиялар берілді. Республикалық «45 minut.kz» ұстаздар сайтында оның еңбектері жарияланды. 2012 жылы Қазақстандық интернет-олимпиадасына 7-сынып оқушысы Батаева Алтын қатысып, сертификат берілді. 2012 жылы аудандық ғылыми жобалар сайысынан 8-сынып оқушысы Батаева Алтын ІІІ орынды иеленді. 2012 жылы аудандық пән олимпиадасынан ағылшын тілінен ІІ орынды иеленді. Оқушылар ағылшын тілі пәнінен «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Кенгуру-лингвист» ойын-байқауына және Републикалық  «British Bulldog» лингвистикалық сайыстарына қатысты.

А.С.Жексенова – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютерде жетік жұмыс істей алады. Оқушылар мен әріптестерінің арасында, ата-аналар мен ауыл тұрғындардың арасында беделді, үлгілі отбасы иесі. Ол Кеңтүбек ауылының Қорабаев көшесіндегі 9 –үйде тұрады.     


 Тайлакова Ардақ Мукановна

      Тайлакова Ардақ Мукановна 08.06.1961 жылы туған, ұлты-қазақ, білімі жоғары. Қазақстан Респуликасының азаматшасы. Ол Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1982 жылы  Павлодар педагогика  училищесіне түсіп, 1984 жылы аталған оқу орнын мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиешісі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1984-1994 жылдары Май ауданы, Белогор ауылында, Жалтыр ауылында тәрбиеші қызметін атқарады, 1994 жылдан Жалтыр орта мектебіне ауыстылып осы уақытқа дейін бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келеді. 2000-2003 жылдары Павлодар университетінде оқып, бастауыш сынып мұғалімі мамандығы берілід. Жалпы еңбек өтілі-28 жыл. Оқыту мен тәрбиелеудің ең озық та тиімді жолдарын қолдана отырып, сабақта әр оқушыға түсінікті, мазмұнды, терең білім беруді көздеді. Өз жұмысында бастауыш сыныптағы оқушыларды бейімділік қасиеттеріне қарай ойын элементтері арқылы оқыту мен тәрбиелеу деген тақырып  бойынша жұмыс істейді. Әрбір оқушының жеке басының дамуына көңіл  бөліп, жаңа үрдісте оқушының қызығушылығын оятып, шығармашылыққа жетелейді. Оқыту технологияларының әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерінің арттыруына белсенділік туғызып отырады. Сабақ барысында оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең, әсерлі көркем тілмен жүйелі баяндауын талап етеді. Қазіргі уақытта 1-сыныпқа сабақ беріп, сынып жетекшілік етеді. Жалпы сыныптың білім сапасы 78% көрсетеді.Оқушылары мемлекеттік стандартын толық меңгереді. Оқушыларының оқуға деген қызығушылығы жақсы, әр оқушы өз ойын еркін жеткізіп, өздіктерінен білім алуға талпыныстары бар. Сыныптың оқу жылдамдығы да жеткілікті жоғары деңгейде көрсетіп жүр. Сынып жетекші ретінде тәрбие жұмыстарына көп көңіл  бөледі.          Әр сабағын мазмұнды, оқушылардың қызығушылығын арттырып, әр оқушының көңіл-күйін, психологиялық дамуын ескере отырып, сабақтарда оқытудың ең тиімді әдістерін қолданып, дәстүрлі емес сабақтар өткізеді. Мысалы: концерт сабақ, саяхат сабақ, аукцион сабақ, ассоциация сабақ т.б. Мектеп компонентінен қосымша берілген сағаттар бойынша «Тіл дамыту» және «Қызықты математика» пәндерінің авторлық бағдарламаларын жасап және жасаған бағдарламалары ОПМБАИ –да әдіскер Б.С.Баранбаевамен бекітіліп, өз тәжірибесінде қолданады. Ана тілі, қазақ тілі пәндері бойынша тақырыптық тест жинағын құрастырды.

            А.М.Тайлакова- қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютерде жетік жұмыс істей алады. Оқушылар мен әріптестерінің арасында, ата-аналар мен ауыл тұрғындардың арасында беделді, үлгілі отбасы иесі. Ол Кеңтүбек ауылының Алтынсарин көшесіндегі 12 –үйде тұрады.


Батаева Сара Капсалямовна

 Батаева Сара Капсалямовна 1961 жылы туған, ұлты-қазақ, білімі жоғары. Қазақстан Респуликасының азаматшасы. Ол Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981 жылы  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогтік институтына түсіп, 1986 жылы аталған институтты орыс тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1986-1987 жылдары Май ауданы, Акшиман орта мектебінде бастаған, 1987 жылдан Жалтыр орта мектебіне ауыстылып осы уақытқа дейін орыс тілі мұғалімі қызметін атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі-27 жыл. Батаева Сара Капсалямовна пән бойынша жұмыс істейтін мәселесі  “Сабақ барысында зерттеу арқылы оқушыларға ой-өрісін дамытуға жағдай жасап, өздіктерімен білім алуға бейімдеу» Аталған  мәселе бойынша сабақ барысында түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылардың өздіктерінен білім алуына ықпал жасайды.  Сабақта көрнекі-құралдарды тиімді пайдаланып, сабақ сапасын арттыруды көздейді. Сабақты тартымды өткізу үшін әр тақырыпқа арналған жүйеге келтірілген, тіл дамытуға арналған карточкалар, суреттер, кестелер, тағы да басқа дидактикалық құралдарды ұстаз оқу-тәрбие жұмысында іске асыруда. Деңгейлеп оқыту, модульдік технологияны  сабақта  қолданып, оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылардың ойлау қабілеттері, білім, білік, дағдылары, пәнге қызығушылықтары қалыптасқаны оқушыларының үнемі “Русский медвеженок”, “Интеллектуалды олимпиада” атты интеллектуалды сайыстарға қатысқандарынан көрінеді. 2012 жылы аудандық ғылыми жобасына 10-сынып оқушысы Андасова Гүлназ “Сленг в разговорной речи” тақырыбында қорғады. 2013 жылы облыстық шығармалар сайысында Андасова Гүлназ ІІІ орынды иеленді. Республикалық «45 minut.kz» ұстаздар сайтында оның еңбектері жарияланды. 2013 жылы аудандық педагогикалық оқуларына қатысып, сертификат берілді. 2013 жылы «Көптілділік-көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі» атты облыстық семинарға қатысты.

 С.К.Батаева – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютерде жетік жұмыс істей алады. Оқушылар мен әріптестерінің арасында, ата-аналар мен ауыл тұрғындардың арасында беделді, үлгілі отбасы иесі. Ол Кеңтүбек ауылының 30 жылдық  көшесіндегі 9 –үйде тұрады.   


Исина Дамелы Бакибаевна

 

География және тарих пәнінің мұғалімі. Жүрек жылуын, ақыл парасатын, мейірім шапағатын, адамгершілік ұлылығын,  әрбір шәкірт жүрегінен жол таба білген жоғары білімді, І санатты ұстаз. Білім саласында жұмыс істегеніне 24 жыл. Өз ісінің  шебері, шығармашылығы, даналығы  мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, абыройлы, қайырымды, ақ көңіл, іскер, методикадан хабардар, жан-жақты жаңашыл, коммуникативті, бастаған жұмысын тиянақты орындайды. Өз пәнінде әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданып, оқушыға өзіндік таным әрекетін қалыптастырады. Өзінің мамандық шеберін қалыптастыруда оқушыларды оқыту барысында жаңа бағытта құрайды. Өз тәжірибесінде қолданбалы курстар, тереңдету оқыту  бағдарламасын құрастырып,  Павлодар облыс білім беру департаментінің педагог кадрларын біліктілігін арттыру институтымен және білім беру, тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығымен пікір алысып бекітілді және аудан көлемінде тәжірибе алмастырылды. Қызықты, танымдылығы мол сабақтары Республикалық ғылыми- педагогикалық журналда, «45 minut» ұстаздар сайтында  жарияланған. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп, абыройлы беделге ие болғаны, қоғамдық жұмыстарға қатысуы өз қызметіне  жауапкершілікпен қарау, мектеп өмірінің әрі қарай дамуына үлес қосқаны үшін, білім беру беру саласын дамытуда зор үлес қосқаны үшін   2009 жыл ауыл әкімінің мадақтамасы, 2011 жылы мектеп әкімшілігінің Алғыс хаты. 2011 жылы аудандық білім беру бөлімінің Алғыс хатымен, 2013 жылы аудандық  Ішкі саясат бөлімінің Құрмет грамотасы, 2013 жылы аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасы марапатталған. 

  


Смагулова Күмісай Нурсихановна

 Кумысай Нурсихановна 1962 жылы 8 желтоқсанда Киров совхозы, Май ауданы,  Павлодар облысында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі – жоғары. 2003 жыл Павлодар мемлекеттік университетінің педагогика және бастауыш оқытудың әдістеме мамандығы бойынша бітірді. Еңбек өтілі- 28 жыл.

Мектептің «Жас Ұлан», «Жас Қыран», жасөспірім «Достық» ұйымдарының жетекшісі. Жыл сайын алдына қойылған мақсаттары орындалуда. Мектепішілік, аудандық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, еңбектері бағалануда. 2013 жылы 20 қарашада Май ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз Отанымыздың нағыз болашағымыз» атты аудандық балалар жасөспірімдер ұйымының «Мен және менің ұйымым» атты өзін-өзі таныстыру сайысында оқушылары ІІІ орын иеленіп, «Мадақтама қағазымен» марапатталды. 2014жылы сәуір айында өткізілген Павлодар қаласында облыстық жас жол инсекторларының Слетіне белсене қатысқандары үшін «Жол сақшылар» командасын «Алғыс хатпен» марапатталды.Кумысай Нурсихановна өте ізденімпаз, өзіне де, өзгеге де талапшыл, өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, әріптестерінің арасында сыйлы, жұмысына тиянақты. Шәкірт жүрегіне жол таба білген білікті ұстаз, оқушылармен әріптестер арасында парасаттылық пен мәдениеттің орнығуында жақсы нәтижеге жетіп, абыройлы еңбек етуде.


Андасова  Алтынай Қызырхановна

 Алтынай Қызырхановна қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілімі 11 жыл, бірінші санатты маман. Мұғалімнің жұмыс істейтін мәселесі: «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, дұрыс сөйлеуге үйрету». Оқыту мен тәрбиелеудің ең озық та тиімді жолдарын қолдана отырып, сабақта әр оқушыға түсінікті, мазмұнды, терең білім беруді көздейді.

 2013 жыл «Білім берудегі инновациялық процестер» атты кітапта «Оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістері»  атты мақаласы жарияланды.  Өз білімін жетілдіру мақсатында Павлодар кадрлық біліктілігін арттыру институтында 2011 жыл “Қазақ тілі мен әдебиетін проекті технологиясы арқылы оқыту”,  2013 жылы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсының сертификатына ие болды.  6-7-сыныпарды тереңдетіліп оқытуға арналған оқу бағдарламаларының авторы, 10-сыныптың «Сөз мәдениетінің негіздері» қолданбалы курс бағдарламасын құрастырып, рецензияланды. Алтынай Кызырхановнаның шәкірттері аудан, облыс көлемінде жетістіктері бар. Аудан көлемінде пән олимпиадасының ІІ орын жүлдегері, ғылыми жоба жарысында ІІІ орын, мәнерлеп оқу, шығармалар сайысының, «Жарқын болашақ» байқауының жеңімпаздары атанды. Облыс көлемінде «Ертіс-Дарын» АҒТО-ның олимпиадасының ІІІ орын жеңімпазы, «Отан қорғаушылар күніне» арналған облыстық шығармалар сайысында ІІ орынға иеленді. ҚазақстанРеспубликасы мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 20 жыл толуына арналған облыстық шығарма конкурсында ІІІ орын иегері. Қазақ тілі мен әдебиетінен жасөспірімдердің ІІ облыстық олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Жоғарыда аталған жетістері үшін аудандық білім беру бөлімінің мадақтамалары мен Павлодар облысының білім беру басқармасының Алғыс хаты,  Құрмет грамоталарымен марапатталды.


 Бакауов Руслан Амангельдинович

Май аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің тоғызқұмалақ жарысының І орын жеңімпазы грамотасымен марапатталды. 5-7-сынып оқушыларына арналған «Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны» бағдарламасын құрастырды. 2009-2010 оқу жылы облыстық спартакияда жарыстарында Құдайбергенов Санат қазақша күрес 3-орын, республикалық грек-рим күресінен 2 орын иегері. 2010-2011 оқу жылы облыстық спартакиада жарыстарына Құдайбергенов Санат ядро итеру, Жантенова Жұлдыз жеңіл атлетика жарысынана қатысты.Май ауданы бойынша спорт рекордтар иегерлері: Құдайбергенов Санат ядро итеру, (9 м 92 см), Жантенова Жұлдыз жүгіру( 100м уақыты 15.00 сек, 200 м 33,13 сек, эстафета 4х100 1,05,86 мин/сек). 2011-2012 оқу жылы аудан бойынша өткізілген шаңғы жарысынан 3- орын, президенттік көпсайысынан 3-орын, қысқы спорттық бағдарлану 3- орын, қыздар арасында волейболдан 3-орын , қазақша күрестен 1- орынды иеленді. 2013-2014 оқу жылы аудан көлемінде волейбол(қыздар) жарысында І орын, жеңіл атлетикадан Кайсина Таңшолпан І орын, Смагулова Куралай ІІ орын. Аудан көлемінде күрес жарысында Демкен Куат І орын, Абай Ерболат ІІ орын, Ердухуат Ергенбек ІІ орын. Аудан бойынша өткізілген президенттік көпсайысынан Кайсина Таңшолпан 2-орын, Амангелды Арналды 3 орын. Мектеп жоспары бойынша қыркүйек айында Денсаулық фестивалін ұйымдастырды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 22 жылдығына орай аудандық «Әке, шешім, мен» отбасылық жарысына қатысып, ІІІ орын алды.

 


Ахметов Ринат Куантханович

Ринат Куантханович пән бойынша «Таңертеңгі бой жазу жаттығулары», «Спорттық жарыстар» атты әдістемелік құрал құрастырды.
Сабақтарында  әр түрлі  әдіс-тәсілдерді қолданады: интервалды орындау әдісі,қайталап орындау әдісі,суреттеме әдісі, жарыс әдісі. Мұғалім арнайы жаттығулар мен жанама жаттығуларды дұрыс таңдай алады, оларды бір-бірімен байланыстыра отырып, сабақ процесіне тиімді қолдана алады. Оқушылардың денесіне түсетін  жүктеменің мөлшері, жаттығулардың қайталану саны, екпіні, тапсырманы орындау ұзақтығы талапқа сай.  Мұғалімнің сөйлеу терминологиясы, команданы пайдалану біліктілігі жоғары деңгейге қойылған.
Оқушыларды аудандық жарыстарына қатыстырып, төмендегі жетістіктерге қол жетті. Ахметжанова Баян – аудандық президенттік көп сайыстан ІІ орын иегері, Қабиден Арлан , аудандық президенттік көп сайыстан ІІ орын иегері, Абай Нурболат аудандық қысқы бағдарлану жарысынаң  ІІ орын, Амангелді Арналды аудандық қысқы бағдарлану жарысынаң  ІІІ орын, Кайсина Таңшолпан аудандық президенттік көп сайыстан ІІІ орын иегері. Және 2013 жылы қыздар волейбол командасы аудандық жарысынан  ІІІ орын иеленді. 2012-2013 оқу жылы аудан бойынша өткізілген  шаңғы жарысынан 3- орын, президенттік көпсайысынан 3-орын, қысқы спорттық бағдарлану 3- орын, қыздар арасында волейболдан 3-орын , қазақша күрестен 1- орынды иеленді.


 Мурат Серикгул

Мурат Серикгул информатика пәнінің мұғалімі. Білімі  жоғары, еңбек өтілімі 4 жыл. Санатты жоқ. Педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында 2010 жылы Intel «Болашақ үшін оқыту» бағдарламасының «ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе» курсын тыңдады.  2015 жылы 21-25 қыркүйек аралығында «PascalABC.NET ортасында программалау негіздері» тақырыбы бойынша оқыту семинарын табысты аяқтады.

2012 жылы «Жас маман-2012» байқауында ІІ орын иеленді. 2015 жылы Астана қаласы «ZIAT»Ғылыми- әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ұстаз- ұлы тұлға» атты Республикалық оқытушылар сайысына қатысып, I орын иеленді.  Аудандық білім бөлімінен “Ұстаздар күніне” байланысты алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар  білім беруде» атты облыстық конкурсында “Даярлық топтарына қазақ тілді” элетронды оқулығымен ІІ орын иеленді. 2016 жылдың қышықтықтан оқыту олимпиадасына қатысып сертификат берілді. Облыстық “Дарынды оқушыға-талантты ұстаз” байқауында қатысып сертификат берілді.  2016 жылы аудандық “Ғылыми жоба” байқауында 9-сынып оқушысы Шукутаева айсана 3 орын иеленді. 2016 жылы Ақшиман орта мектебінде “Жаңа форматтағы жаңа мұғалім” атты жастар форумына қатысып ІІІ орын иеленді. Және “Тәуелсіздігіміздің 25-жыл” толуына байланысты шарада белсене қатысқаны үшін аудандық білім бөлімінен алғыс хатпен марапатталды.

Информатика пәнінен оқушылардың қосымша дайындықтары үшін 2-4 сыныптарға арналған «Информатика әлемі», 8-сыныпқа «Компьютерлік графика және дизайн», 9-сыныпқа «Flash бағдарламасының қолданылуы» факультатив бағдарламасын құрастырды. 


Заирова Гульжан Сайлаубаевна

Гульжан Сайлаубаевна-жоғары білімді, екінші санатты, еңбек өтілімі 4 жыл. 

Гүлжан Сайлаубековна сабақтың жүйелі де мазмұнды өтуі үшін педагогикалық технологияларға сүйенеді. Технологияларды қолдану ерекшелігі мен тиімділігі арқылы  оқушылар ойын жинақтап айтуға, жүйелі сөйлеуге дағдыланады, сауатты жазуға машықтанады, өздігінен жұмыс істеу қызығушылықтары қалыптасады. Бастауыш сыныпта жүргізілетін жұмыс түрлері: тіл дамыту жұмыстары, тест тапсырмалары, шығармашылық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар.Әр сабағын мазмұнды, оқушылардың қызығушылығын арттырып, әр оқушының көңіл-күйін, психологиялық дамуын ескере отырып, сабақтарда оқытудың ең тиімді әдістерін қолданып, дәстүрлі емес сабақтар өткізеді. Мысалы: концерт сабақ, саяхат сабақ, аукцион сабақ, ассоциация сабақ т.б.

2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Тілдарын -2011» аудандық олимпиадасына қатысып, алғыс хатпен марапатталдым. Әдістемелік оқу құралы ретінде 3-сыныпқа «Тіл дамыту», «Қызықты грамматика» авторлық бағдарламаларын құрастырды. «Тіл дамыту» авторлық бағдарламасына тапсырмалар топтамасын құрастырды. Аталған бағдарламалар әдістемелік бірлестікте бекітілді.  2014 жылы аудандық пән олимпиадасындасына қатысып,  ІІІ орынды иеленді.

Қазіргі уақытта 3-сыныпқа сабақ беріп, сынып жетекшілік етеді. Жалпы сыныптың білім сапасы 78% көрсетеді.Оқушылары мемлекеттік стандартын толық меңгереді. Оқушыларының оқуға деген қызығушылығы жақсы, әр оқушы өз ойын еркін жеткізіп, өздіктерінен білім алуға талпыныстары бар. Сыныптың оқу жылдамдығы да жеткілікті жоғары деңгейде көрсетіп жүр. Сынып жетекші ретінде тәрбие жұмыстарына көп көңіл  бөледі. Оқушылары облыстық, аудандық марафон, байқауларының қатысушылары. 3-сынып оқушысы  Темірбек Ахжолдың өлеңдері облыстық Сарыарқа самалы газетінің «Айналайын» айдарында жарияланып тұрады.

Абеуова Айгерим Кусмановна

2017 жылы халықаралық блиц – олимпиадасы III дәрежелі дипломымен марапатталды. 2017 жылы Республикалық психикалық денсаулық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Кәмлетке толмағандар арасында суицидтің алдын – алу бағдарламасы» тақырыбында 162 сағатттық семинарда дәріс алды. 2017 жылы «Ресурстық орталық тірек –мектебінде 10 – 11 – сынып оқушыларын ҰБТ – ге психологиялық қолдау мақсатындағы тренинг – жаттығулар топтамасы» тақырыбында жинақ психология ғылымдарының кандидаты ПМПУ психология кафедрасының доценті З.К.Кульшариповамен рецензияланды. 2018 жылы халықаралық блиц – олимпиадасы III дәрежелі дипломымен марапатталды. 2018 жылы «kopilka.urokov.ru» сайтында әдістемелік құрал, бағдарлама жарияланды;

2018 жылы «Көктем келді» халықаралық білімді сайттың қашықтық педагогикалық конкурсының жеңімпазы. 2018 жылы 10 – 21 тамыз аралығында «Отбасылық тәрбиелеу институты» ЖШС-нің «Бақытты отбасы» отбасылық тәрбие бойынша қызметкерлерді біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқыту курсының бағдарламасы бойынша 100 сағаттық теориялық және практикалық дәріс алды.


Жаксымбетов Каиргелди Манатович.

Технология пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілімі 1 жыл. Жоғары білімді. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру мақсатында сабақ барысында қол шеберлігін, іскерлігін қолданып келеді. Сыныптан тыс уақытта оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрлі бұйымдарды құрастырып жасайды. Оқушыларының қолынан шыққан бұйымдар мектептің көрмесінде көсетілуде. “Қолөнер”, “Жас техник” бағдарламаларын құрастырды. “Қазақстан ұстазы” республикалық журналында сабақ жоспары жарияланды.

Жазкенова Альфия Болатовна

Альфия Болатовна 2017 жылы  «Казахстан, который мы знаем» атты халықаралық блиц-олимпиадасының жеңімпазы, І орын, 2017 жылы   «Основы правовых знаний педагога» атты халықаралық блиц-олимпиадасы,  ІІ орынға ие болды. 2017 жылы  «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы. 2017 жылы «Білімді ұрпақ орталығы» ұйымдастыруымен педагогика ғылымы бойынша республикалық ұстаздар олимпиадасының жеңімпазы. 2017 жылы «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Үздік сынып сағаты» атты Республикалық оқытушылар сайысында ІІІ орынды иеленді.  2018 жылы «Intolimp.kz» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен Республикалық педагог мамандар арасында өткізілген «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ең үздік үлгілі сабақ жоспары» атты байқауда І орынды алды.

Альфия Болатованың сабақтар, мақалалары баспа беттернде жарияланып отырады.  Облыстық ұстаздар газетінде «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұлағатты ұстаз» атты мақаласы (№3, «Қазақ ұстазы» атты республикалық журналына Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты 6-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары жарияланды. «Ұлы Дала Еліміз» атты байқауға қатысып, үздік сабақ жоспар жинақ кітапшасына енді.

Оқушылар байқаулар мен конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты аудандық оқушылар үйімен ұйымдастырылған Президент оқуларына Қалидоллақызы Сания қатысып, өз шығармашылығынан ІІ орын, жатқа айтудан ІІІ орын иегері. ҚР 25 жылдығына орай «Менің Қазақстаным» атты прозалық шығармалар конкурсының ІІ орын иегері. 2017 жылы аудандық кітапхана ұйымдастырған Амангельдинова Жанель аудандық Абай оқуларына қатысып, «Көз айымы» номинациясын алды. Темірбек Ахжол облыстық «Шығармашылық» шеберлер мектебі «Әдебиеттану» бағытының рейтинг нәтижесі бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткені үшін Мадақтама грамота алды. 2017 жылы Қазақстан ұстаздары қоғамымен ұйымдастырылған оқушыларға арналған республикалық қашықтық олимпиададан «Қазақ тілі» пәні бойынша Амангельдинова Жанель І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2018 жылы «IQ»-Интеллектті дамыту орталығының Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадада 16 желтоқсан -Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай ұйымдастырған «Мәнерлеп оқу» білімділер байқауында рухани жаңғырудың үздік үлгісін үздік туынды арқылы көрсеткені үшін Қалидоллақызы Сания ІІ орынға ие болды. 2018 жылы Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасында 2 оқушы І дәрежелі дипломмен, 3 оқушы ІІ дәрежелі диплом жүлдегері атанды.


 

Запись опубликована в рубрике Наш Коллектив. Добавьте в закладки постоянную ссылку.