Наурыз мейрамы

Армысың Әз-Наурыз!

     Наурыз – көшпелі түркі халқы қуанышпен қарсы алатын ең қадірлі, ең ұлы мейрам. Ескі ауырпалықтың бәрі қыспен кетіп, енді жаңа үміт, жаңа тіршілік иесінің есігі ашылған күн. Осы айда күн мен түн теңеліп, мал төлдеп,адамның ауызы аққа тиген, жер бусанып, малдың ауызы көкке тиген ырысты кезең.

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектепте Ұлыстың Ұлы күнін қуанышпен қарсы алды. Мерекеге орай жоспар құрылып, мерекелік іс- шаралар өткізілді. «Бақ -берекем, құт мерекем – әз Наурыз!», «Ұлыстың Ұлы күні» атты сынып сағаттары, “Жыл басы – Наурыз” атты ауызша журнал, «Армысың, әз Наурыз!» мерекелік концерттік бағадарлама өткізілді. Мерекелік концерттен соң мерекелік дастархан жайылып, балалармен бірге ата- аналар да қуанышқа бөленді. Ауыл кәсіпкерлері С.Т. Айдарханова мен А.О.Мусапова және мектеп ұстаздары мектептегі аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға мерекелік сыйлықтар ұсынды.

 

Ауыл кәсіпкерлері мен мектеп ұстаздарына алғыс білдіре отырып,бұл жылда барша халқымызға береке,ынтымақ, шаттық тілейміз.

 

Алина М. К. – тәрбие ісінің меңгерушісі

                                             

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.