Қош бол, сүйікті Әліппем!

1-сынып оқушыларымен “Қош бол, сүйікті Әліппем!” ертеңгілігі өтті.
Оқушылардың сауат ашу пәнін игеру барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата-аналарға көрсетіп, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін-өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Кеше ғана 1 қыркүйек айында қолдарына алғаш рет әліппе кітабын алған бүлдіршіндеріміз бүгін сол сүйікті Әліппесімен қоштасқалы отыр. Төрт ай бойы 42 әріпті оқып – жазуға үйренген, өлең жаттап тілдерін жаттықтырған, жаңылтпаш айтып тілдерін ширатқан, шағын мәтін, ертегілерді оқып, мазмұнын айтуға үйренген 1 сыныптың талантты, өнерлі, әдемі оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Ертеңгілікке ата-аналар, мұғалімдер қатысты.