28 қыркүйек – қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан үш нар тұлғаның дүниеге келген күні.

Featured Image
28 қыркүйек – қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан үш нар тұлғаның дүниеге келген күні. Бүгін Мұхтар Әуезовтің туғанына 123 жыл болса, Шерхан Мұртаза 88 жасқа, ал Оралхан Бөкей 77 жасқа толар еді.
🖊 Бір күнде туған Шерхан Мұртаза мен Оралхан Бөкейдің ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластығы баршаға үлгі бола алады. Оралхан Бөкейдің Шерхан Мұртазаға жазған мына бір хатынан жазушылардың бір-біріне деген ыстық ықыласын аңғаруға болады:
💬«Аға! Мен сізді ешқашан аты-жөніңізбен атаған емеспін. Ең алғаш көргеннен бастап «Аға» деп амандастым және сол 1967 жылдан бері туған ағадай шыншыл көңілмен сыйлап, құрмет тұтып келемін… Мен Сізді, Аға, жаһандағы жалғыз ұстазым деп, жар сала айтудан ұялмас едім, әрі осының өзін мақтан тұтар едім…».
This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.