ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДИКТАНТ ӨТТІ
05.09.2023

Бүгін, 2023 жылғы 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында, Май ауданы бойынша білім бөлімі және оқу-әдістемелік орталығы мекемелерінде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
Диктанттың мақсаты – Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттің тілдің қоғамдағы рөлін нығайту.
Диктант қазақ халқының біртуар перзенті, Алаш қайраткері, ақын, публицист Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың 130 жыл толуына орай, «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» атты тақырыбындағы мәтінге жазылды. Жалпықазақстандық ашық диктантқа мектеп директоры А.К.Жаныгулова, барлық қызметкерлер және оқушылар қатысты.
Ұлы тұлғаның өлшеусіз еңбегін бағалап, мол мұрасын зерделеу – бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы.