Monthly Archives: Тамыз 2023

“20 минут кітап оқы, 3 минут эссе жаз” атты акция

17.08.2023
Featured Image

Zhaltyr camp” сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “20 минут кітап оқы, 3 минут эссе жаз” атты акция ұйымдастырылды.
Мақсаты:Көркем әдебиетке деген оқушылардың қызығушылығын арттыру,оқырмандарды машықтандыру,кітаптарға қызықтыра білуге үйрету, ұлттық тәрбиеге баулу.
Жауапты мектеп кітапханашысы Алдангорова Ш.Н
#оқуғақұштармектепжобасы

ЖАРАЙСЫҢ, АЙДАНА!

12.08.2023
Featured Image

Жалтыр орта мектебінің 11-сынып оқушысы Өркен Айдана ХХІV Республикалық Абай оқуларынан жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Абайдың туған жерінде өткен 8-11 сынып оқушылары арасындағы шығармашылық конкурсқа республикамыздың 16 өңірінен 131 оқушы қатысқан. Байқауда даралығын көрсетіп, ерекше өнерлерімен үздік деп танылған Павлодар облысының командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Айдананы жеңісімен құттықтаймыз 💐

Қадірлі ата-аналар мен оқушылар!

10.08.2023
Featured Image

Қадірлі ата-аналар мен оқушылар!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз “Абай күні” болып белгіленді. Яғни, бұл күн ұлтымыз үшін асқақ рух, жарқын жасампаздықтың мейрамына айналмақ.
Абай – өзінің орасан ойшыл, дара данышпандығымен әлемдік деңгейге көтерілген ұлы тұлға. Рухани кеңістігіміздің адастырмас темірқазығы.
Дәл осы сәтте әлем халқы ұлы Абайдың “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” деген қанатты қағидаға айналған өлең жолдарынан ізгілік ізін тануы керек деп ойлаймын. Өйткені, Абай осы тұжырымы арқылы тек қазақ халқын ғана емес, барша адамзат баласын бейбітшілік идеясына үндеп, адами құндылықтардың бағасын асқақтатып отыр.
Ендеше, Абай мұрасын адамзаттың асыл мұраттарына жол ашқан рухани бағдарлама деп қабылдауға әбден болады!
Баршаларыңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміз еңселі, рухымыз асқақ болуын тілеймін!

«БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ» ұйымдастырылды.

09.08.2023
Featured Image

1 сыныпқа баратын мектепке дейінгі ұйымдарға бармаған балалар үшін «Балақайлар мектебі» арқылы балаларды мектепке дайындау, балалардың жаңа білім беру жағдайларына табысты бейімделуін, ойын әрекетінен оқу әрекетіне біртіндеп көшуін қамтамасыз ету. Балалардың зияткерлік, мотивациялық, эмоционалдық – еріктік дайындығына ықпал ететін және бірінші сынып оқушысының табысты бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру мақсатында мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Тайлакова А.М сабақтарын өткізуде. Курсқа 10 оқушы