КӨКТЕМГІ ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ
10.05.2023

Ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбек-адамдарды біріктіретін бірден-бір ықпалды күш. Осы орайда Жалтыр орта мектебінде 29 сәуір күні сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік-ұжым бірлігін нығайта отырып, қоршаған ортаны таза сақтау мəдениетін қалыптастыруға, ауылды, мекеме айналасын абаттандыруға , көгалдандыруға жұмылдыратын игілікті шара.
Сенбілік барысында мектептің сыртқы, ішкі аумағына қарқынды тазалық жұмыстары жүргізіліп, мекеме маңайындағы ағаш түптері қопсытылды.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына мектеп қызметкерлері бір кісідей ат салысып, ортақ мекеннің көркеюіне өзіндік үлестерін қосуда.