“ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ” АТТЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТ
04.05.2023

Жалтыр орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары “Еркін ел ұрпағы” атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазды.
Диктант жазудағы мақсат – еліміздің Тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақты тәрбиелеу.
Ең бастысы -қазақстандықтардың сауатты жазуын қалыптастыру мен мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру.