«Жазықсыз жапа шеккендер» тақырыбында еске алу кеші

Тарих пәнінің мұғалімі Бакауова Назира Отарбаевна 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Жазықсыз жапа шеккендер» тақырыбында еске алу кешін ұйымдастырды. Саяси қуғынға ұшыраған Алаш азаматтары жөнінде және Қазақстандағы саяси-қуғын сүргіннің зардаптары туралы ақпарат беріп, оқушылар Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешені жайлы баяндама оқыды. Шара жалпы құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету, келешек ұрпаққа осы қанқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұлықтау, оларды мәңгі есте сақтау мақсатында өтті.