Monthly Archives: Ақпан 2023

Есірткіге және балалар қылмысына қарсы спорт

07.02.2023
2023 жылдың 3-ші ақпан күні 2007-2010, 2011 ж.т және одан кіші жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасында “Есірткіге және балалар қылмысына қарсы спорт” ұранымен үстел теннисінен Май ауданының ашық біріншілігі өтті, аталған жарысқа Майтүбек ауылы, Кентүбек ауылы және Май ауданының БЖСМ командалары қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша
2007-2010ж.т ұлдар арасында Жалтыр орта мектебінің 10-сынып оқушысы 🥉Майдан Ади 3-орынды иеленді. Құттықтаймыз !!💐💐💐

АУДАНДЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ

06.02.2023
АУДАНДЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ
өз мәресіне жетті. «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидасы бойынша және YouTube арнасынан тікелей эфирден бақыланған республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңіне 71 оқушы қатысты (74 оқушы өтініш білдірген еді). Олимпиада қорытындысы бойынша Жалтыр орта мектебінен жалпы 12 оқушы қатысып, 8 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 1 орын – 1, 2 орын – 2, 3 орын – 5.
1️⃣ ОРЫН иегері:
Демкенова Жұлдыз -10-сынып оқушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен. Пән мұғалімі Абеуова Гульден Кусмановна.
2️⃣ ОРЫН иегерлері:
Амангельдинова Зарина 10-сынып оқушысы орыс тілі пәнінен. Пән мұғалімі Батаева Сара Капсалямовна.
Бейбитова Аяулым 10-сынып оқушысы ағылшын тілі пәні. Пән мұғалімі Уалиева Айгерим Талгатовна.
3️⃣ ОРЫН иегерлері:
Өмірбек Аққу 9-сынып оқушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен. Пән мұғалімі Андасова Алтынай Кызырхановна.
Жунусова Мадина 9-сынып оқушысы ағылшын тілі пәнінен. Пән мұғалімі Уалиева Айгерим Талгатовна.
Темірбек Мансұр 10-сынып оқушысы Қазақстан тарихы пәнінен. Пән мұғалімі Мухамедиярова Айгуль Кабылгазиновна.
Өркен Айдана 10-сынып оқушысы география пәнінен. Пән мұғалімі Исина Дамелы Бакибаевна.
Болатова Айзере 11-сынып физика пәнінен. Пән мұғалімі Кунантаева Мадина Сериковна.
Жеңімпаздарды құттықтап, облыстық кезеңге қатысушыларға СӘТТІЛІК тілейміз 💐