Daily Archives: 10/01/2023

Қысқы демалыста кітап оқимыз

10.01.2023
Featured Image

Жалтыр орта мектебінің 10-сынып оқушылары ,,Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 2023 жылы 4-6 қаңтар күндер аралығында «Қысқы демалыста кітап оқимыз» тақырыбында қыстық демалыстарын кітаппен қызықты және пайдалы өткізіп жатыр. Бос уақытында кітап оқуды ұнатқан оқушыларымыз өздерінің сүйікті шығармаларын оқып, білімдерін жетілдіріп, өздері оқыған ертегі, шығармаларының кейіпкерлерінің суретін салуда. Болашақта кітап оқығандар, компьютерде отырғандарды басқарады. Осы шараға қатысу арқылы оқырмандарымыздың яғни оқушыларымыздың қысқы демалыстарын қызықты өткізіп жатқандықтарын көре аламыз.

Қысқы каникул I Qanat-пен бірге.

10.01.2023
Featured Image
2023 жылғы 3-7 қаңтар аралығында Шучинск қаласында өткен IQanat Intensive Program жобасы аясында мектебіміздің 10-сынып оқушысы Амангельдинова Наргиз қатысып келді. Оқу курсында IT дағдыларын қалыптастыру мақсатында көптеген қосымшалармен жұмыс жасап, өз жобаларын жасап, тәжірибе алмасты.
@bilim_mai
@iqanatkz
@iqanat_pavlodar