Monthly Archives: Қаңтар 2023

Тамақтану сапасын бақылау

31.01.2023
Featured Image

Қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитет мүшелерінің қатысуымен мектеп жоспарына сәйкес тамақтану сапасына бақылау жүргізілді. Мұнда 1-4 сынып оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы, аз қамтылған отбасы балаларының ас мәзірі, рационалды тамақ түрлерімен танысып, сапасын бақылады. Бақылау қорытындысы бойынша оң пікірлерін білдірді.

“ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ”

23.01.2023
Featured Image
Республикалық жобасын іске асыру және пікірсайыс қозғалысын дамыту мақсатында өткізілген аудандық турнирге қатысқан командаларды іріктеу 3 айналымнан өткізілді. Жартылай финалда 8 команда пікір сайыстырып, финалға 4 команда шықты.
Айқын және дәлелді пікір білдіріп, өз позициясын қорғай білген келесі командалар жүлделі орындарға ие болды.
2️⃣ ОРЫН
🔸️«Бірлік» (Жалтыр ОМ).
3️⃣ ОРЫН
🔸️«Болашақ» (Жалтыр ОМ);
📣 «ҮЗДІК СПИКЕР» номинациясы:
🔹️Ерік Нұрдина – Жалтыр ОМ;
📣 «ҮЗДІК ОРАТОР» номинациясы:
🔹️Демкенова Жұлдыз – Жалтыр ОМ;
🔹️Өмірбек Аққу – Жалтыр ОМ;
Жетекшілері Бакауова Назира Отарбаевна
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 💐

“Мен – репортёрмін” республикалық байқауы

16.01.2023
Featured Image
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған “Мен – репортёрмін” республикалық байқауында жеңімпаз атанып,
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған Жалтыр орта мектебінің 10- сынып оқушысы Өркен Айдананы шын жүректен құттықтаймыз!!! Жетекшісі Мұрат Серікгүлге шынайы алғысымызды білдіреміз!!!

«Көліктегі қауіпсіздік!»

14.01.2023
Featured Image
Темір жол көлігі нысандарында балалар арасында жазатайым оқиғалардың алдын мақсатында балаларды және олардың ата-аналарын- темір жол аса қауіпті аймақ екенін ескертеміз.
Темір жол, қарапайым ережелерді сақтамайтындарға ерекше қауіпті. Адамдардың темір жолда жарақат алуының да ең негізгі себебі- ережелерді өрескел болып табылады.
Ақсу станциясындағы желілік полиция бөлімщесі ЕСКЕРТЕДІ:
– темір жолмен жүруге қатаң түрде тиым салынған!
– темір жол бойымен, шеткі рельстен 5 метрден аса қашықтықта жүру керек!
– темір жолды арнайы төсеніштер арқылы, жақын жерде пойыздың жоқтығына көз жеткізіп барып, бірақ кесіп өтуге болады!
– темір жолды кесіп өту кезінде құлақ қаппен ұялы телефонды пайдалануға болмайды!
– темір жолда тұрған вагондарға шығуға болмайды, темір жол электрлендірілген, қуаты 27000 вольт!
Құрметті азаматтар, Сіздерден темір жолда барлық ережелерді сақтауға және баларға бақылауды күшейтуді сұраймыз!!!
Ақсу станциясындағы желілік полиция бөлімшесі

Қысқы демалыста кітап оқимыз

10.01.2023
Featured Image

Жалтыр орта мектебінің 10-сынып оқушылары ,,Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 2023 жылы 4-6 қаңтар күндер аралығында «Қысқы демалыста кітап оқимыз» тақырыбында қыстық демалыстарын кітаппен қызықты және пайдалы өткізіп жатыр. Бос уақытында кітап оқуды ұнатқан оқушыларымыз өздерінің сүйікті шығармаларын оқып, білімдерін жетілдіріп, өздері оқыған ертегі, шығармаларының кейіпкерлерінің суретін салуда. Болашақта кітап оқығандар, компьютерде отырғандарды басқарады. Осы шараға қатысу арқылы оқырмандарымыздың яғни оқушыларымыздың қысқы демалыстарын қызықты өткізіп жатқандықтарын көре аламыз.

Қысқы каникул I Qanat-пен бірге.

10.01.2023
Featured Image
2023 жылғы 3-7 қаңтар аралығында Шучинск қаласында өткен IQanat Intensive Program жобасы аясында мектебіміздің 10-сынып оқушысы Амангельдинова Наргиз қатысып келді. Оқу курсында IT дағдыларын қалыптастыру мақсатында көптеген қосымшалармен жұмыс жасап, өз жобаларын жасап, тәжірибе алмасты.
@bilim_mai
@iqanatkz
@iqanat_pavlodar