Monthly Archives: Желтоқсан 2022

АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ

30.12.2022
27 желтоқсан күні “Қош келдің, жаңа жыл-жаңа белес, жаңа арман” атты аудан әкімі атынан жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Жаңа жылдық шыршаға аудан әкімі Әмірин Ағыбай Қойшыбайұлы арнайы қатысып, балаларды жаңа жылдық мерекемен құттықтады. Барлық қатысушыларға аудан әкімі атынан тәтті сыйлықтар табысталды. Осы шараға Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінен 10 оқушы қатысты.
     

“Қош бол, сүйікті Әліппе!” атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі

29.12.2022
Featured Image
Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде 28.12.2021 ж күні 1-сынып жетекші А.С.Бейсекеева “Қош бол, сүйікті Әліппе!” атты әліппемен қоштасу ертеңгілігін өткізді.
Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған бөлімдерінің көрсету, пысықтау, білім,білік дағдыларын дамыту.Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру. Барлық кітаптың атасы -Әліппе.Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы жолы,білімге бастайтын сара жол
#Әліппемен қоштасу

Бастауыш сынып онкүндігі аясында ашық сабақтар өткізілді.

27.12.2022
Featured Image

Бастауыш сынып онкүндігі аясында ашық сабақтар өткізілді. Сабақтарда оқу мақсатында сай тапсырмалар, кері байланыстар, тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Цифрлық білім беру ресурстары пайдаланды.

“Оқы және жеңіске жет” байқауы

22.12.2022
Featured Image

“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектепішілік 5-10 сыныптар арасында “Оқы және жеңіске жет” байқауы өткізілді.
Байқау екі кезеңнен тұрды.Бірінші кезеңде оқушыларға ұсынылған шығармалардан тест алынды. Екінші кезеңде “Шығарма сайысы”,оқушылар берілген тақырыптарға шығарма жазды. Екі кезең нәтижесі бойынша жүйріктер анықталып,l, lI, III орындарымен марапатталды.
Шараға қазақ тілі мұғалімдері, информатика мұғалімі, мектеп кітапханашысы,ағылшын және орыс тілі пәнінің мұғалімдері жауапты болды.

Құттықтаймыз!

15.12.2022
Featured Image

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлесі үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абеуова Гульден Кусмановна Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Ерлан Қошановтың “Алғыс” хатымен марапатталды.

«Менің Туым» облыстық жобасы

14.12.2022
Featured Image

«Отан Туым» акциясы «Менің Туым» облыстық жобасы аясында өткізілуде.  2-кезең
Акция оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттілік рәміздеріне құрметпен қарауды, патриоттық рухты және өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні

13.12.2022
Featured Image

16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген -Тәуелсіздік күні. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні -тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына егеменді ел болған күні.
«Тәуелсіздік – ел ұраны» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру. Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, оқушыларды өз елін сүюге, қастерлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге , өз ана тілін сүюге баулу.
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!
Ол әркімге еркін өмір сыйлады.
Білімділер алға шығып елімде,
Жақсы атақпен ңұр шапағын жинады.
Тәуелсіздік -бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Ел Тәуелсіздігінің 31 жылдығы құтты болсын!
Сынып жетекшісі: Исина Д.Б.

ПОРТШЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

12.12.2022
Featured Image

ҚР Тәуелсіздік күніне орай және «Парасат жолы» жобасы аясында Кеңтүбек ауылдық клубының спорт әдіскері, қол күрес (армрестлинг)спорт түрінен Азия чемпионатында “Қола медаль” иегері Руслан Валитовпен кездесу кеші болып өтті. Жас өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған кездесуге көрермен ретінде мектептің оқушылары қатыстырылды. Кездесу барысында оқушыларды толғандырып жүрген көптеген сұрақтар қойылды, спорттағы жетістіктері жайлы айтылып, ҚР қол күресінен 5-дүркін чемпионы Валитов Руслан ауданымызда жастар арасында спорттың дамуы туралы атап өтті, жасөспірімдерге өнеге боларлық әңгімелер қозғалды.

Менің Отаным-Қазақстан

10.12.2022
Featured Image

2022 жылдың 30 қарашасында “Менің Отаным-Қазақстан” атты оқушылар арасында ХХІІ ші аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы “Өлкетану” секциясы бойынша қашықтық форматта өтіп, мектебіміздің 10- сынып оқушысы Амангельдинова Наргиз “Ұлы даланың жеті қырының бірі Киелі Түркістан Түркі әлемнің бесігі” тақырыбымен III орынға ие болды. Жетекшілері тарих пәнінің мұғалімі Бакауова Назира Отарбаевна
🔹️ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Lesson Study

05.12.2022
Featured Image

Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. Алгебра 8-сынып. Пән мұғалімі Кабдыкаримова М.Т

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ оқулары

01.12.2022
Featured Image

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ оқуларыоқуларының аудандық кезеңіне 18 оқушы қатысты. Сайыс 3 бағыт бойынша өтті.
«Көкрегімде жыр сәулесі маздайды…» айдарында оқушылар өз шығармаларын және ақынға арнаған туындыларын оқыды. Аталған бағыт бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Өркен Айдана қатысып, жүлделі 2-орынға иеленді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ