Monthly Archives: Қыркүйек 2022

Қызықты үзілістер

29.09.2022
Featured Image

Мектеп тәрбие жұмысының іс-шаралар жоспары бойынша және “Қызықты үзілістер” жобасы аясында оқушылардың үзіліс кезінде бос уақыттарын тиімді пайдалану, қызығушылық ояту мақсатында мектебімізде түрлі бұрыштар ұйымдастырылды.

Жас мамандарға әдістемелік көмек.

28.09.2022
Featured Image

Жас мамандарға әдістемелік көмек. Оқу ісінің меңгерушісі Базылбаева Э.Е жас мамандарға, жұмысқа жаңадан кіріс жатқан мамандарға kundelik.kz жүйесімен жұмыс жүргізу барысы түсіндірілді.

«Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.

02.09.2022
Featured Image

2022 жылдың 29 тамыз күні «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Мектеп директоры А.К.Жаныгулова өткен оқу жылының қорытындысымен таныстырып, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері айқындалды. Оқу ісінің меңгерушісі Э.Базылбаева жаңа оқу жылының әдістемелік нұсқау хатымен, жұмыс жоспарларымен таныстырды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.К.Абеуова «Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында сөз сөйледі.

1 қыркүйек “Білім күні”

01.09.2022
Featured Image
“Жалтыр жалпы орта білім беру мектебі” 1 қыркүйек Білім күніне арналған ” Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық” тақырыбында алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып және 2-11-сынып оқушыларына салтанатты жиын өтті. Мектеп директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна ұстаздар мен оқушыларды және ата – аналарды мерекемен құттықтап, жаңа 2022-2023 оқу жылына сәттілік тіледі! Қонақ ретінде аудандық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Енсебаев Р.Е., Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы Сергазина А.Н., Аудандық маслихат депутаты Ботабай Қ.Б. және Кеңтүбек селолық округінің бас маманы Хамидолла С. қатысты. Жиында мектеп оқушылары ән шырқап, 4- сынып қыздары би биледі. Салтанатты жиында 11-сынып оқушылары 1-сыныпқа келген балаларға “Әліппе” кітабын тарту етті.
и ещё 3
Амака Амака и ещё 6
Поделились: 3
Нравится

Комментировать
Поделиться

1 қыркүйек күні

01.09.2022
Featured Image

1 қыркүйек күні “Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық” тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға еңбектің адам үшін маңыздылығын жан жақты аша отырып шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілеттерін дамыту.