Monthly Archives: Тамыз 2022

Аудандық тамыз кеңесі

27.08.2022
Featured Image

2022 жылдың 27 тамыз күні жыл сайынғы аудандық тамыз кеңесінде мектеп директоры Анар Каиркеновнаның еңбегі еленіп, “Аудан алдында сіңірген еңбегі үшін”төсбелгісімен және информатика пәнінің мұғалімі Мұрат Серікгүл Білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Достаева Қарлығаш Зарлыковна Аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз!

Мектеп формасына қойылатын талаптар

03.08.2022
Featured Image
Жария талқылауға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға түзетулер енгізілді.
Талаптарға сәйкес мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келуі керек. Мектеп формасының стилі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында, үш түстен аспайтын түстерді араластыруға жол беріле отырып ұсталады. Мектеп формасының түсі тыныш және ашық емес реңктерден таңдалады.
Мектеп формасына түрлі конфессиялардың діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.
Талаптардың жаңа редакциясында қыздарға арналған мектеп формасы мыналарды қамтиды:
Пиджак, жилет, юбка, шалбар, түймелері немесе құлпы бар трикотаж кардиган (бомбер), классикалық блузка (қысқы кезең: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбар еркін кесілген және ұзындығы бойынша аяқтың білектерін жабады.
Мектеп формасында орта білім беру ұйымдарының айырым белгілерін (эмблема, жапсырма, шеврон және т.б.) орналастыруға жол беріледі.
Мектеп формасының түсін, фасонын және юбка ұзындығын таңдауды орта білім беру ұйымы және Кеңес (мектеп кеңесі, Қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) айқындайды, жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
Бұл ретте мектеп формасының жекелеген өндірушілеріне артықшылық беруге жол берілмейді. Ата-аналар өндірушіні таңдауда және мектеп формасын алуда тәуелсіз.
Сонымен қатар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары ата-аналар мен білім беру ұйымдарына әкімшілік аумақтық бірлікте мектеп формасының бірыңғай түсін таңдауды ұсынады.
Мектеп басшысы мектеп формасын сақтау мәселесін кеңеске (мектеп кеңесі, Қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) шығарады.
Құжат 22 маусымға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.