Daily Archives: 09/05/2022

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛЫП ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

09.05.2022
Featured Image
9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай, Кеңтүбек селолық округінің әкімі С.Б.Бакауов, мектеп директоры А.К.Жаныгулова және ауыл тұрғындары орталық саябақтағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып қойылған Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлеріміздің рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.
Отан үшін от кешкен батыр бабалардың ескерткішіне құрмет көрсетілді.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!