Daily Archives: 05/05/2022

Құрметті оқырмандар!

05.05.2022
Featured Image
Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде ” Balaqorgau” балаларға көмек тақтайшасы ілінді.
Балалар жылына арналған іс – шараларды іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «balaqorgau» веб-сайты арқылы балалар мен олардың ата-аналарына тегін консультациялық көмек көрсету бойынша «Bala Qorgau» жобасын іске асыруда.
Егер сіз мектепте, үйде және көшеде қиындықтарға тап болсаңыз, планшеттен (смартфоннан) QR-кодты сканерлеу арқылы https://bala.gov.kz сайтына кіре аласыз.
Бүгінгі күні мектептерде, QR-кодтары бар тақтайшалар орнатылып, білім алушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қаласаңыз, мамандардан жеке кеңес алуға өтініш бере аласыз, ол қажет болған жағдайда Сізбен хабарласады. Сондай-ақ, сайтта проблемалық жағдайларды шешу бойынша кеңестермен танысуға болады.

АУДАНДЫҚ ЖАС ЖОЛ САҚШЫЛАРЫ САЙЫСЫ

05.05.2022
Featured Image
Сайыс қорытындысы бойынша Жалтыр орта мектебінің оқушылары:
1️⃣ «Саптық қарау» – Сап түзеу және саптық жүріс бойынша 1-орын;
2️⃣ «Жас санитар» – алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша Умирбекова Наргиз 2-орын;
3️⃣ «Жас реттеуші» – жол белгілерін реттейтін іс-қимыл қозғалыстарын көрсету бойынша Кабдыкаримов Жан 1-орын;
4️⃣ «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» – арнайы жасақталған жолдағы қозғалыс тәртібін көрсету бойынша Шаримбеков Қайрат 2-орын.
Жалпы есепте Жалтыр орта мектебінің оқушылары 12 команданың ішінен 3-орынды иеленді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 💐

ЕРЛІК-ЕЛ МҰРАТЫ

05.05.2022
Featured Image
Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде 4 мамыр күні 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлік» туралы түсінік қалыптастыра отырып, оқушылардың өзінің көзқарасын, ойын жеткізу қабілетін арттыру, өзіне деген сенімін нығайту және оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында Ауған соғысының ардагерлері Тлеубаев Оразбек Қаратайұлы мен Зарыққанов Нұржан Тілегенұлының қатысуымен “Ерлік” сабағы өткізілді.
Кездесу барысында қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп,
оқушыларға соғыс уақытындағы қиындықтар туралы айтып берді. Балалар Ауған соғысы ардагерлерінің әңгімелерін қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарына жауап алды. Ардагерлер оқушыларды патриоттыққа тәрбиелейтін шаралардың өскелең ұрпаққа беретін пайдасы мол екенін айтып, әрбір азамат өз отанының батыл қорғаушысы болып өсуі тиіс деп сөзін қорытындылады. Сонымен қатар балаларға бейбіт аспан, адал еңбек, жақсы білім алуларын тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Ұйымдастырған: тарих пәнінің мұғалімдері Бакауова Назира Отарбаевна мен Исина Дамелы Бакибаевна және мектеп кітапханашсы Алдангорова Шолпан Нуртаевна