Monthly Archives: Мамыр 2022

«Біз бірдейміз» акциясы

20.05.2022
Featured Image
Облыста 2022 жылғы 23 мамыр сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін «Біз бірдейміз» акциясы басталады.
Бұл акцияның мақсаты – ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыру, аутизм спектрінің бұзылуының белгілерін анықтау, түзету жұмыстарының нәтижелерін және ата-аналардың логопедтік жұмысқа қызығушылығын арттыру болып табылады.
Акцияны өткізу орны:
– Облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (Павлодар қ., П. Васильев к-сі, 17);
– Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (Павлодар қ., Ак. Марғұлан к-сі, 89);
– Павлодар қ. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы (Павлодар қ. Луначарский к-сі, 9/8):
– Екібастұз қ. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (Екібастұз қ. Павлов к-сі, 7);
– «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы (Павлодар қ., Луначарский к-сі, 28);
– жалпы білім беретін мектептер мен жалпы үлгідегі балабақшалар.
@kppk.maisk

Заманауи білім беру ұйымдарын басқару

19.05.2022
Featured Image

2022 жылы 18 мамыр күні Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығы базасында «Заманауи білім беру ұйымдарын басқару: жағдайы, мәселелері, болашағы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы онлайн жүйесінде өткізілді. Конференцияда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Базылбаева Эльмира Егинбаевна «Сатылар арасындағы сабақтастықты нығайту-білім сапасының кепілі» тақырыбы бойынша іс-тәжірибемен бөлісті. @bilim_mai @mai.metod

Жазғы мектепті ұйымдастыру

17.05.2022
Featured Image
Kundelik.kz жүйесінде Жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша пост-нұсқаулық. Назар аударыңыз❗ Жазғы мектепті қосу қажеттілігі туралы сұрақтарды мектептің Басқарушы ұйымынан нақтылау қажет.Қосымша туындаған техникалық сұрақтарыңызды Қолдау қызметіне келесі байланыс деректері бойынша қоя аласыздар:📞 +7 (727) 313-18-32 (Дс – Жм, 09:00-ден 18:00-ге дейін)📧 team@kundelik.kz
и ещё 6
2

Татулықтың тұтастығы” хореография шеберлігінің аудандық конкурсы

17.05.2022
Featured Image

17 мамыр күні Б.Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебінде балалар жылын мерекелеу шеңберінде “Татулықтың тұтастығы” хореография шеберлігінің аудандық конкурсы өтті. Конкурста Жалтыр орта мектебінің 3-сынып оқушылары орыс биімен 2-орынды иеленді. Жетекшісі Заирова Гульжан Сайлаубаевна. Құттықтаймыз 🎊✊🥈

IQanat білім беру қорының, менторлық қолдау жобасы

15.05.2022
Featured Image

IQanat білім беру қорының, менторлық қолдау жобасының аясында Қазақстан және Жапония оқушыларының арасында өткен іс-шараларға белсенді қатысып, Қазақстан республикасын Халықаралық деңгейде жоғары дәрежеде таныстыруға атсалысқаны үшін Жалтыр орта мектебінің 10-сынып оқушысы Каирбек Арлан алғыс хат және сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз. Жарайсың, Арлан!!🎊🎉👍👍👍

021-2022 оқу жылының қорытынды аттестаттау мен жазғы мектепті ұйымдастыру б

11.05.2022
Featured Image

Оқу жылын аяқтау бойынша құжаттармен таныстыру. Оқу ісінің меңгерушісі Э.Базылбаева 2021-2022 оқу жылының қорытынды аттестаттау мен жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша ақпарат берілді.

ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

10.05.2022
Featured Image
Құрметті оқырмандар, оқушылар мен ата-аналар! Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
🇰🇿Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
🇰🇿Ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
🇰🇿Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!
МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!
Ізгі ниетпен Жалтыр орта мектебінің ұжымы

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛЫП ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

09.05.2022
Featured Image
9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай, Кеңтүбек селолық округінің әкімі С.Б.Бакауов, мектеп директоры А.К.Жаныгулова және ауыл тұрғындары орталық саябақтағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып қойылған Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлеріміздің рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.
Отан үшін от кешкен батыр бабалардың ескерткішіне құрмет көрсетілді.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!

Құрметті жерлестер!

07.05.2022
Featured Image
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашан мақтан тұтамыз. Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс күштері кепіл болары сөзсіз.
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсетуге тиіспіз. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Әрдайым еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, даңқы өрлей берсін!
Құрметпен, мектеп ұжымы

Құрметті оқырмандар!

05.05.2022
Featured Image
Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде ” Balaqorgau” балаларға көмек тақтайшасы ілінді.
Балалар жылына арналған іс – шараларды іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «balaqorgau» веб-сайты арқылы балалар мен олардың ата-аналарына тегін консультациялық көмек көрсету бойынша «Bala Qorgau» жобасын іске асыруда.
Егер сіз мектепте, үйде және көшеде қиындықтарға тап болсаңыз, планшеттен (смартфоннан) QR-кодты сканерлеу арқылы https://bala.gov.kz сайтына кіре аласыз.
Бүгінгі күні мектептерде, QR-кодтары бар тақтайшалар орнатылып, білім алушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қаласаңыз, мамандардан жеке кеңес алуға өтініш бере аласыз, ол қажет болған жағдайда Сізбен хабарласады. Сондай-ақ, сайтта проблемалық жағдайларды шешу бойынша кеңестермен танысуға болады.

АУДАНДЫҚ ЖАС ЖОЛ САҚШЫЛАРЫ САЙЫСЫ

05.05.2022
Featured Image
Сайыс қорытындысы бойынша Жалтыр орта мектебінің оқушылары:
1️⃣ «Саптық қарау» – Сап түзеу және саптық жүріс бойынша 1-орын;
2️⃣ «Жас санитар» – алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша Умирбекова Наргиз 2-орын;
3️⃣ «Жас реттеуші» – жол белгілерін реттейтін іс-қимыл қозғалыстарын көрсету бойынша Кабдыкаримов Жан 1-орын;
4️⃣ «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» – арнайы жасақталған жолдағы қозғалыс тәртібін көрсету бойынша Шаримбеков Қайрат 2-орын.
Жалпы есепте Жалтыр орта мектебінің оқушылары 12 команданың ішінен 3-орынды иеленді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 💐

ЕРЛІК-ЕЛ МҰРАТЫ

05.05.2022
Featured Image
Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінде 4 мамыр күні 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлік» туралы түсінік қалыптастыра отырып, оқушылардың өзінің көзқарасын, ойын жеткізу қабілетін арттыру, өзіне деген сенімін нығайту және оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында Ауған соғысының ардагерлері Тлеубаев Оразбек Қаратайұлы мен Зарыққанов Нұржан Тілегенұлының қатысуымен “Ерлік” сабағы өткізілді.
Кездесу барысында қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп,
оқушыларға соғыс уақытындағы қиындықтар туралы айтып берді. Балалар Ауған соғысы ардагерлерінің әңгімелерін қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарына жауап алды. Ардагерлер оқушыларды патриоттыққа тәрбиелейтін шаралардың өскелең ұрпаққа беретін пайдасы мол екенін айтып, әрбір азамат өз отанының батыл қорғаушысы болып өсуі тиіс деп сөзін қорытындылады. Сонымен қатар балаларға бейбіт аспан, адал еңбек, жақсы білім алуларын тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Ұйымдастырған: тарих пәнінің мұғалімдері Бакауова Назира Отарбаевна мен Исина Дамелы Бакибаевна және мектеп кітапханашсы Алдангорова Шолпан Нуртаевна

1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні!

01.05.2022
Featured Image

1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған”Бір шаңырақ астында” атты іс-шарасы өтті. Әр ұлт өкілдерін бөліп алған сыныптар сол ұлттың салт-дәстүрін, тағамын, өнерін насихаттап тілектерін айтты. #1мамыр #1мамырқазақстанхалқыныңбірлігікүніқұттыболсын