Daily Archives: 10/01/2022

2022 жылғы 10 қаңтар — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні!

10.01.2022
Featured Image
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығымен Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Қаза тапқан жандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілек білдіреміз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Тәуелсіздікті сақтау—бірлікте болу!

“КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ!”

10.01.2022
Featured Image
ЕЛ БІРЛІГІН САҚТАУ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ!
Елімізде болып жатқан ахуал баршамызды алаңдатады. Осындай қиын-қыстау кезде барлығымыз бірлігімізді көрсетіп, ел іргесі тыныш болуына ат салысайық. Ол үшін мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуіне құлақ асайық. Елімізді көздің қарашығындай қорғау бәріміздің міндетіміз. Біз сізге сенеміз және қолдау көрсетеміз!
Жалтыр орта мектебінің ұжымы