Monthly Archives: Желтоқсан 2021

Облыс әкімінің мерекелік сыйлықтары

25.12.2021
Featured Image
2020 жылдың 25 желтоқсан күні балаларға мерекелік сыйлықтарды Аяз Ата мен Ақшақар жеткізді.
Биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңажылдық шыршаларды өткізуге тыйым салынды, сондықтан сыйлықтар әр балаға облыс әкімі атынан арнайы жеткізілді. Осы жылы аудан бойынша 5 балаға, оның ішінде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балаларға сыйлықтар табысталды. Біздің мектебімізден 7-сынып оқушысы Қазымжанұлы Қанат та бар. Балалар облыс әкімінен тәтті сыйлық, құттықтау хат, жұмсақ ойыншық, сондай-ақ ақшалай сертификат алды.
Қанат қонақтарды мерекеге арнап өлең оқып, алғыс пен құттықтауын айтып, қуатты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймыз!

16.12.2021
Featured Image
Тәуелсіздік күні – еліміз бен әрбір қазақстандық үшін ең маңызды әрі айтулы мерекенің бірі. Биыл біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жуырдағы «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында атап өткендей, бұл мерзім адамзат тарихы үшін қас-қағым ғана сәт болғанымен, орда бұзар жасқа енді толған тәуелсіз Қазақстан үшін ол – үлкен белес, асқаралы асу.
16 желтоқсан – бұл жай ғана маңызды күн емес, бұл Отанымыздың егемендігінің, әл-ауқатының және жетістігінің нышаны.
Елбасы халықтың қолдауымен мемлекеттің дамуы үшін аса маңызды тірек қалыптастырды – экономикалық өсімге жағдай жасалды, ұлттық мәдениет, ең басты құндылық – бейбітшілік пен келісім сақталды.
30 жыл ішінде Қазақстан диалогқа әрдайым ашық ел ретінде халықаралық беделге ие болды.
Еліміз өзге мемлекеттердің сеніміне кірді, қазір бізде әлемдік деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі.
Барлығыңызды Тәуелсіздік мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз және Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, байлық пен бақытты ғұмыр тілейміз.
Біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда бейбітшілік орнасын!
Ізгі ниетпен мектеп директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна және мектеп ұжымы

1-11-сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында сынып сағаттары

15.12.2021
Featured Image
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 1-11-сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарған еңбегін жас ұрпаққа жеткізу.
«Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Егемендік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Бірақ арада қаншама жыл өтсе де біз тарихымыздағы ұлт қайраткерлері мен батырларымыздың ерлігін ұмытпауымыз керек

“Жас Ұлан, “Жас Қыран” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы

15.12.2021
Featured Image
Жас Ұлан”-жігерлі де жайдарлы ұйым.
Төл мерекен жыл сайын тойланды ұйым!
Жанғырып жанданатын жылдан-жылға
ЖасҰлан-жалынды ұйым, айбарлы ұйым.
⚜️⚜️ Мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып және “Жас Ұлан” ұйымының 10 жылдық мерей тойына арналған “Жас Ұлан” ,”Жас Қыран” республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына 4- сынып оқушыларын қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті.
⚜️⚜️ “Жас Ұлан, “Жас Қыран” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына 4-сынып 3 оқушы ұйым қатарына қабылданды.
Салтанатты жиында Кеңтүбек селолық округінің әкімі Бакауов Серік Бекенұлы, аудандық мәслихаттың депутаты Ботабай Қабыкен Болатұлы және мектеп басшысы Жаныгулова Анар Каиркеновна “Жас Ұлан”,”Жас Қыран” ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтап келешек ұрпаққа сәттілік тіледі.

” Тәуелсіздік тірегім!” атты мектепішілік мерекелік шара

15.12.2021
Featured Image
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес.
15 желтоқсан күні ” Тәуелсіздік тірегім!” атты мектепішілік мерекелік шара өтті.

“Жас тарихшылар алаңы” атты интеллектуалды сайысы

15.12.2021
Featured Image

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, қоғамдық- гуманитарлық онкүндік аясында тарих пәнінің мұғалімі Н.О.Бакауова және информатика пәнінің мұғалімі Мұрат Серікгүлдің ұйымдастыруымен серіктес мектептер Малайсары ОМ, А.Иманов атындағы лицей – мектебі, Саты НМ және Қазан ОМ оқушыларымен “Жас тарихшылар алаңы” атты интеллектуалды сайысын өткізді.

Тәуелсіздік – Ұлы дала елінің ұлық мерекесі.

15.12.2021
Featured Image
Тәуелсіздік – Ұлы дала елінің ұлық мерекесі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – еліміз үшін мерейлі меже, айтулы белес.
15 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.
Салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мектебіміздің директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төсбелгімен марапатталды.
Жалтыр орта мектебінің ұжымы жыл басынан бері Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында көптеген ауқымды іс-шараларды жүзеге асырды. Осы игі бастамаларды көтеріп, мектебіміздің дамуында көш бастап жүретін іскер басшымыз Анар Каиркеновнаны шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге, ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізге тілектеспіз!
Ізгі тілекпен Жалтыр ОМ ұжымы💐💐💐💐 @anarzhanygulova

«Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында сынып сағаты

14.12.2021
Featured Image
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 1-11-сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жолында атқарған еңбегін жас ұрпаққа жеткізу.
«Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Егемендік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Бірақ арада қаншама жыл өтсе де біз тарихымыздағы ұлт қайраткерлері мен батырларымыздың ерлігін ұмытпауымыз керек. #QAZAQSTAN30 #тәуелсіздікке30жыл

«Тәуелсіздіктің – 30 жылдығына» арналған «Шахмат-day» атты шахмат ойынынан сайыс

14.12.2021
Featured Image
Биылғы жыл – төл тарихымыздың айшықталып, бүкіл түркі әлеміне паш еткен Тәуелсіздік деген – ғажап теңдесі жоқ атауға ие болғанымызға – 30 жыл толды. Бұл қазақ тарихындағы баға жетпес, баянды бақыттың, келешек ұрпақтың жарқын болашағының діңгегі. Тәуелсіздік толғауы барлық жерде түрлі тақырыпта бастау алып, жоспар бойынша жалғасын табуда. Соның бірі біздің мектепте «Тәуелсіздіктің – 30 жылдығына» арналған «Шахмат-day» атты шахмат ойынынан сайыс болды.
Мақсаты – жас ұрпақты жан – жақтылыққа тәрбиелеу, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру және де еліміздің тәуелсіздігін ұлықтау.

1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні

06.12.2021
Featured Image
1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні бекітілген жоспарға сәйкес 8-сыныптар арасында мектеп медбикесі Г.А.Конурбаеваның ұйымдастыруымен түсіндірме жұмыстар өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту. Зиянды әдеттерден аулақ болып,өзін де,өзгені зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге,салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Оқушыларға интербелсенді тақта арқылы ЖИТС-тің алдын-алу, жұғу жолдары туралы мағлұмат берілді.

Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар мен біздің сайтымыздың оқырмандары!

01.12.2021
Featured Image
Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.
Тұңғыш президент есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке – бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы – жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін.
Ізгі ниетпен: Жалтыр орта мектебінің директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна және мектеп ұжымы