Daily Archives: 11/11/2021

Хабарландыру

11.11.2021
Featured Image
Құрметті оқушылар, мектепішілік пән олимпиадасына белсенді қатысуға шақырамыз. Сәттілік тілейміз🎊🎊

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!

11.11.2021
Featured Image
Назарларыңызға ​ төтенше қызмет телефон нөмірлері бар жаднаманы ұсынамыз.
Жаднаманы балаларыңызбен бірге көруді ұмытпаңыз.
Балалардың төтенше қызмет телефон нөмірлерін білуі оқыс оқиғаның алдын алуға көмектеседі.

Сүйіспеншілік-жүректен

11.11.2021
Featured Image
Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі К.Н.Смагулова “Сүйіспеншілік-жүректен” тақырыбында іс – шара ұйымдастырды.
Оқушыларға сүйіспеншіліктің өмір өзегі екендігін ұғындыра отырып,1-сынып оқушылар арасында туыстарына сурет салу арқылы сыйлықтар сыйлау әңгімесі жүргізілді.

АДАЛ ЖӘНЕ САТЫЛМАЙТЫН ЕҢБЕК БЕЙНЕСІ

11.11.2021
Featured Image
2021 жылғы 4 қараша күні санитарлық талаптарды сақтай отырып, балалардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында
“Бала құқығы – адам құқығы” тұжырымдамасы негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатында
2-6- сынып оқушылары арасында “Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі” тақырыбында сурет байқауы болып өтті. Байқауды көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ж.О.Қайырбек жүргізді.
Байқаудың мақсаты: Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, өскелең ұрпақты адал еңбекке үйрету, еліміздің ертеңі жарқын болатынындай азаматтарды тәрбиелеу.
Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың кез – келген көріністерін ой елегінен өткізген оқушылар, қағаз бетіне қылқаламмен, түрліше бояу тілімен бейнеледі. Оқушылардың жұмыстарында өзінің еңбегіне деген шыншылдық, адалдық, параға төзбеушілік туралы көріністері бейнеленген.

«Парасатты ұрпақ – ұлт болашағы» облыстық эссе және өлеңдер конкурсы

11.11.2021
Featured Image
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына «Парасатты ұрпақ – ұлт болашағы» облыстық эссе және өлеңдер конкурсы
Жалпы ережелер
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасатты ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында облыстық эссе мен өлеңдер конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізудің осы қағидалары оның мақсатын, міндеттерін, форматын, ұйымдастыру, өткізу және қорытынды шығару тәртібін айқындайды.
2. Мақсаты: оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық сауаттылықты арттыру, адамгершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным негіздерін қалыптастыру, оқушылардың азаматтық бастамаларын дамыту.

Хабарландыру

11.11.2021
Featured Image

“Бала бизнес” жобасына жұмыстар қабылданады. Қосымша ақпарат мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарынан біле аласыздар. Жұмыстар kentubek_mektep@mail.ru электрондық почтасында қабылданады.