Monthly Archives: Қазан 2021

Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалай сақтауға болады?

29.10.2021
Featured Image
Отбасының беріктігі мен бақыты сенімді қарым-қатынаста жатыр, жақсы отбасында оның әрбір мүшелері бір-біріне адал, мейірімді және қайырымды болады.
Жасөспірім кезінде балалар көбінесе өзін осал сезінеді. Өйткені, олар жыныстық жетілу деп аталатын кезеңді бастан өткізуде, олардың денесі тез және елеулі түрде өзгереді, ал гормондардың әсерінен эмоционалды жағдай тұрақсыз болады.
Сонымен, осы кезеңде ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалай сақтап қалуға болады?
▫️ Ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы салауатты, сенімді, жиі, ашық қарым-қатынас пен эмоционалды байланыс – отбасындағы сенімді қарым-қатынасты сақтаудың маңызды шарты. Ол дегеніміз отбасының әр мүшесі бір-бірінің сезімдерін құрметтеп, түсіну мен сезінуді білдіреді.
▫️ Сенімді қарым-қатынасты сақтау үшін шынайылық қажет. Баланың және әрбір отбасы мүшесінің өмірінде болып жатқан оқиғаларға шынайы қызығушылық.
▫️ Бір-бірін есту және тыңдау қабілеті – сенімді қарым-қатынасты және жалпы адамға деген сенімді сақтаудың маңызды шарты. Балаңыз сізді тыңдайтынын түсіну үшін дұрыс сұрақтар қою арқылы оны тексеруді үйрену керек. Мысалы, «Осы мәселе туралы не ойлайсың», «Ойыңды білгім келеді».
▫️ Адалдық – сенімді қарым-қатынас орнатудың маңызды бөлігі. Балаңыздың алдында адал болсаңыз, сөзіңіз бен ісіңіз бір жерден шықса, балаңыз сізге сенеді.
▫️ Бүкіл отбасы ұстанатын отбасылық дәстүрлер сенім мен сенімді қарым-қатынасты сақтауда үлкен рөл атқарады.
Ал сіз өз отбасыңызда сенімді қарым-қатынасты қалай сақтайсыз?
Біздің брошюрадан 12-18 жас аралығындағы бала тәрбиесі туралы көбірек біліңіз: https://uni.cf/3ArGwcO
ҚР Білім және ғылым министрлігі / Министерство образования и науки РК
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки РК
Возможно, это изображение (1 человек)
Нравится

Комментировать
Поделиться

“Шаңырақ” жобасы

29.10.2021
Featured Image

“Шаңырақ” жобасы аясында 5-8-сыныптар арасында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

«Жақсылық жаса» пластикалық қалпақшаларды жинау акциясы

29.10.2021
Featured Image
«Жақсылық жаса» пластикалық қалпақшаларды жинау акциясы қыркүйектен сәуір айына дейін ұйымдастырылады.
Акцияның мақсаты: экологиялық мәдениет деңгейін көтеру, өсіп келе жатқан ұрпақтың ортасында өзінің әлеуметтік маңыздылығын, қайырымдылық сезімін қалыптастыру
Акция барысы:
• Қажет: қақпақшаларды жинау, қабылдау пунктіне тапсыру, түскен қаражатты ауыр науқас балалар мен көмекке мұқтаж басқа адамдарға бағыттау. Әр адам көмектесе алады, сонымен бірге қаржылық шығындар жоқ.
• Түскен ақша қайырымдылыққа кетеді. Неліктен мұндай қалдықтар түрі ? Себебі қалпақшалар өте шағын болғандықтан, оларды ,мысалы бес литрлік пластмасса бөтелкелерле, қапшықтарда сақталуы мүмкін, олар толтырылған кезде мектепке тапсыру керек. Акцияға қатысып жатқан оқушылар мен ата-аналарға рахмет! #Экобум #Экобум_pvl @bilim_mai

Жасөспірімдердің ата-аналарына арналған кеңестер

29.10.2021
Featured Image
Ата-аналардың міндеті – өздерінің авторитеті мен тәжірибесі арқылы қысым жасау емес, керісінше жасөспірімдерді түсінісініп, олармен сөйлесуге тырысу, олардың аргументтерін тыңдап, өз тәжірибесімен бөлісу.
Жасөспірімдердің ата-аналарына арналған ұсыныстар:
▫️өсіп келе жатқан балаңызға сүйіспеншілік, қауіпсіздік және қолдау атмосферасын қалыптастыруды жалғастырыңыз;
▫️басқалар сізбен және сіздің балаңызбен қандай қарым-қатынаста болғанын қаласаңыз, өз балаңызға да дәл солай қараңыз;
▫️жасөспіріммен нәзік тақырыптар бойынша сөйлесуге уақыт бөліңіз;
▫️егер сіз жасөспірімнің кейбір маңызды сұрақтарына жауап бере алмасаңыз, онда мамандарға (дәрігерлер, психологтар, мұғалімдер) хабарласуға ұялмаңыз;
▫️өсіп келе жатқан балаңызды құрметтеңіз, сынамаңыз, оны құрбыларымен және басқа адамдармен салыстырмаңыз;
▫️жасөспірімге кішіпейіл және қамқор болыңыз: одан не қалайтынын сұраңыз (қажеттіліктері туралы);
▫️алкоголь, есірткі және жыныстық мінез-құлыққа қатысты ұстанымыңызды нақты білдіріңіз;
▫️жасөспірімнің жетістіктеріне шын қуаныңыз және отбасынан бөлініп шығудың адекватты тәсілдерін қолдаңыз;
▫️балаңыздың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыз; есіңізде болсын, бала ата-ананың үлгісін қайталайды;
▫️жасөспірімнің жеке шекарасын бұзбаңыз, заттарын ауыстырмаңыз, қалталарды, сөмкелер мен хат алмасуды тексермеңіз, оның күнделіктерін оқымаңыз.
Біздің брошюрадан 12-18 жас аралығындағы бала тәрбиесі туралы көбірек біліңіз: https://uni.cf/3ArGwcO.

“Қызық екен” сайысы

26.10.2021
Featured Image

Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің мектеп кітапханашысы Ш.Н.Алдангорова Қасым Амажолов тың туғанына 110 жыл, Сайын Муратбековтың 85 жыл толуына орай шығармашылық тұрғыда оқырмандарды білімін шыңдау мақсатында”Қызық екен” сайысын 8-9- сыныптар арасында өткізді.

Тамақтану сапасын бақылау

22.10.2021
Featured Image

2021 жылдың 26  қазан  тамақтану сапасын бақылау жөніндегі бракеражды комиссия мүшелері жоспарға сәйкес сараптама жұмыстарын жүргізді. Сараптамалық топ білім беру ұйымдарының асхана жұмысының барысы мен құжаттарын тексерді. Сараптама барысында білім беру ұйымдары асханаларының жұмысы қаралып, акт жасалды. Мектеп асханаларында бейнебақылау камералары орнатылған. Асхана қызметкерлері санитарлық –эпидемиологиялық талаптарға сай жұмыс атқаруда. Білім беру ұйымдарында бракеражды комиссия мүшелерінің жұмысы, бекітілген жоспарға сай жүргізілуде.

Тамақтану  сапасына мониторинг жүргізу актісі

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР

22.10.2021
Featured Image
1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы №836 (IX) қарар қабылдады және барлық елдерге Дүниежүзілік балалар күнін атап өтуге кеңес берді. Дүниежүзілік балалар күні бүкіл әлемде 20 қарашада атап өтіледі.
20 қараша күні кездейсоқ таңдалмады: 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «балаларды бақытты балалық шақпен қамтамасыз ету» мақсатын жариялаған Бала құқықтары декларациясын қабылдады. Мереке барлық азаматтарды тиісті заңнамалық және басқа да шараларды жүзеге асыра отырып, балалардың құқықтарын сақтауға шақырады.
Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны 1994 жылы ратификациялады. Дүниежүзілік күнге балалардың танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар циклін ұштастыру жоспарлануда.
📌 Өтетін мерзімі: 2021 жылдың 20 қазанынан 20 қарашасына дейін
📌 Республикалық айлық арналады:
– Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуге;
– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына.
📌 Республикалық айлыққа қатысушылары: орта білім беру ұйымдарының білім алушылары, мемлекеттік органдардың, педагогикалық, ата-аналар қоғамдастығының, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ және т. б.
📌 Республикалық айлықтың мақсаты: мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың балалардың мүддесінде мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда күш-жігерін біріктіру.
📌 Республикалық айлықтың міндеттері:
1) мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның сындарлы диалогын құру;
2) балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар туралы жұртшылықты хабардар ету;
3) қайырымдылық қозғалысын жандандыру;
4) барлық санаттағы балаларды мерекелік іс-шаралармен, оның ішінде қашықтықтан іс-шаралармен жаппай қамтуды қамтамасыз ету;
5) балаларға арналған аумақтарды абаттандыру бойынша жобаларға бастамашылық ету.
📝Республикалық айлықты өткізудің өзектілігі:
📌 Іс-шараларды ұйымдастыру қажеттілігі БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясының, «Қазақстан-205
Нравится

Комментировать
Поделиться

ҒЫЛЫМИ Жобалар конкурсының аудандық кезеңі

21.10.2021
Featured Image
ҒЫЛЫМИ Жобалар конкурсының аудандық кезеңі 19 қазанда қашықтан өткізілді. Конкурсқа аудан мектептерінен 40 оқушы қатысты. Конкурста 4 бағыт бойынша 16 секция жұмыс істеді. Конкурс нәтижелері бойынша Жалтыр орта мектебінің 5 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, олардың ішінде 1 оқушы 1-орын, 2 оқушы 2-орын, 2 оқушы 3-орын алды.
⏩ «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу» бағыты бойынша:
ІІ орын – Кабдыкаримов Жан (Жалтыр ОМ, 9 сынып) жетекшісі Кабдыкаримова Мадина Танатовна.
⏩ «Таза табиғи орта «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың негізі» бағыты бойынша:
ІІ орын – Амангельдинова Жанель (Жалтыр ОМ, 11 сынып) жетекшісі Аймахан Бекзат Бауыржанұлы
⏩ «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудың негізгі буыны» бағыты бойынша:
І орын – Болатова Айзере (Жалтыр ОМ, 10 сынып) жетекшісі Кунантаева Мадина Сериковна
⏩ «Қазақстанның тарихы ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары» бағыты бойынша (тарих, өлкетану, этномәдениет):
ІІІ орын – Амангельдинова Наргиз (Жалтыр ОМ, 9 сынып) жетекшісі Бакауова Назира Отарбаевна
⏩ «Қазақстанның тарихы ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары» бағыты бойынша (тіл білімі, әдебиет):
ІІІ орын – Өмірбек Аққу (Жалтыр ОМ, 8 сынып) жетекшісі Достаева Қарлығаш Зарлыковна
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 💐
Облыстық кезеңге 10-сынып оқушысы Болатова Айзере жолдама алды. Сәттілік тілейміз.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!

21.10.2021
Featured Image
ЕСТЕРІҢІЗГЕ САЛАМЫЗ!
Күн сайын балаңызға өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы ескертіңіз:
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты барлық жағдайларда үлгі болыңыз.
Балаңызға өрт қауіпсіздігі туралы келесідей ережелерді түсіндіріңіз:
– Сіріңкемен ойнауға болмайтындығын;
– Ересектер үйде болмаған жағдайда электр құралдарын қоспау қажеттігін;
– Пештің есігін ашуға болмайтындығын;
– Тұрмыстық химиялық заттардың, әсіресе аэрозольді бос құтыларды отқа тастауға болмайтынын;
– Бензинмен және басқа жанғыш заттармен ойнауға болмайтынын;
– Өрт кезінде жасырынып қалмау керектігін;
– Егер бөлмеде от тұтанса,​ еңбектеп шығып, ересектерді шақыру керектігін;
-Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін(өзінің мекенжайын, телефон нөмірін, тегін, не жанып жатқанын айту қажет екенін), отпен ойнауға болмайтынын.
Ересектер тарапынан бақылаудың болмауы өрттің тұтануы мен өрт салдарынан орын алатын балалардың өліміне жиі әкеліп соғады.
ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ: Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік Сізге жүктеледі.

Тәуелсіздік ұланы

18.10.2021
Featured Image
Дарынды да талантты балаларды, батыл іс-әрекеттер жасаған жас батырларды қолдау мақсатында биыл Павлодар облысының әкімдігі «Тәуелсіздік ұланы» біржолғы ақшалай сыйақысын тағайындады.
Енді жыл сайын Тәуелсіздік күніне орай облысымыздың 300 оқушысына 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы беріледі.
Оқушылар байқауға құжаттарды 5 номинация бойынша ұсына алады:
1. Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі
2. Кәсіби шеберлік» (ТКО ұйымдарына
3. Шығармашылық шеберлік
4. Спорттық шеберлік
5. Әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызмет
«Тәуелсіздік ұланы» сыйлығын беруге республикалық және халықаралық зияткерлік конкурстардың, соңғы үш жылдағы олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, өңіраралық және облыстық олимпиадалардың, кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері, республикалық және халықаралық спорттық және шығармашылық жарыстардың жеңімпаздары ұсынылады.
Қоғамдық маңызы бар, батыл іс-әрекеттер жасаған білім алушыларға сыйақы конкурстан тыс беріледі.
Конкурс 3 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең 23 қазанға дейін жалғасады. Дарынды шәкірттер “Тәуелсіздік ұланы” сыйақысын алуға лайық. Олай болса өз бақтарыңды сынап көріңдер.
Толық мәліметті мектеп әкімшілігінен білуге болады.

Мектеп жоспарына сәйкес 5-сынып оқушыларының ортаңғы буынға бейімделуін бақылау

15.10.2021
Featured Image
Мектеп жоспарына сәйкес 5-сынып оқушыларының ортаңғы буынға бейімделуін бақылау бойынша сабақтарға қатысу жүргізілді. Сабақтарға қатысу арқылы оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеруін, пән мұғалімдерінің түсіндіруін қабылдауы, оқушылар арасындағы қарым-қатынасы бақыланды. Оқушылардың жүйелі сатылы дамуы, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттауын бақылау.
Лазина Хадысханова и ещё 1

“Эко-сөмкеле өз қолдарымен!» атты жаңа облыстық жоба

14.10.2021
Featured Image
Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің “Эко-сөмкелер (шопперлер) өз қолдарымен!» атты жаңа облыстық жобаға қатысты.
Жас экоактивистер Эко-сөмкелер тарату үшін ауылымыздың дүкендерін аралап, өтіп бара жатқан адамдарға акцияның мәні туралы қысқаша айтып, өз қолдарымен жасалған шопперлерді сыйға тартты.
Акцияның әлеуметтік маңызы бар мақсаты – полигондарда пластикалық бұйымдардың жануы мен ыдырауын азайту арқылы атмосфераға зиянды шығарындылардың санын азайту және өскелең ұрпаққа экологиялық этикетті қалыптастыру.
Сондай-ақ, акция аясында мектепте эко-сөмкелер жасау бойынша шеберлік сабақтарын ұйымдастырып, қолөнер және экология тақырыптарында кітап көрмелерін өткізіп, полиэтилен пакеттерін пайдаланудың зияны туралы бейнероликтер жасау жоспарлануда. #экосумка #жалтырортамектебі @bilim_mai @mai_aqparat

“Менің кіші Отаным” атты конкурсы

13.10.2021
Featured Image
Өз өлкесі тарихының білгірлері

Қазақстанда халық білімінің негізін қалаған белгілі педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай 2021 жылдың 11 қазанында жас тарихшылардың “Менің кіші Отаным” атты ІV республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі онлайн режимінде өтті.
Конкурска облыстық мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептерінен 87 оқушы қатысты.
Ережеге сәйкес конкурс екі тур бойынша өткізілді. І тур – Қазақстан тарихы сұрақ… 

Май ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

13.10.2021
Featured Image
Май ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және N19 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру-үгіт жұмысын ұйымдастырып, өткізді. Талапкерлерге оқуға түсу мәселелері бойынша кітапшалар табыс етіліп, талаптары мен шарттары түсіндірілді. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасатын болады.
Возможно, это изображение (1 человек, сидит, стоит и в помещении)
Лазина Хадысханова и ещё 2