Daily Archives: 03/09/2021

 «Мектепке жол» акциясы

03.09.2021
Featured Image
Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебі де  «Мектепке жол» акциясы негізінде атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылып, жұмыс жасалуда. Акция «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» үндеуімен өтті.
Мектепте Республикалық «Мектепке жол» акциясының өтуіне байланысты іс- шаралар жоспары бойынша логотип  жасалып, ақпараттық стенд безендіріліп ілінді. Көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларына рейд жасалынды. Рейд барысында көмек қажет ететін отбасылары анықталып, ата-аналар тарапынан өтініштер түсті.
Республикалық акцияның өту барысында мектеп әкімшілігі шаруашылық қожалықтарға, ауыл әкімшілігіне, жеке кәсіпкерлерге хаттар жолдады. Мектепке қажетті заттарды, оқу құралдарын қабылдау үшін  «Мейірімді қолдар»  акция негізінде мектепте контейнер орнатылды.
    Мектеп бойынша 2021 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан балалар саны – 62, көп балалы отбасынан 30, толық емес отбасынан 26 бала. Акция барысында мектептің аз қамтылған, көп балалалы, толық емес оқушыларына материалдық көмек көрсетілді. Демушілердің арасында белсенділік танытқан «Ақылбек» шаруа қожалық басшысы Мусапов Әлібек, жеке кәсіпкер Мусапова Айшакар, ауыл азаматы Жапишев Рашид, «Асфальтобетон-ПВ» ЖШС басшысы Галеев Эльдар Минирович,  «Қазақавтожол» РМК-ның Павлодар облыстық филиалының ДЭУ-85 басшысы Дарабаев Заңғар Қылышбекұлы, «Ғалымжан» шаруа қожалығының басшысы Кисанов Қуаныш Мұхамедқалымұлы қолдау білдірді. Мектеп ұстаздары кеңсе тауарымен жалпы сомасы 50000 теңгені құрайтын көмек көрсетті. Жалпы көрсетілген көмек сомасы 200000 теңгені құрайды.

«Менің туым» облыстық жобасы

03.09.2021
Featured Image
«Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек» деген Елбасымыздың қанатты сөзін жадымызда ұстай отырып, мектебімізде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру мақсатында бағытталған «Менің туым» облыстық жобасы жылма жыл Білім күнінің алғашқы күнінде бастау алады. Мемлекеттік туды көтеру рәсімі мектебіміздің үздік және спортта жетістікке жеткен оқушыларымызға берілді.

Жол жүру ережелері: жүргізуші мен жаяу жүргіншінің міндеттері қандай?

03.09.2021
Featured Image
Жол қозғалысы ережелері – бұл көлік құралдарының жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің міндеттерін реттейтін ережелер жиынтығы, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарына қойылатын техникалық талаптар. Күнделікті сіз жаяу жүргінші, автокөлік, велосипед немесе басқа да көлік құралдарының жүргізушісі ретінде жол қозғалысының қатысушысы болып табыласыз. Сол себепті жол қозғалысы ережелерін білу – аса маңызды.

Акция «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» үндеуімен өтті.