Monthly Archives: Қыркүйек 2021

Қыркүйектің соңғы ДҮЙСЕНБІСІ– ЕҢБЕК КҮНІ

30.09.2021
Featured Image
Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылдың 22 қарашасында арнаулы Жарлыққа қол қойып, Еңбек күнін жариялаған болатын. Содан бері айтулы мереке елімізде бесінші рет аталып өткелі отыр. Кәсіби мерекені тойлаудағы мақсат – жастарды еңбекке үйрету, еңбекпен есімі еленген жандарды көпке үлгі ете отырып, беделін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, жұмысшы кәсіптерін танымал қылып, жастарды өндіріс саласына тарту басты назардан тыс қалмауы қажет. Осы бір қағидаларды қаперімізде ұстап бізде аталмыш мереке қарсаңында мектебіміздің қызметкерлеріне қажырлы еңбек атқарғандары үшін алғыс айтып, сыйақы беріп, сыйлықтар табыстадық.

Сенбілік – тазалықтың кепілі!

25.09.2021
Featured Image
Бүкіләлемдік «World Cleanup day 2021» акциясы, республикалық «Birge – taza Qazaqstan» акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке “Жалтыр жалпы орта білім беру мектебі” КММ мектеп ұжымы тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарайтын ұстаз қауымы бүгінгі акцияда белсенділік танытты.

ІІ облыстық гуманитарлық олимпиаданың қорытындысы

20.09.2021
Featured Image
Павлодар облысы білім беру басқарма басшысының бастамасымен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2020-2021 оқу жылы жаңа инновациялық жоба – 8-11 сынып оқушыларына арналған облыстық гуманитарлық олимпиадасын әзірледі.
Аталмыш зияткерлік шара – Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті бойынша оқушылардың білімдерін жүйелендіруге, көркем әдебиет шығармаларымен таныстыруға бағытталған пәнаралық олимпиада.
Олимпиаданың басты мақсаты – ұлттың рухани дамуы мен қоғамның рухани әлеуетінің көрсеткіші болатын оқырман мәдениетін дамыту; оқушылардың өз халқының тарихы мен туған әдебиетіне танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін іске асыруға жағдай жасау.
Биылғы жылы ІІ облыстық гуманитарлық олимпиада 17 қыркүйекте онлайн режимде Goоgle-Disk платформасында өткізілді. Шараға 149 оқушы қатысты, оның ішінде 59 – дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден, 22 – Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, 68 – аудандардан.
Олимпиада екі кезеңде өтті: І – 25 тест сұрақтарына жауап беру; ІІ – эссе жазу.
Сайыс қорытындысы бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушысы Майдан Әди ІІ орын жүлдегері атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды. Құттықтаймыз 🎊👋👋

Оқу мотивациясын анықтау

20.09.2021
Featured Image

5-сынып оқушыларының бейімделуіне арналған “Оқу мотивациясын анықтау” Н.Г.Лусканова әдістемесі қолданылды.

“Керн-Йерасек” тесті жүргізілді

16.09.2021
Featured Image
Мектеп психологі А.М.Сламбекова
1- сынып оқушыларымен “Қисынсыздарды тап” мақсаты: баланың байқағыштығын, логикалық ойларын және өз ойын грамматикалық дұрыс құра білу іскерлігін дамыту, “Не артық” мақсаты: балалардың ойлауын дамыту , “Не жетпейді?” мақсаты: баланың қабылдау ерекшелігін анықтау, “Керн-Йерасек” тесті жүргізілді.

«HALYQ RADIOSY»-нда “Мемлекеттік тіл және қоғам” хабары

14.09.2021
Featured Image
Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні Жалтыр ЖОББ мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Абеуова Гульден Кусмановна «HALYQ RADIOSY»-нда “Мемлекеттік тіл және қоғам” хабарын а қонақ ретінде шақырылып, сұхбат берді. Эфир барысында қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қалдану аясын кеңейту үшін не істеу керек?
2. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін, мемлекеттік тілді дәріптеу бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?
3. Қазіргі таңда көп байқаймыз кішкентай балалар көбінесе орыс тілінде сөйлейді, себебі әлеуметтік желілілерде, яғни ұялы телефонда көбінесе барлығы орыс тілінде, қалай ойлайсыз осы мәселені шешу үшін не істеу керек? Жалпы әлеуметтік желілер мен ұялы телефонның балалардың тілді үйренуіне қаншалықты әсері бар?
4. «Ел бірлігінің кепілі-мемлекеттік тіл» сөз тіркесін қалай түсінесіз? сұрақтарына жауап берді. @halyqradiosy_fm

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету

14.09.2021
Featured Image
Биылғы оқу жылында да оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылып, оқушыларды ыстық тамақпен қамту жоспары жасалынды.
Жаңа 2021-2022 оқу жылында мектебімізде 1- 4- сыныптар аралығындағы бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көп балалы жанұя балалары ыстық тағаммен қамтылды. Қазіргі таңда меңтеп асханасында 1 аспазшы, 1 көмекші қызмет етеді. Әр маусымға арналған ас мәзірі мектеп директорымен уақытында келісіліп, апта сайын бекітіліп отырылады. Оқушыларға берілетін ыстық тамақтың құнарлылығына мектеп медбикесі күнделікті бақылау жасап,тіркеу журналын толтырып отырады және оқушылардың тамаққа қатысы күнделікті тексеріліп отырылады.

Әкімшілік бақылау жұмыстары

13.09.2021
Featured Image

Біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында әкімшілік бақылау жұмыстары өткізілді. Бақылау жұмыстарының мақсаты-білім алушылардың қиындықтарын, оқу жетістіктерінің деңгейін және білімдегі олқылықтарды анықтау. Пән мұғалімдері бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша жұмыс жоспарын құрастырды.

«МӘШХҮР-ЖҮСІПТІҢ ӘДІЛДІК ФИЛОСОФИЯСЫ»

10.09.2021
Featured Image
 Адалдық сағатында, қазақ халқына аты кеңінен мәлім, ақын, тілші-әдебиетші, дін мен философияны меңгерген, тарихшы, фольклорист, әулие – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы жөнінде мәлімет берілді.ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРІҢҒАЙ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» өткізілді.

IQanat олимпиадасы

10.09.2021
Featured Image

8-сынып оқушыларына IQanat олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу Ережесімен таныстырылды. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру; оқушылардың жалпы білім беру пәндерін оқуға қызығушылығын қалыптастыру; – оқушылар арасында тікелей байланыс пен тәжірибе алмасуға жағдай жасау. Олимпиада ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша үш кезеңде өткізіледі: 1-кезең; 2-кезең; 3-кезең – Республикалық слет. Олимпиадаға тіркелу бойынша бейнеролик көрсетілді.@bilim_mai @iqanatkz

Мектеп жоспары бойынша жас мамандардың отырысы өтті.

09.09.2021
Featured Image

Мектеп жоспары бойынша жас мамандардың отырысы өтті. Жас мамандарға бекітілген тәлімгерлердің жұмыс жоспарымен таныстырылды. Оқу ісінің меңгерушісі Э.Базылбаева жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсетті.Сұхбаттасу арқылы алғашқы қиындықтары анықталып, оны шешу жолдары белгіленді.

Сау бол, 100 жаса

09.09.2021
Featured Image

“Сау бол, 100 жаса” атты ұранымен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен таңғы жаттығу топтамалары жасалынды. Мақсаты: Дененің дұрыс жетілуі, салауатты өмір салтын насихаттау. Таңертеңгі жаттығу, тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады!

ТІЛ МӘРТЕБЕСІ — ЕЛ МЕРЕЙІ

07.09.2021
Featured Image

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.К.Батаева «Тіл мерекесі» мен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «ТІЛ МӘРТЕБЕСІ — ЕЛ МЕРЕЙІ🇰🇿» тақырыбында іс-шаралар жоспарына сәйкес «Знай другие языки, но уважай родной язык» атты танымдық сынып сағатын ұйымдастырды.

Тіл мерекесі

07.09.2021
Featured Image

Мектеп кітапханашысы Ш.Н.Алдангорова «Тіл мерекесі» мен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «ТІЛ МӘРТЕБЕСІ — ЕЛ МЕРЕЙІ🇰🇿» тақырыбында іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тіл-ұлттың жаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.