Monthly Archives: Тамыз 2021

Педагогикалық кеңес.

31.08.2021
Featured Image
2021-2022 оқу жылының ұйымдастыру мақсатында №1 педагогикалық кеңес өткізілді. Педкеңесте 2021-2022 оқу жылының оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жылдық жұмыс жоспарын бекіту, 2021-2022 оқу жылының бұйрықтарымен таныстыру, жұмыстық оқу жоспарын таңдау және бекіту т.б сұрақтар қарастырылды. Жаңадан келген ұстаздармен таныстырылды.

«Мек­тепке жол» республикалық ак­циясы

28.08.2021
Featured Image

«Мек­тепке жол» республикалық ак­циясы аясында Жалтыр жалпы орта білім беру мектебіне мектеп мұғалімдері оқушыларға кеңсе тауарлармен көмек көрсетті. Демеушілерге алғыс білдіреміз!

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

27.08.2021
Featured Image
26 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында педагогикалық қызметкерлердің дәстүрлі аудандық тамыз кеңесі болып өтті. Кеңес басталар алдында сахнадағы LED-экраннан білім саласында атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктер туралы видеоролик көрсетілді.
Кеңеске аудан әкімі М.Қ.Актаев, аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Кадірова, аудандық мәслихаттың хатшысы Ғ.Т.Арынов және мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері, мұғалімдер қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бөлім басшысы О.Н.Темірболатова «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында баяндама жасады. Жарыссөзден кейін аудан әкімі М.Қ.Актаев, аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Кадірова, аудандық мәслихаттың хатшысы Ғ.Т.Арынов құттықтау сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын білдірді.
2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша аудан білім саласын дамытуда қосқан елеулі үлестері үшін мектебіміздің ұстаздары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абеуова Гульден Кусмановна ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, бастауыш сынып мұғалімі Заирова Гульжан Сайлаубаевна облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен, математика пәнінің мұғалімі Кабдыкаримова Мадина Танатовна аудан әкімінің Алғыс хатмен марапатталды. Құттықтаймыз.

Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері!

27.08.2021
Featured Image

Естеріңізге саламыз

Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік сізге жүктеледі.Күн сайын балаңызға жол ережелері туралы ескертіңіз:

Ересектерсіз жолға шығуға болмайды, егер ересек адаммен бірге келе жатсаңыз қолыңызды босатпаңыз, тротуардан шықпаңыз.

Көшеде​ жай қадаммен, асықпай тротуардың оң жағымен жүру керек.

Жолдан өтер кезде жаяу жүргіншілер тротуарынан бағдаршамның жасыл сигналына барлық көліктердің тоқтағанына көз жеткізіңіз.

✅Жүріс бөлігі тек көлік құралдарына арналған.

✅Қоғамдық көлікте қолыңызды немесе қандай да бір заттарды терезеден шығаруға болмайды.

💬 Табиғатқа шыққан кезде мынаны есте сақтаңыз:⤵️

✅Жазғы уақыттағы жорықтар, серуендер мен экскурсиялар кезінде балалардың шомылуына шырмауықтан, балдырлардан және тұнбадан таза, таяз ыңғайлы жер таңдалуы керек.

✅Су айдындарына ересектер тарапынан қараусыз балаларды жіберуге болмайды.

✅Шомылып жатқан баланы үздіксіз бақылау керек.

✅Шомылу кезінде балалардың суға секіруіне және қоршау таяныштарынан немесе жағадан суға сүңгуіне тыйым салу қажет.

✅Балалардың суда ойнауына жол бермеу керек.

💬 Егер сіз балалармен қонаққа барсаңыз немесе қонақтар келген болса:⤵️

✅Сіздің балаңыз әрқашан ересектердің назарында болуы керек.

✅Балаларға арналған ойын алаңын зерттеңіз, бұл орынды қауіпті заттардан (өткір, кескіш, сіріңке, токқа қосылған заттар және т. б. босатыңыз.).

✅Балалар ас үйде, ыстық қазандықтардың жанында, ашық терезелер мен балкондардың жанында ойнап жүрмегеніне көз жеткізіңіз.

✅Егер балалардың ойын алаңы жолдың жүру бөлігіне жақын болса, балаларға өте мұқият болыңыздар.

Меньше

«Мек­тепке жол» республикалық ак­циясы

27.08.2021
Featured Image

«Мек­тепке жол» республикалық ак­циясы аясында Жалтыр жалпы орта білім беру мектебіне “Ақылбек” шаруа қожалық иесі Мусапов Әлібек пен жеке кәсіпкер Мусапова Айшакар көмек көрсетті. Демеушілерге алғыс білдіреміз!

«Мектепке жол» республикалық акциясы

23.08.2021
Featured Image
Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!
Оқушылардың жазғы демалысының аяқталуымен, көңілді демалыс күндерін артқа тастаған балалар енді ерекше серпіммен кезекті оқу жылына аяқ басады. Балаларды мектепке дайындаудың әуресі әркімге аян. Осы орайда жүрегі жомарт, қайырымды ел азаматтары «Мектепке жол» акциясы аясында көмек қолын созса игі.
Акция биыл «Жүректен жүреккке» ұранымен өтуде.
Акцияның мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қорғалған түрлі санаттағы отбасы балаларына қолдау көрсету мен балалардың 1 қыркүйекте әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу болып табылады. Жылдан жылға акцияға қатысып, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға қолдау көрсетушілердің саны артуда, солардың ішінде ауыл әкімдігі, депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, мектеп мұғалімдері, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдары, заңды және жеке тұлғалар белсенділік көрсетуде.
Әлем ізгі ниетті адамсыз емес. Бұл – өмір ақиқаты.
Қайырымдылық акциясы шеңберінде ауданымыздың барлық азаматтарын ауылымыздың көмекті қажет ететін балалары ілтипат пен қамқорлыққа бөленіп, олардың қажетті әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін игі жақсылық жасауға шақырамыз!
Демеушілік көрсететін аудан тұрғындары мен қонақтарын Жалтыр жалпы орта білім беру мектебіне (Кеңтүбек ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 15/1-үй, тел. 87078989172) жолығуын сұраймыз.
Дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы жыл бойы жалғасады.
Возможно, это изображение (текст)
4

Облыстық тамыз конференциясы

23.08.2021
Featured Image

2021 жылдың 23 тамыз күні Павлодар Достық үйінде «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» атты білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясы өтті. Облыстық тамыз конференцияда Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Базылбаева Эльмира Егинбаевна облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

10.08.2021
Featured Image
2021-2022 оқу жылына арналған күнтізбе
ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдері бекітілді.
🔹2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылғы 1 қыркүйек.
🔹Оқу жылының ұзақтығы 1 сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)-сыныптарда – 34 оқу аптасы.
🔹Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
🍂күзгі – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында);
⛄️қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында);
🌷көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында).
1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).