Daily Archives: 14/06/2021

Робототехника

14.06.2021
Featured Image

Информатика пәнінің мұғалімі жазғы лагерь уақытында оқушылардың жаңа заманауи технологияларға қызығушылығын арттыру мақсатында «Робототехника » туралы оқушыларға қызықты сабақ ұйымдастырды. Робототехника заманауи робот дизайн – бұл роботтарды жобалау және құру үшін машина жасау, электротехника және компьютерлік дағдыларды қолданатын ғылым мен техника саласы екені туралы сабақ барысында білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторлары пайдаланылатынын түсіндірді. Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы арта түсті. Оқушылар сабақтан жақсы әсер алғандарын айтып өз ойларымен бөлісті.

«Қозғалмалы ойындар» тақырыбында сабақ өткізді.

14.06.2021
Featured Image

Мектеп жанындағы “Балдырған” жазғы сауықтыру лагерінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Р.А.Ахметов оқушылармен «Қозғалмалы ойындар» тақырыбында сабақ өткізді. Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында спорттық дене шынықтыру ойындарының маңызын түсіндірді.

14.06.2021
Featured Image
“Балдырған” мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің қатысушыларына математика пәнінің мұғалімі судоку ойынын ойнатты. Оқушылар тез шапшаң ойлап, қабілеттерінің жоғары екенін көрсетті.
Возможно, это изображение (3 человека, ребенок, люди стоят и в помещении)
2

«Ағылшын тілін меңгертуге арналған рөлдік ойындар»

14.06.2021
Featured Image
Мектеп жанындағы “Балдырған”жазғы сауықтыру лагерінде
«Ағылшын тілін меңгертуге арналған
рөлдік ойындар»
бағдарламасы аясында ойын өткізілді.

“Шебер қолдар” үйірмесі

14.06.2021
Featured Image
Халықтық сәндік-қолданбалы өнер – әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар көзі. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, қазіргі ұрпақтың бойына дарыту мәдениеттің айқын құбылысы болып табылады.
“Балдырған” мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде “Шебер қолдар” үйірмесі мүғалімі А.Б Адамжановаың ұйымдастыруымен “Сәндік-қолданбалы өнері” бағыты аясында оқушылар ермексазбен гүлдер жасады. #likeшоуpvl

“Балдырған” жазғы сауықтыру лагері

14.06.2021
Featured Image

Мектеп жанындағы “Балдырған” жазғы сауықтыру лагерінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Р.А.Ахметов тыныс алу жаттығуларын өткізді.