Monthly Archives: Мамыр 2021

Аттестаттау қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан өткізілді

28.05.2021
Featured Image

2021 жыл 28 мамыр күні негізгі орта білім беру деңгейлеріндегі оқыту курсы үшін 9 – сыныпта қорытынды аттестаттау қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан жазбаша жұмыс (эссе) нысанында өткізілді. Емтиханға 11 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады. Эссе тақырыптары салынған пакеттер білім алушылардың және мектептің Комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылды.

БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ

26.05.2021
Featured Image
“Біз мектепке барамыз” тақырыбында МАД тобының еретеңгілігі болып өтті.
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отаның , елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу
Тәрбиешісі: Бейсекеева Асем Сериковна

Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы.

23.05.2021
Featured Image
Жалтыр жалпы орта мектебінде 22 мамыр күні сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдарында Жалпыреспубликалық ата -аналар жиналысын өткізуді ұсынысы бойынша жиналыс өткізілді.
Жалпыреспубликалық ата – аналар жиналысының мақсаты: ата -аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020 -2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету және ата -ананың педагогтермен жеке сөйлесуі арқылы баланың үлгеріміне егжей – тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік беру.
Жиналыста қаралған мәселелер:
1. Жалпыреспубликалық ата-аналар тұжырымдамасымен таныстыру;
2. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы;
3. Жазғы мектептің ұйымдастырылуы;
4. Жазғы демалыстағы оқушылардың өмір қауіпсіздігі;
5. Соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі.
Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен өмір қауіпсіздігіне тікелей ата -аналар жауапты екендігі жиналыс барысында ескертілді. Сынып жетекшілер биылғы оқу жылының жетістіктеріне тоқталып өтті.
Мектебіміздің 1-4, 6-11-сынып ата – аналарымен офлайн жиналыс, ал 5- сынып оқушыларының ата -аналарымен жиналыс онлайн форматта өтті. Ата – аналарды жалпыреспубликалық ата -аналар жиналысын өткізудің тұжырымдамасымен таныстырып, сонан соң жазғы мектептің ұйымдастырылуы және 2020-2021оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Жиналыста жазғы мезгілде әр баланың жеке өмірі мен қауіпсіздігіне ата -ана жауапкершілігі күшейтілетінін қатаң ескерілді.

«Balabusiness» облыстық жоба

21.05.2021
Featured Image
2021 жылдың 12 мамыр күні «Balabusiness» облыстық кезеңінің қатысушылары ZOOM платформасында өз жобаларын ұсынды.
Екібастұз, Ақсу қалалары мен Павлодар, Май және Аққулы аудандарынан 20 қатысушы өз жұмыстарын ортаға салды.
Жалтыр орта мектебінің оқушылары келесі номинациялар бойыша дипломамдармен марапатталады.
✅«Бизнес бастама» номинациясы-Сманұлы Батыржан – Жалтыр ЖОМ, Май ауданы. Жетекшісі Жаксымбетов К.М.
✅«Табысты бизнес» номинациясы-Темірбек Әділбек–Жалтыр ЖОМ, Май ауданы. Жетекшісі Абеуова Г.К. Құттықтаймыз

Денсаулық-зор байлық

19.05.2021
Featured Image

Эстетикалық ӘБ онкүндігі аясында музыка пәнінің мұғалімі Адамжанова А.Б 1-сынып оқушылармен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы “Денсаулық-зор байлық” бойынша суреттермен жұмыс жүргізілді. Сергіту сәті өткізіліп, өткен тақырыптарға қайталау жүргізілді.

“Әуенді тап” жарысы

18.05.2021
Featured Image

Эстетикалық әдістемелік бірлестік онкүндігі аясында “Әуенді тап” жарысы 5-6-сыныптар арасында өткізілді. Музыка пәнінің мұғалімі Адамжанова Айнагуль Биржановна оқушыларды эстетикаға тәрбиелеуге, музыканы тыңдай білуге, оны ажырата білуге үйрету. Әр-түрлі жанрдағы музыкаларды ажыратып, мағынасын түсінуге, тез ойлануға, шапшаңдыққа үйретуді көздеді.

Эстетитикалық әдістемелік бірлестік онкүндіг

18.05.2021
Featured Image

Эстетитикалық әдістемелік бірлестік онкүндігі аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бакауов Р.А сабақ өткізді.

Түрлі ұзындыққа және биіктікке секіру жаттығулары

18.05.2021
Featured Image

Эстетитикалық әдістемелік бірлестік онкүндігі аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ахметов Р.К сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы “Түрлі ұзындыққа және биіктікке секіру жаттығулары”. Мұғалім сабаққа қойған оқу мақсаттары орындалды

Отбасы сағаты

16.05.2021
Featured Image
Жалтыр орта мектебінде Халықаралық отбасы күніне орай, «Отбасы сағаты» Республикалық акциясы аясында оқушылардың бойында отбасы жөнінде түсініктері арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру, өз отбасындағы жылы қатынастарды көруге, әдет – ғұрып менгерту, отбасына деген сыйластық, махаббат, құрмет, достық, қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық сезімдерін ояту мақсатында «Менің отбасым!» тақырыбында фотоколлаж челленджі өткізілді. Қатысушы 7
2-сынып оқышысы Арынгазина Сабина. Келесі кім?

Отбасы сағаты

16.05.2021
Featured Image
Жалтыр орта мектебінде Халықаралық отбасы күніне орай, «Отбасы сағаты» Республикалық акциясы аясында оқушылардың бойында отбасы жөнінде түсініктері арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру, өз отбасындағы жылы қатынастарды көруге, әдет – ғұрып менгерту, отбасына деген сыйластық, махаббат, құрмет, достық, қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық сезімдерін ояту мақсатында «Менің отбасым!» тақырыбында фотоколлаж челленджі өткізілді. Қатысушы
1-сынып оқышысы Амангелды Айсұлтан.

Жазғы мектепті ұйымдастыру

15.05.2021
Featured Image

Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша 2021 жылдың 26 мамырдан 19 маусым аралығында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою, білім сапасын арттыру мақсатында жазғы мектеп ұйымдастыру туралы ата-аналардан сауалнама алынды. Сауалнамада жазғы мектеп ұйымдастыруда қажеттіліктері, қай пәндерден қосымша сабақтар өткізу, сабақтарды жеке немесе сыныппен өткізу форматтары анықталды. Жалпы сауалнама 128 оқушының ата-аналары сауалнамаға қатысты.

«Абайлаңыз, балалар!» атты жедел профилактикалық іс шарасы

14.05.2021
Featured Image
2021 жылдың 12-14 мамыр аралығында республика көлемінде өткізіліп жатқан «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел профилактикалық іс шарасы кезінде Май ауданы ішкі істер бөлімінің полиция майоры Айымгүл Абдугаликова қатысуымен оқушылар арасында түсінік жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға жол қауіпсіздігі туралы, жол белгілері мен жолда жүру ережелері және велосипедте жүру ережелері бойынша Zoom платформасында жиналыста ақпарат берілді.
Акцияның мақсаты – жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушыларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға үйрету. @op_maiskogo_raiona

АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР!

14.05.2021
Featured Image
2021 жылдың 12-14 мамыр аралығында республика көлемінде өткізіліп жатқан «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел профилактикалық іс шарасы негізінде бастауыш сынып мұғалімдері жолда жүру ережелері бойынша қауіпсіздік сабақтарын жүргізілді. Бұл сабақтардың мақсаты: оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру, жол қауіпсіздік ережелерін орындауға баулу, көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Штаттық сыныптарда сақтық шараларын сақтай отырып «Жарқын бол!» деген тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді.
Акцияның мақсаты – жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушыларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға үйрету. @op_maiskogo_raiona @bilim_mai @tarbiebolimi_icro @mai_aqparat

Құрметті оқырмандар! Ардақты ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!

09.05.2021
Featured Image
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!
Игі тілекпен: Жалтыр орта мектебінің ұжымы