Monthly Archives: Наурыз 2021

«IQanat» пәндік республикалық олимпиадасының аудандық ІІ кезеңі

31.03.2021
Featured Image
Май ауданы бойынша ауыл мектептеріне арналған «IQanat» пәндік республикалық олимпиадасының аудандық ІІ кезеңі
2021 жылдың 30 наурызы күні ауыл мектептерінің арасындағы дарынды оқушыны анықтау, ауыл оқушыларының танымдық, шығармашылық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатындағы ауыл мектептерінің 8 және 9- сынып оқушыларына арналған «IQanat» пәндік республикалық олимпиадасының аудандық ІІ кезеңі Көктөбе ауылындағы Көктөбе жалпы білім беретін мектептің базасында барлық санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді. Жалтыр орта мектебі бойынша «IQanat» пәндік олимпиадасының аудандық І кезеңінен 8- сынып оқушыларынан 4 оқушы , 9- сынып оқушыларынан 4 оқушы, барлығы 8 оқушы ІІ кезеңге қатысып, белсенділік танытты. Оқушыларға «IQanat» пәндік олипиадасында жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша тапсырмалар беріліп, оқушылар тапсырманы белгіленген уақыт ішінде орындап шықты. Олимпиада соңында оқушыларға «IQanat» пәндік олимпиадасын ұйымдастырушылар атынан ескерткіш сыйлықтар таратылды.

Көктемгі демалыс қарсаңында шахмат үйірмесінің жұмысы.

31.03.2021
Featured Image
Көктемгі демалыс қарсаңында шахмат үйірмесінің жұмысы.
Үйірменің мақсаты: Оқушылардың шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілетін жетілдіру. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Шахмат ойынының пайдасы:
Шахмат адамды жылдам ойлануға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді.Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге итермелейді деген ерік-жігерді қалыптастыруға басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.
Шахмат ойыны- бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі болып табылады.
Сондықтан, адам баласының дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қабілеті дамиды, білім сауаттылығы математика, химия , физика секілді пәндерге көп септігін тигізеді. әлемдегі кең таралаған ойындарының бірі болып табылады.

Қазақстан балалары көктем шақырады

30.03.2021
Featured Image
“Қазақстан балалары көктем шақырады” балалардың көктемгі каникул уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың Ырғыз ауданына қарасты білім беру ұйымдарында “Кино күні – кино әуесқойларына арналған кинозал” ұйымдастырылды.
📌Кино оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің құралы болып табылады. Әдеби шығармалардың келесідей фильмографиясы ұсынылды: «Біздің заманның батырлары», «Сергей Есенин», «Одиссей», «Ясон және аргонавтар», Р.Стивенсон «Қазына аралы», «Қара жебе», Жюль Верн «Он бес жасар капитан», ағайынды Гриммдердің ертегілері бойынша түсірілген фильмдер және қазақстандық режиссерлардың танымдық фильмдері көрсетілді.

Еріктілер қозғалысы жалғасуда.

30.03.2021
Featured Image

Еріктілер қозғалысы жалғасуда. Мектеп түлегі Кусманова Самал Ерлановна 5-сынып оқушыларымен қосымша сабақ өткізді. Самал Ерлановна Б.Ахметов атындағы @ppk.pvl жоғарғы педагогикалық колледжінің “математика мұғалімі” түлегі, С.Торайғыров атындағы ПМУ @psu_fmmit 1 курс студенті.

Еріктілер қозғалысы жалғасуда

29.03.2021
Featured Image
Еріктілер қозғалысы жалғасуда. Көктемгі каникулда мектеп түлегі, қазіргі таңда
Павлодар педагогикалық университеті, Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Болатова Асемгуль Бериковна 5-сынып оқушылармен қосымша сабақтар өткізілді.

«Шымырлық пен шеберлік»

29.03.2021
Featured Image

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша «Қазақстан балалары-көктем шақырады!» көктемгі каникул кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру мақсатында Жалтыр орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Р.А.Бакауов оқушылар арасында қазақ халқының ұлттық мәдени құндылықтарын сақтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан жарыс ұйымдастырды

Қазақстан балалары көктем шақырады

29.03.2021
Featured Image
“Қазақстан балалары көктем шақырады” балалардың көктемгі каникул уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың Ырғыз ауданына қарасты білім беру ұйымдарында “Кино күні – кино әуесқойларына арналған кинозал” ұйымдастырылды.
📌Кино оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің құралы болып табылады. Әдеби шығармалардың келесідей фильмографиясы ұсынылды: «Біздің заманның батырлары», «Сергей Есенин», «Одиссей», «Ясон және аргонавтар», Р.Стивенсон «Қазына аралы», «Қара жебе», Жюль Верн «Он бес жасар капитан», ағайынды Гриммдердің ертегілері бойынша түсірілген фильмдер және қазақстандық режиссерлардың танымдық фильмдері көрсетілді.

«Мен оқимын!Біз оқимыз!Барлығымыз оқимыз!»акциясы

28.03.2021
Featured Image
Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында «Мен оқимын!Біз оқимыз!Барлығымыз оқимыз!»акциясы қашықтықтан ұйымдастырылды.

Ата-аналармен онлайн кездесу

27.03.2021
Featured Image
2021 жылдың 27 наурыз күні мектеп директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна кезекті ата-аналармен онлайн кездесу өткізді. Күн тәртібінде:
1. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру жұмыстары
2. OnlineMektep платформасы
3. 1-сыныпқа қабылдау
4. 4-тоқсандағы оқу форматы
5. Көктемгі каникул кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
6. Әр түрлі сұрақтар қарастырылды.

«Жер сағаты» жаһандық акциясы

27.03.2021
Featured Image
үгін, яғни, 27 наурыз күні «Жер сағаты» жаһандық акциясы аясында әлемнің мыңдаған қаласында жарық өшірілді. Бұл акцияның мақсаты – адамдарды жер бетіндегі ресурстарға жанашырлық танытуға шақыру. Осы игі шараны қолдау мақсатында сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін ауданымыздың бірқатар ірі нысандарында, соның ішінде, Жалтыр орта мектебінің
8-сынып оқушылары да үйлерінің жарық шамдарын сөндірді.

Студенттерді көктемгі каникул кезінде қосымша сабақтарға тарту жоспарлы түрде өткізілуде.

25.03.2021
Featured Image

Студенттерді көктемгі каникул кезінде қосымша сабақтарға тарту жоспарлы түрде өткізілуде. Нурдильдинова Айсара Муратбековна, Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжі, бастауыш сыныптағы ағылшын тілі мамандығының 3 курс студенті кезекті сабағын 2-сыныпта жүргізді. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында тапсырмалар, ойын түрінде тапсырмалар, сандық білім беру платформалары арқылы өткізді. @vkineu_gumanitarnoe @ineuofpage

ҰБТ-ға дайындық жұмыстары

25.03.2021
Featured Image

11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға, ҰБТ-ға дайындық жұмыстарына дайындық ұйымдастыру мақсатында көктемгі каникул кезінде дайындық жұмыстары өткізілді.

Еріктілер қозғалысы жалғастырылды.

25.03.2021
Featured Image

Еріктілер қозғалысы жалғастырылды. Көктемгі каникул кезінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Филология: қазақ мамандығының 3-курс студенті Сахимзадинова Айсана Сахимзадиновна қосымша сабақ өткізді. 5-сынып оқушыларымен қазақ тілі сабағында қызықты тапсырмалар, талдау жұмыстары, бейнесабақтар көрсетілді. @bilim_mai @bilim_basqarmasy @dinislambolatkhanuly @psu_fmmit @aisanasakhimzadinova

Көктемгі каникул кезінде еріктілер қозғалысы жалғастырылды.

24.03.2021
Featured Image

Көктемгі каникул кезінде еріктілер қозғалысы жалғастырылды. Павлодар педагогикалық университеті, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Болатова Асемгуль Бериковна өз белсенділіктерін көрсетіп, қосымша сабақтарын өткізді. 6-сынып оқушыларымен ZOOM платформасы арқылы өтілген тақырыптардан, қиындық туғызған тақырыптар бойынша сабақтар өткізді. Сабақта қызықты тапсырмалар, белсенді әдістер қолданып, оқушыларды қызықтыра отырып, өткен тақырыптарға қайталау жасалды.