Daily Archives: 09/02/2021

Ағылшын тілі онкүндігі

09.02.2021
Featured Image

Ағылшын тілі онкүндігі аясында мектеп түлегі Мырзабекова Ажар Жумагалиевна қазіргі таңда “Brilliant education” @brilliant.education.kz оқу орталығының директоры, ағылшын тілі мұғалімі, мектеп оқушыларына арнап, сыныптан тыс шара дайындады. Оқушыларға қызықты сұрақтар, логикалық тапсырмалар беру арқылы ағылшын тілін тез меңгеруге, алған білімдерін тиянақтауға бағытталды.

Қазақстан-мейірімділік мекені.

09.02.2021
Featured Image
Қазақстан-мейірімділік мекені.
Республикалық балалар бастамасы және #ЭКОboom облыстық жобасы аясында “Құстар үшін дәмхана” акциясы жүзеге асырылуда. Қысқы уақытта құстарға қамқорлық танытып, ауыл ішіндегі ағаштарға жем салғыштар мен үйшіктер орнатылды.

«Ұшқыр ой алаңы» дебаттык турнирінің аудандық кезеңі өткізілді.

09.02.2021
2020 жылы 22 қаңтар күні Республикалық «Ұшқыр ой алаңы» дебаттык турнирінің аудандық кезеңі өткізілді.
Дебаттың мақсаты – Білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.
Турнир қашықтық форматында өткізілді. Турнирға Көктөбе «Заман біздікі», Жалтыр «Жалын», Малайсары «Болашақ» және А.Иманов «Сұңқар» атындағы жалпы орта білім беретін мектептердің командалары арасында өткізілді. Әр топта 4 оқушыдан қатысты. Дебаттық турнирда Парламент және Оппозиция тақырыпқа сәйкес өз білімдерін, дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру, парламенттік мәдениет элементтерін дамыту, өжеттіліктерін, ораторлық қасиеттерін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша Облыстық «Ұшқыр ой алаңы» дебаттык турниріне Көктөбе және А.Иманов МЛ топтары жіберілді.
Турнирде үздік қатысушыларға қосымша төмендегідей номинациялар анықталды:
 «Үздік спикер»  – Сағынтаева Арайлым (А.Иманов МЛ)
«Үздік оратор» – Абдраманова Асель (Көктөбе ОМ)
«Ең тапқыр ойыншы» – Марат Аружан (Көктөбе ОМ)
«Ең білімді ойыншы» – Мағаппар Әмір (А.Иманов атындағы МЛ)
«Дебаттық креатив» – Ахметжан Аида (Малайсары ОМ)
«Сенімді ойыншы» – Демкенова Жұлдыз (Жалтыр ОМ)
«Мақсатты ойыншы – Жакупова Ризагул (Малайсары ОМ)
«Жігерлі ойыншы» – Болатова Айзере (Жалтыр ОМ)
Жеңімпаздардың команда жаттықтырушылары алғыс хаттармен марапатталады. Турнирдің барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.
Оқушыларымызға облыстық турнирда сәттілік тілейміз.

Өзін өзі тану адамгершілік –рухани білім беру бағдарламасының авторы туралы фильмдер көрсетілді

09.02.2021

«Махаббат пен Шығармашылық педегогикасы» тақырыбында  онкүндіктің өтілуіне орай Өзін өзі тану адамгершілік –рухани білім беру бағдарламасының авторы туралы фильмдер көрсетілді.5-9-сынып оқушылар арасында «Сүйіспеншілік -адамның басты қасиеті ақиқат-оның негізгі, дұрыс әрекет оның шынайы өмірі.» және Сара Алпысқызы Назарбаевнаның өмірбаяны мен жанұясы,өзін -өзі тану кітабінің тікелей авторы жайлы  таныстырылды.

«Адамгершілік-рухани өсудің 12 сатысы» дәйексөздердің бұрыш көрмесі

09.02.2021
Featured Image

«Махаббат пен Шығармашылық педегогикасы» тақырыбында онкүндіктің өтілуіне орай және мектепішілік “Нақыл сөз – ақыл сөз” жобасы, “Қызықты үзілістер” жобасы аясында «Адамгершілік-рухани өсудің 12 сатысы» дәйексөздердің бұрыш көрмесі ұйымдастырылды. Дәйексөздерді талдау арқылы өз қадірін өзі білуге,өзін сыйлауға,өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға,өзін-өзі жетілдіруге рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайында өзінің бағыт-бағдарының болуында,өз бетінше шешім қабылдай алуына, өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге итермелейді