Түрлі түсті күн

Мектеп психологі А.К.Абеуова “Мейірімге толы жүрек” тақырыбында психология онкүндігінің іс – шара жоспары негізінде 1-кун «Түрлі түсті күн» деп аталды, бұл күннің ұраны: «Әрбір бұлтты күннен кейін, міндетті түрде күн шығады!» Үлкен үзілісте мұғалімдер мен оқушыларға өзіне ұнаған түсті таңдау ұсынылды, бұл шара екі ауысымда да ұйымдастырылды. Қолданылған түстер 7 түсті Люшер тестінің түстері, кешке оқушылар мен мұғалімдер жасалған таңдау саналып, қорытындысы төменгі ілінді. Ол жерге әрбір түстің мағынасы мен қандай көңіл – күйді көрсететінітуралы мәлімет берілді. Сонымен қатар “Тілек ағашы” ілініп, оқушылар ата-аналары, ұстаздары және сыныптастарына тілектерін жазды.