Monthly Archives: Желтоқсан 2020

«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау

15.12.2020
Featured Image

2020 жылдың 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай “Біз – Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз” тақырыбында мектеп белсенділерін «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынды аға тәлімгер К.Н.Смагулова ұйымдастырды. Іс-шара барысында барлық санитарлық ережелер сақталды. Қабылдау рәсімінде ұйымның мақсаты, міндеті, ережелерімен таныстырылды. Оқушыларға ҚР туының түсіндей галстук тағылып, Республикамыздың мемлекеттік әнұраны орындалып, жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімі өтті.
6 оқушы “Жас Ұлан”, 4 оқушы “Жас Қыран” қатарына қабылданып, ұйым мүшелігінің куәлігі табыс етілді.
Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» және «Жас қыран» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болатындарыңа сенеміз!

“Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат” тәрбие сағаты

15.12.2020
Featured Image
Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінің 1-сынып жетекшісі Тайлакова Ардак Мукановна “Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат” тақырыбында санитарлық талаптарды сақтай отырып, тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты;
– Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
– Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже; отанын қорғайды, елін, жерін сүйеді, туған өлкемізге сүйіспеншілігі артады.

“Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат” тәрбие сағаты

15.12.2020
Featured Image

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып жетекшісі К.Б.Сулейменова “Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат” тақырыбында санитарлық талаптарды сақтай отырып, тәрбие сағатын өткізді.

“Абаймен селфи” атты челлендж

05.12.2020
Featured Image

Мектеп оқушылары Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған “Абаймен селфи” атты челленджге қатысуда.9-сынып оқушылары

«Отан Туым» акциясы «Менің Туым» облыстық жобасы

04.12.2020
Featured Image

«Отан Туым» акциясы «Менің Туым» облыстық жобасы аясында өткізілуде. 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Акция оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттілік рәміздеріне құрметпен қарауды, патриоттық рухты және өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Акцияға белсенді түрде мектебіміздің 2-сынып оқушысы Әлібек Әлдайыр қатысуда. Келесі кім?

1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні

01.12.2020
Featured Image
Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар мен біздің парақшамыздың оқырмандары!
Сіздерді 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.
Тұңғыш президент есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке – бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы – жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін.
Ізгі ниетпен: Жалтыр орта мектебінің директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна және мектеп ұжымы