Daily Archives: 03/11/2020

“Бала құқығы-адам құқығы” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы

03.11.2020
Featured Image

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінде 3 қараша күні “Бала құқығы-адам құқығы” атты іс-шаралар жоспары аясында ZOOM платформасы бойынша “Бала құқығы-адам құқығы” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Ата-аналар жиналысын мектеп директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна ашып жүргізіп отырды. Күн тәртібіне сәйкес, мектеп директоры мектептің қауіпсіздік жағдайы, бақылау бейнекамералары, сенім жәшігі, сенім телефоны мен сенім кабинеті туралы, Абдугаликова Айымгуль Кадыловна кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы “Бала тәрбиелеудегі ата-аналардың міндеттері мен құқықтары” тақырыбында баяндама жасады. Педагог-психолог Абеуова Айгерим Кусмановна “Психологиялық кеңес беру” тақырыбында дәріс оқыды. Ата-аналар жиналысын мектеп директоры Анар Каиркеновна қорытындылап, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.