Monthly Archives: Қазан 2020

5- сынып оқушыларының орта мектепке көшу кезіндегі бейімделу

31.10.2020
Featured Image

2020 жылдың 31 қазан күні Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің педагог-психологі Абеуова Айгерим Кусмановна 5-сынып жетекшісімен бірлесе отырып, «5- сынып оқушыларының орта мектепке көшу кезіндегі бейімделу ерекшеліктері және дұрыс қарым-қатынас негізі» тақырыбында ата-аналарына ZOOM платформасы арқылы онлайн жиналыс ұйымдастырлы. Жиналыста ата-аналарға бала бойындағы өзгерістерге көңіл бөлу оң ықпал ету және конфликтілі жағдайларды шешу бойынша кеңестер берілді.

Республикалық “Best papa” әкелер форумы.

31.10.2020
Featured Image

31 қазан күні ата-аналар қауымында ерекше шара – Әкелер форумы өтті. Осы кездесу Қазақстанның барлық балалардың әкелерін қамтыды. Онлайн режімінде әкелердің бала тәрбиесіндегі орыны айтылып, әке әрбір бала үшін үлгі-өнеге алатын ұлы тұлға екені, әке-мақтаныш, әке-тірек екені атап көрсетілді. Кездесуде бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер, қоғамның бала дамуындағы және тәрбиесіндегі орыны төңірегінде ойлар айтылды.

Балада жөтел басталса, қалай емдеуге болады?

29.10.2020
Featured Image

Күз басталды, демек, денсаулығыңызға бұрынғыдан да көп көңіл бөлетін кез келді!

Балада жөтел басталса, қалай емдеуге болады?

Қатты жөтел кезінде тыныс жолдарындағы шырыштан мындай массаж арқылы құтылуға болады:
1. Баланы басын аздап төмен қаратып төсекке немесе үстелге жастықты құшақтатып ет бетімен жатқызу керек.
2. Арқаның жоғарғы бөлігінен бастап мойынға қарай алақанмен денесі сәл қызарғанға дейін уқалау керек. Егер балада жөтел басталса, онда сіз бәрін дұрыс жасадыңыз.

Мұғалімдермен ZOOM платформасы арқылы жиналыс өткізілді.

28.10.2020
Featured Image

2020 жылдық 28 қазан күні мұғалімдермен ZOOM платформасы арқылы жиналыс өткізілді. Жиналыста оқу ісінің меңгерушісі Э.Базылбаева «ТЖБ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 21 қазандағы №453 бұйрығымен таныстырды. Формативті бағалауды жүргізу, жиынтық бағалауды өткізу бойынша өзгерістермен таныстырды.

Мұғалімдермен ZOOM платформасы арқылы жиналыс

27.10.2020
Featured Image

2020 жылдық 27 қазан күні мұғалімдермен ZOOM платформасы арқылы жиналыс өткізілді. Жиналыста оқу ісінің меңгерушісі Э.Базылбаева «ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында пән мұғалімдерінің қауымдастығын құру туралы» таныстырды. Қауымдастықтың мақсаты – білім берудің тиімділігі мен сапасын арттыруға әсер ететін инновациялық процестерді қолдау және дамыту. Мектеп деңгейін, аудан деңгейінде мұғалімдер қауымдастығын құру туралы жұмыстар жүргізу керектігі айтылды.

Мектепішілік ғылыми жоба конкурсы

27.10.2020
Featured Image

2020 жылдың 27 қазан күні ZOOM платформасы арқылы мектепішілік ғылыми жоба конкурсы өткізілді. Мектептен 7 оқушы өз жобаларын қорғады. Конкурс мақсаты: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру. Оқушылар өз жұмыстарын теориялық және практикалық жұмыстарын таныстырылымда көрсетті.

Кезекші сыныптарда қандай шаралар байқалады?

27.10.2020
Featured Image

Салем Достар, білім және денсаулық туралы маңызды жаңалықтарды жіберіп алмаңызlдар!
Кезекші сыныптарда қандай шаралар байқалады?
– Кіре берісте оқушылардың температурасы өлшенеді.
– Ата-аналар балаларды оқу күні басталғанға дейін мектептің алдыңғы есіктеріне және мектеп бітіргеннен кейін үйге дейін ертіп жүруі керек.
– Сабақтың бір бөлігі, тіпті кезекші сыныптарда да қашықтықтан оқытуға көшеді.
– Кезекші сыныптардағы сабақ ұзақтығы 40 минутты құрайды.
– Сабақтар арасындағы үзілістер әр уақытта әр сынып үшін ұйымдастырылатын болады.
– Сабақтар залдардағы дәліздерде әр екінші сабақтан кейін – әр үзілістен кейін дымқыл тазаланады.
– Мектептердегі асханалар мен асханалардағы жұмыс тоқтатылады

Қазақстандық мектептерде тоқсандық жиынтық бағалау басталды

26.10.2020
Featured Image


Қашықтан оқыту кезіндегі жиынтық бағалау:

🖌2-11 сыныптарда аптасына 2 және одан да көп апталық жүктемесі бар оқу пәндері бойынша формативті бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіледі.

🖌2-11 сыныптарда аптасына 1 сағат оқу жүктемесі бар оқу пәндері бойынша формативті бағалау, БЖБ жүргізіледі және олардың негізінде жарты жылдыққа баға қойылады (ТЖБ жүргізілмейді).

🖌1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістігі бағаланбайды. Жылдық баға қойылмайды.

📌БЖБ және ТЖБ саны бір күнде үш жиынтық бағалаудан аспау керек.

✅2-4 сыныптарда БЖБ және ТЖБ уақыты реттелмейді, әр пән бойынша 2 тапсырмадан аспайды.
✅5-11 сыныптарда 3 тапсырмадан артық берілмейді.

📌БЖБ және ТЖБ кестесін мектеп әкімшілігі әзірлейді.

📌БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын мұғалімдер пәндер бойынша спецификацияға сәйкес өздері дайындайды.

Мектеп директоры оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында есеп беру кездесуі

26.10.2020
Featured Image

ҚР Үкіметінің “Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымын ұстауға бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау бойынша есеп беру кездесулерін өткізу” 29-тармағын орындау мақсатында 26 қазан күні мектеп директоры Жаныгулова Анар Каиркеновна ZOOM білім беру платформасында “Мектеп директоры оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында есеп беру кездесуі” тақырыбында жалпымектепішілік ата-аналар жиналысын өткізді. Анар Каиркеновна өз сөзінде мектептің 2020 жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметі: ағымдағы шығындар; 2020 жылға ағымдағы жөндеу жүргізу; материалдық-техникалық базаны, оның ішінде компьютерлік техниканы жаңарту; жаңартылған мазмұн бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алу; физика кабинеті, жалпы оқыту қоры бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың киім-кешегіне арналған шығындар туралы есеп берді.

Компьютерлер жинақ уақытша қолдануға берілді

19.10.2020
Featured Image

Қашықтық оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында білім беру бөлімі тарапынан 9 оқушыға компьютерлік жинақ уақытша қолдануға берілді. Ата-аналар тарапынан ризашылық білдіруде. Және де демеушілер тарапынан алған Wi-Fi роутерлері таратылды.

Халықаралық қыздар күні

19.10.2020
Featured Image

Мектебімізде Халықаралық қыздар күніне орай өзін өзі тану пәнінің мұғалімі К.Н.Смагулова бастауыш сынып оқушылары арасында тәрбие сағатын өткізді.

“Кітапхана-ақыл-білім ордасы” атты коучинг

16.10.2020
Featured Image

2020 жылдың 15 қазан күні Саты орта мектебінде өткізілген аудандық семинарда кітапхана жұмысында пайдаланатын белсенді әдіс-тәсілдер “Кітапхана-ақыл-білім ордасы” атты коучингті мектеп кітапханашысы Алдангорова Ш.Н өткізді.
Максаты: Ақпараттық-библиографиялық жүйені қолдана отырып, білім беру үдерісін жаңғыртуға көмектесіп, оқушылардың кітапты сүйе білуіне ықпал жасау, білімдерін жетілдіру.

15 қазан кітапханашылар күні

15.10.2020
Featured Image

Кітапханашы күні- қызметкерлер ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі. Кітапханалар- ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы.Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тірлігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Кітапхана- ғылым мен білім ордасы. Бұл демалуға, ойлануға әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Кітапхана-ғылым отаны.
Құрметті әріптестер! Сіздерді кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін! Мерейлеріңіз үстем болсын! Мереке құтты болсын!

“Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан” адалдық сағаты

14.10.2020
Featured Image

14 қазан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.