Monthly Archives: Қыркүйек 2020

Әдістемелік кеңес отырысы

29.09.2020
Featured Image

2020 жылы 29 қыркүйек күні мектепте әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы» № 192 бұйрығы туралы, оның педагог портфолиосын бағалау өлшемшарттарының көрсеткіштері сараланды.
Сарапталық кеңес ережесімен таныстырып, мұғалімдердің инновациялық педагогикалық тәжірибесінің материалдарын сараптау реті, қадамдары талқыланды. Кеңес шешімі бойынша мұғалімдердің озық іс тәжірибесін жинақтау, талқылау және тарату жұмыстарын бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу. Авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнына, сапасына көңіл бөлу. Жас мамандарды, тәжірибелі мұғалімдерді ғылыми жұмыстармен айналасуға бағыттау.

28 қыркүйек – қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан үш нар тұлғаның дүниеге келген күні.

28.09.2020
Featured Image
28 қыркүйек – қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан үш нар тұлғаның дүниеге келген күні. Бүгін Мұхтар Әуезовтің туғанына 123 жыл болса, Шерхан Мұртаза 88 жасқа, ал Оралхан Бөкей 77 жасқа толар еді.
🖊 Бір күнде туған Шерхан Мұртаза мен Оралхан Бөкейдің ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластығы баршаға үлгі бола алады. Оралхан Бөкейдің Шерхан Мұртазаға жазған мына бір хатынан жазушылардың бір-біріне деген ыстық ықыласын аңғаруға болады:
💬«Аға! Мен сізді ешқашан аты-жөніңізбен атаған емеспін. Ең алғаш көргеннен бастап «Аға» деп амандастым және сол 1967 жылдан бері туған ағадай шыншыл көңілмен сыйлап, құрмет тұтып келемін… Мен Сізді, Аға, жаһандағы жалғыз ұстазым деп, жар сала айтудан ұялмас едім, әрі осының өзін мақтан тұтар едім…».

Амангельдинова Жанель Нұрлановна

28.09.2020
Featured Image
Мен, Амангельдинова Жанель 04.11.05 жылы дүниеге келгем,Май ауданы,Кеңтүбек ауылында тұрамын.
Жалтыр орта мектебінде 1-кластан бастап оқимын. Сабақ үлгерімі өте жақсы,оқу озатымын. Қызыға оқитын пәндерім: география,тарих.Сабақтан бос уақытында спорт секциясына қатысамын.
Менің мінезім ашық, жайдарлы, көпшіл, сыныптастар арасында сыйлымын. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола білемін.
Мектеп шараларына белсенді қатысамын және мектеп өміріне жауапкершілікпен қараймын. Сынып ішінде толып жатқан қиындықтарды тез шеше біліп, қолдау көрсетуге дайын тұрамын. Көп кітап оқығанды ұнатамын және өз білімімді жан – жақты жетілдіремін.
Мен,алдағы уақытта елімді сүйер, Отанға адал еңбек ететін, сенімді азаматша болатыныма кәміл сеніңіздер.Мектепке деген сүйіспеншілігім шексіз. Болашақта ұстаз болуды армандаймын сондықтан мектеп туралы арман қиялдарымда баршылық, алтын ұя мектебімді құрметтеуге, қадірлеуге ешқашан жалықпаймын.Өз басым мектепте өтетін шараларға да атсалысып, өз өнерлерімді көрсетіп, сайыстарға да қатысамын. Қосымша сабақтарға да қатысуға уақыт табамын. Маған сеніп дауыс берулеріңізге болады.Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын!!!
Кандидат бағдарламасы:
І.Үнемі мынадай үндеулер тастағым келеді.
Үндеу
1. Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, зиянды заттардан/ шылымнан, есірткіден/ аулақ бол.
2. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай өзін сақтай алады.
3. Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың демекпін.
ІІ. Құқық бұзушылық деген қылмыс екенін және мектепішінде тәртіп бұзушылықтың өзі қылмысқа апарып соғары анық екенін түсіндіру шараларын ұйымдастыру.
ІІІ. Ел мен қоғам өміріне баланың белсенді қатысуына мүмкіндік беру жағын қарастырамын.
Онда:
Бейбітшілік жиналыстар ұйымдастыруға құқылы екенін ұғындырамын;
Балалардың өміріне қатысты проблемаларды көтеруге толық құқылы екенін түсіндіремін;

Мектеп президентін сайлау

28.09.2020
Featured Image
Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 25-29 қыркүйек аралығында мектеп президентін сайлау дәстүрі қашықтан өтетін болады. Дауыс саны мектептің инстаграм парақшасындағы әр қатысушыға арнап салынған постқа қойылған лайкпен және Google форма платформасы арқылы есептеледі. Ол постта қатысушылардың сайлауалды бағдарламалары жарияланатын болады.
Мектеп президенті, оқушылардың көшбасшысы болуға лайық қатысушыны бірге таңдайық!

“Ойлан тап” айдары

24.09.2020
Featured Image
Құрметті оқырман! Тілдер мерекесіне орай Жалтыр орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.К.Абеуова мен Э.Е.Базылбаева желі қолданушыларына “Ойлан тап” айдарын ашты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ең сөзжұмбақ ұсынады.
Шешімін комментарийге қалдыруларыңызды сұраймыз. #тілдермерекесі @bilim_mai @tarbiebolimi_icro

БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

24.09.2020
Featured Image
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАЛАЛАР ӨКІЛДІКТЕРІНІҢ​ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
_______________________________
🔷​ ​ПОЛОЖЕНИЕ​ О РАБОТЕ ДЕТСКИХ ПРЕДСТАВИТЕЛЬСТВ ПО ВОПРОСАМ ОБЕСПЕЧЕНИЯ ПРАВ ДЕТЕЙ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН @ Zhaltyr, Pavlodar, Kazakhstan

«Нашақорлыққа жол жоқ» тәрбие сағаты

23.09.2020
Featured Image
2020 жылдың 23 қыркүйек күні «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында оқушылардың өмірін сақтау және бақытсыздықты болдырмаудың алдын алу, оқушыларды өмірдегі, тұрмыстағы келеңсіз жағдайларға – нашақорлықпен айналысып, өзін – өзі айықпас дертке душар етудің алдын алуға, күресуге шақыру. Нашақорлықтың ЖҚТБ (ВИЧ СПИД) – ауруын жұқтырудың бірден – бір жолы екенін, ЖҚТБ ауруының кеселді жақтарын, соңы өлуге дейін апаратын кесел екенін жан – жақтың ойын дамыта отырып, ондай кеселдерден, дерттен аулақ болуға оның орнына, салауатты өмір салтын құруға баулу мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатына мектеп медбикесі Конурбаева Гульжамал Амирхановна, жергілікті полиция қызметінің полиция капитаны Саят Сайрамбекұлы Байжасаров, 7 – 11 – сыныптың мектеп оқушылары мен сынып жетекшілері, ата – аналары қатысты. Мектеп медбикесі Конурбаева Гульжамал Амирхановна нашақорлыққа тәуелділіктің әсері адамдарды қылмыс жасауға итермелейтінін, нашаны қолданушылардың басым бөлігі – тұрғындардың белсенді бөлігі жастар екенін, сонымен қатар, нашақорлықпен күресудің маңызды екенін, жергілікті полиция қызметінің полиция капитаны Саят Сайрамбекұлы Байжасаров жастар арасында күшті әсер ететін еліткіш заттарды және шылым қоспаларын қолдану мәліметі жоғарылап отырғандығын атап өтті. Сонымен қатар, ол шылым қоспаларының бренді болып табылатын синтетикалық шылым қоспасы Spice (спайс) туралы ақпарат бере отырып, оның психобелсенді, марихуанаға ұқсасты әсері бойынша және нарықта химиялық зат енгізілген шөп түрінде болатынын таныстырып өтті. Жалпы 54 адам қатысты.

Бейнесабақтар енді Kundelik.kz сайтында қолжетімді!

22.09.2020
Featured Image
Бейнесабақтар енді Kundelik.kz сайтында қолжетімді!
Balapan және El Arna телеарналарынан барлық ресми бейнесабақтарды тікелей сандық форматта Kundelik.kz сайтынан қараңыз! Ыңғайлы навигация сізге қажетті сабақты тез табуға мүмкіндік береді. Назар аударыңыз – бейнесабақтың мекен-жайын көшіру арқылы мұғалімдер оны үй тапсырмасына бір рет басу арқылы тіркей алады.
Сабақтар тізімі күн сайын жаңартылып отырады және бүгінде 1,000-нан астам сабақ жүктелген.

Май ауданының жалпы орта білім беру мектептерінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сайлау жолымен балалар өкілдіктерін құру жөнінде жұмыс жүргізілуде.

22.09.2020
Featured Image
Май ауданының жалпы орта білім беру мектептерінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сайлау жолымен балалар өкілдіктерін құру жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Балалар өкілдіктеріне барлық білім беру ұйымдарынан неғұрлым белсенді және жауапты балалар қатысуда.
Сайлау дауыс беру арқылы өтеді;
20 қыркүйек 30 қыркүйек аралығында аудандық мектептерінен өкілдердің кандидаттары бекітіледі, аудан мектептерінің ішінен аудандық өкілеттікке бір өкіл таңдалып облыстық конкурсқа қатысатын болады.
Сайлау ұсынған балалардың қатысуымен конкурстық негізде өтеді.
Байқау 3 кезеңнен тұрады:
1. «Тұлғалық таныстыру» (кандидаттың жеке басын таныстыру);
2. кандидат бағдарламасының тұсаукесері;
3. брифинг (кандидаттарға сұрақтар).
Іскерлік ойынның үш кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған үміткер аудан балаларының өкілі болып тағайындалады.

“Үнем – қоғам қуаты” жобасы

21.09.2020
Featured Image

Жалтыр орта мектебінің 7-сынып оқушысы Рысқали Арналды “Үнем – қоғам қуаты” жобасы аясында, экологиялық ойлауды дамыту мәселелері бойынша “Табиғат-тіршілік нәрі” атты экологиялық сурет челленджіне қатысты.

«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы

21.09.2020
Featured Image
Ақпарат пен сан түрлі мәдениет тоғысқан жаһандану заманында ұлттық код пен рухты бекем ұстайтын салт-дәстүр мен әдет ғұрып. Осы ретте, «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасын енгізіп, рухани мұрамызды түгендеп, жаңғыртып, озығын саралаудың өзектілігі жоғары.
🔸Сондықтан, арнайы жоба аясында қазақ халқының дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарын кеңінен дәріптеп, ұмыт болғанын жаңғыртып, заман көшіне сай ұлықтап, өскелең ұрпақты сол арқылы тәрбиелеу жолға қойылу керек. Сондай-ақ, ұлттық тағамдарымыздың құндылығын арттырудың да өзектілігі жоғары.

“Бүкіләлемдік тазалық” күні акциясы

19.09.2020
Featured Image

Бүгін, яғни 19 қыркүйек күні дүниежүзілік “World clean up day” (Бүкіләлемдік тазалық күні) акциясы өткізілуде. Акцияға Жалтыр орта мектебінің ұжымы да үлесін қосуда. Ауыл бойынша барлық мекемелер, мектептің барлық қызметкерлері сенбілікке шықты. Мектеп ауласын қоқыстан тазартты. Барша аудан тұрғындарын осы сенбіде аталмыш акцияны қолдап, қоршаған ортаны қоқыс пен қалдықтардан тазарту ісіне өз үлесін қосуға шақырамыз

Дүниежүзілік тазалық күніне шақырамыз.

18.09.2020
Featured Image

Құрметті мектеп ұстаздары, қызметкерлері және ауыл тұрғындары !
19 қыркүйек «Дүниежүзілік тазалық күніне» және күзгі санитарлық тазалық айлығының басталуына орай баршаңызды Дүниежүзілік тазалық күніне шақырамыз. Аталған іс-шараның басты мақсаты – ауылымыздың тазалығын жақсартып, көркейту болып табылады. Ауыл мен мектеп ауласының тазалығы мен игі істері әр азаматтың міндеті екенін ескере отырып, барша ауыл тұрғындарын ат салысуға шақырамыз.
МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ

“Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмек көрсетуге болады?”тақырыбында ата-аналар жиналысы

17.09.2020
Featured Image
2020 жылдың 17 қыркүйекте сағат 12.00- де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Абеуова мен директордың оқу ісінің меңгерушісі Э.Е.Базылбаева ұйымдастыруымен 1-11- сыныптардың ата-аналарына бірыңғай жалпы республикалық “Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмек көрсетуге болады?” тақырыбында Zoom платформасы арқылы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.
Өткізу форматы: қашықтан. Ата-аналарға сілтемелер алдын-ала жіберілді.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
2)Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.
3) Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
4) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
5) Баланың оқу режимі және демалысы.
6) Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
😎 Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер.
7) Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру
😎 Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.
Жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес толыққанды мағлұмат беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.