Архив за день: 15/05/2020

«Біз- бақытты отбасы» атты отбасылар арасында эстафеталық спорттық жарыс

15.05.2020
Featured Image

15 мамыр- дүниежүзілік отбасы күніне орай бүгін мектебіміздің спорт алаңында, таза ауада дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Р.К.Ахметов пен Р.А.Бакауов, АӘД пәнінің мұғалімі А.Р.Амангельдинов «Біз- бақытты отбасы» атты отбасылар арасында эстафеталық спорттық жарыс өткізді. Мақсаты: Қазақстан Республикасында отбасы бірлігін арттыру, нығайту; халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру. Жарыс өте тартысты өтті. Қатысқан отбасыларымызға алғыс айта отырып, алдағы уақытқа толағай табыстар тілейміз.

“Ustaz tilegi” Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ата-анаға алғыс хат жариялады.

15.05.2020
Featured Image

“Ustaz tilegi” Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған байқауларға белсене қатысып, жеңімпазы атанған үшін 8-сынып оқушысы Болатова Айзеренің ата-анасына оқушының оқудағы жетістігі мен талабы үшін алғыс хат жарияланды.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне арналған «Family day» жобасы

15.05.2020
Featured Image

«Family day» жобасы аясында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне арналған
қашықтықтан ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары негізінде 1-сынып оқушысы Хамидолда Фарида әжесі және анасымен қатысып отыр. Келесі кім? #БізБіргеміз #бізүйдеміз #Бізүйренеміз #бірге_оқимыз @uopavl @mai_raioo

“Отбасымен өткізген қызықты сәттерім” тақырыбында фото жинақ

15.05.2020
Featured Image

Май ауданы Жалтыр орта мектебі. “Менің Отбасым” тақырыбында қашықтықтан өткізіліп жатқан халықаралық отбасы күніне “Отбасымен өткізген қызықты сәттерім” тақырыбында фото жинақ өткізіліп жатыр. Мақсаты: Отбасында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Баланың үйдегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсінік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады