Архив за день: 12/05/2020

Мұғалімдер толтыруға міндетті құжаттар тізімі бекітілді 

12.05.2020
Featured Image

Мұғалімдер толтыруға міндетті құжаттар тізімі бекітілді 🖌Пән мұғалімі
Күнделікті сынып журналы және сабақ жоспарын толтырады. Сондай-ақ оқу жылының басында күнтізбелік-тақырыптық жоспарды дайындайды және әр тоқсан соңында критериалдық бағалау бойынша құжаттарды толтырады. 🖌Сынып жетекшісі
Оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспарын жасайды, өткізілген ата-аналар жиналысы бойынша электрондық форматта хаттама толтырады, оқушылардың табельдерін толтырады және қажеттілігіне қарай олардың жеке істерін жаңартып отырады. 🖌Жас мұғалімнің тәлімгері
Жас әріптесімен бірлесіп атқарған жұмысы бойынша әдістемелік құжат толтырады.

@edu_news_qz

Педагогтерді қызметтік міндетіне кірмейтін жұмыстарға тартқандар және шамадан тыс есеп беруді талап еткендер үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

12.05.2020
Featured Image

Педагогтерді қызметтік міндетіне кірмейтін жұмыстарға тартқандар және шамадан тыс есеп беруді талап еткендер үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

Педагогтерді кәсіби міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тарту, олардан қызметтік міндетіне кірмейтін мәселелер бойынша ақпарат немесе есеп талап ету фактілері бойынша арыз түскен жағдайда, ҚР БҒМ Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комитетінің аумақтық департаменттері ҚСжАЕК органдарында жоспардан тыс тексеруді тіркейді. Тексеруді ұйымға барып немесе қашықтан жүргізеді.

Егер алғаш рет бұзушылық жасаған адам кінәсін мойындаса, Комитет және оның аумақтық органы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмайды, бірақ кінәлі адамға ескерту жасау туралы қаулы шығарады.

Бұзушылыққа қайта жол берген адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады және әкімшілік айыппұл салынады. Оның көлемі 20-дан 120 АЕК-ке дейін.

@edu_news_qz

11 – сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымда өтеді 

12.05.2020
Featured Image

11 – сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымда өтеді 🔔Қорытынды аттестаттау емтихандарының биыл өткізілмейтіні ескеріліп, бұл іс-шараны маусым айының басында өткізу туралы шешім қабылданды. 🔔Мереке аясында салтанатты түрде аттестаттар табысталады және мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады. 🔔Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық алаңда, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп формасында келу ұсынылады. 🔔Салтанатты бөлімнен кейін ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр.
Кейінгі жылдары мұндай акция дәстүрлі түрде 25 мамырға орай ұйымдастырылады.