Архив за день: 07/05/2020

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Sabak.kz Республикалық әдістемелік сайтымен ұйымдастырылған байқау

07.05.2020
Featured Image

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Sabak.kz Республикалық әдістемелік сайтымен ұйымдастырылған байқауда 1- сынып оқушысы Майдан Мансур ынтамен қатысып, үздік нәтиже көрсеткен үшін мадақтамамен марапатталды. Дайындаған жетекшісі Заирова Гульжан Сайлаубаевна

Құрметті Отан қорғаушылар! Ардақты ағайын!

07.05.2020
Featured Image

Құрметті Отан қорғаушылар! Ардақты ағайын!

Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл мереке – еліміздің қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген айбынды азаматтарымызды құрметтеп, ұландарымызды ұлықтайтын күн.
«Ер – елінің қорғаны» деген. Отанға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыз, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің кепілі – қуатты әскеріміз бен ұлттық Ұланымыздың абыройы асқақтай берсін! Қай кезде де тәуелсіздік тұғырын биік ұстау, еліміздің жан-жақты өркендеуі жолында табанды қызмет ету-басты парыз. Шекара шебін қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған айбынды азаматтарымыздың рухы биік, мәртебесі арта берсін! Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен, Жалтыр орта мектебінің ұжымы

“Ust.kz” халықаралық жобасы

07.05.2020
Featured Image

“Ust.kz” халықаралық жобасы “Ustaz tilegi” республикалық ғылыми- әдістемелік орталығы ұйымдастырған Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай ұйымдастырылыған шығарма байқауына 8-сынып оқушысы Болатова Айзере қатысып, жүлделі 1 орын иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абеуова Гульден Кусмановнаға алғыс хат берілді. #БізБіргеміз #бізүйдеміз #бірге_оқимыз #ұлыжеңіске75жыл @uopavl @mai_raioo