Архив за месяц: Март 2020

«БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫ

27.03.2020
Featured Image

«БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫ
«Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Бұл акция Май ауданында да басталып кетті. Акцияны ұйымдастыру барысында «Nur Otan» партиясы Май ауданы филиалы @nurotan_mai мен аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы @otdel_zanyatosti_maiski аса мұқтаж азаматтардың тізімін жасақтады. Бұл тұрғындарға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылып жатыр. Аталмыш акцияға Жалтыр орта мектебінің ұстаздары да белсенді қатысып, қамқорлыққа берілген көп балалы және аз қамтылған Сағай Күлзираның отбасына көмек көрсетті. Отбасыға азық-түлік пен гигиеналық заттар, кішкентай бүлдіршіндерге тәттілер берілді.

Ақылды челлендж!

27.03.2020

Ақылды челлендж! Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары көктемгі демалыс уақытында түрлі деңгейдегі қашықтықтан өткізілетін олимпада мен байқаулардың белсенді қатысушылары! 8-сынып оқушысы Болатова Айзере республикалық “ККО.kz.” Республикалық Интернет олимпиада сайтында қазақ тілінен ұйымдастырылған олимпиаданың І орын иегері. Жарайсың, Айзере!

 

Жалтыр орта мектебінің ұстаздары бетперде (маска) тігіп, әркім ерікті ретінде көмекке мұқтаж адамдарға, көпбалалы отбасыларға тегін маска тігу жұмыстарын ұйымдастырды.

27.03.2020
Featured Image

Волонтерлар жылы аясында ұйымдастырған «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясын қолдау мақсатында Жалтыр орта мектебінің ұстаздары бетперде (маска) тігіп, әркім ерікті ретінде көмекке мұқтаж адамдарға, көпбалалы отбасыларға тегін маска тігу жұмыстарын ұйымдастырды.
Еріктілер тіккен бетперделер көп қолданысқа жарамды маскалар.
Жақсылық жасауға үйір болайық. Бір-бірімізді бағалайық, бір болайық!

көктемгі демалыс кезінде бос уақытын тиімді пайдалануда.

26.03.2020
Featured Image

Жалтыр орта мектебінің оқушылары көктемгі демалыс кезінде бос уақытын тиімді пайдалануда. Үй шаруасына көмектесіп, кітап оқып, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойнап, ата-аналарымен уақыттарын тиімді пайдалануда.

көктемгі демалыс

26.03.2020
Featured Image

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2020 жылғы 13-наурыздағы №3-15-6/1044-И хаты негізінде, 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 05- сәуір аралығында Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебі 2019- 2020 оқу жылындағы көктемгі демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалармен байланыс жасау және олардың бос уақытын тиімді пайдалануға жұмылдыру бағытында білім басқармасы ұсынған алгоритмге сәйкес білім алушы шәкірттермен WhatsApp желісі арқылы кері байланыс жасалып, жұмыс жүргізілуде. #бізбіргеміз #менүйдемін #RUMCDOMONRK #AshatAimagambetov #ШерРаиса

БАРЛЫҒЫ ҮШІН:

19.03.2020
Featured Image

БАРЛЫҒЫ ҮШІН:
.
1. «Coursera» — жаппай онлайн-білім беру саласындағы жоба. Компания ҚР Білім және ғылым министрлігіне ақпаратқа тегін қол жеткізу ұсынысымен жүгінгендігін айта кеткен жөн.
https://www.coursera.org/
.
2. Хан академиясы — коммерциялық емес білім беру ұйымы. Оқушылар үшін ресурс қолжетімді әрі тегін.
https://ru.khanacademy.org/
.
ОҚУШЫЛАР ҮШІН:
.
1. «Bilim media Group». 40 мыңнан астам материал шоғырланған білім беру контенті бар үлкен база. Қазақстандық компания барлық ресурстарға деген қолжетімділікті тегін ашып отыр.
https://bilimland.kz
.
2. «Daryn Online». Бағдарлама мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келеді.
https://daryn.online
.
3. Opiq Платформасы. Интерактивті ресурсқа мектеп оқулықтары жүктелген. Оқулықтардың басым бөлігі «Алматыкітап» баспасына тиесілі. Аталған эстониялық жобаға басқа да кітап баспалары қосылады деп күтеміз.
www.opiq.kz
.
4. ҰБТ-ға дайындалуға арналған виртуалды тренажер iTest.
www.itest.kz
.
5. Оқушылар мен студенттерге арналған білім беру порталы.
https://100ballov.kz/
.
6. NIS Play
http://play.nis.edu.kz/application/registration
.
7. STEM академиясы.
https://stem-academia.com/en/main-page/
.
8. IMektep бастауыш мектеп бағдарламасы.
www.imektep.kz
.
9. STEM зерттеу платформасы.
http://makeathon.kazneuro.kz/
.
КОЛЛЕДЖДЕР ҮШІН:
.
1. Atameken Academy
https://atameken.co/ru/courses
.
ЖОО ҮШІН:
1. Moodle — курсты басқару жүйесі, сондай-ақ оқытуды басқару жүйесі немесе виртуалды оқыту ортасы ретінде белгілі. Еліміздің жоғары оқу орындары осы ресурсты пайдаланатыны қуантады.
https://moodle.enu.kz/
.
2. Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапхана
http://www.rmeb.kz
.
3. QAZAQSTAN TARIHY
https://e-history.kz/ru/scorm
.
4. «Қарапайым математика»
http://www.bymath.net/
.
5. Blended learning
https://blendedlearning.pro/
.
.
Мықты денсаулық және демалысты пайдалы істермен өткізулеріңізді тілейміз. Өз білімдеріңізді жетілдіру мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар

Павлодар облысының білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту тәсілдеріне көшті және короновирустық инфекцияның алдын алу шараларын күшейтеді. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, білім басқармасы тиісті іс-қимыл алгоритмін әзірледі. .

18.03.2020
Featured Image

Павлодар облысының білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту тәсілдеріне көшті және короновирустық инфекцияның алдын алу шараларын күшейтеді. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, білім басқармасы тиісті іс-қимыл алгоритмін әзірледі. .
13 наурыздан бастап барлық бұқаралық іс-шараларға, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің халықаралық турнирлер, олимпиадаларға шығуына тыйым салынды. Білім беру мекемелеріне жиындар, кеңестер мен кездесулерді өткізуді азайту немесе оларды онлайн-режимде өткізу тапсырылды.
Балабақшалар медициналық және санитарлық бақылауды күшейте отырып, штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Ата-аналарға егер мүмкіндігі болса, балаларды үйде қалдыруға кеңес беремін! Бұл жағдайда балабақшаларға бара алмайтын балалардың орындары сақталады. .
16 наурыздан 5 сәуірге дейін облысымыздың 357 мектебінің барлық оқушылары көктемгі демалысқа шықты. Білім беру мекемелерінде объектілердің жұмыс жасауын қамтамасыз ететін әкімшілік пен персонал ғана жұмыс істейді. Педагогтар қашықтықтан, үйде отырып жұмыс жасайды. .
16 наурыздан бастап облысымыздың колледждері мен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. Электрондық білім беру платформалары оқу контентін орналастыру, кері байланыс, студенттердің оқуға тартылуын қадағалау арқылы тиімді оқу процесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл платформалар қосымша қаржыны талап етпейді. ТжКБ ұйымдарының және жоғары оқу орындарының педагогтары да қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды. .
14 наурыздан бастап мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатылды. Біз ата-аналарға қосымша білім беруді жүзеге асыратын жеке ұйымдарға (тілдік курстар, даму орталықтары және т. б.) баруды шектеуді ұсынамыз

Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

18.03.2020
Featured Image

Көктемнің келуімен жедел респираторлық вирустық инфекциялар күшейеді, коронавирустың кесірінен орын алған дүрбелең уақытта суық тию, тұмау және коронавирустың белгілерін салыстырып көрсететін кестені назарларыңызға ұсынамыз.
Жоғалтып алмас үшін, өзіңізге сақтап алыңыз.
Кез келген қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласыңыздар
Call-орталық 1406
Мына белгілер анықталған жағдайда дереу 103 нөміріне хабарласуды немесе үйге дәрігер шақыруды сұраймыз: бас ауруы, тұмау, кеуде тұсы ауырсынуы, өкпе қабынуы, қызу көтерілуі, жоғары температура, жүрек қағысының жылдам соғуы, тыныс алудың жиілеуі.

Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

______

С наступлением весны обостряются ОРВИ, на фоне паники вокруг коронавируса мы предлагаем сравнительную таблицу симптомов (простуда, грипп и коронавирус).

Сохраните пост себе, чтобы не потерять.

За любой дополнительной информацией, обращайтесь в Министерство здравоохранения Республики Казахстан.

Call-центр 1406

При выявлении таких симптомов, как: головная боль, насморк, боль в груди, пневмония, лихорадка, повышенная температура, ускоренное серцебиение, учащенное дыхание, просим незмедлительно звонить по номеру 103 или вызвать врача на дом.

Берегите себя и своих близких!

“Рухани жаңғыру” кабинеті

16.03.2020
Featured Image

Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінде ашылған “Рухани жаңғыру” кабинеті еліміздің даму тарихын, тарихи және мәдени естеліктерін сақтау мен оқушылардың ұлттық мақтаныштарын қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру мақсатында жұмыс жасап отыр. Мектеп қабырғасынан ашылған кабинетте Ертіс-Баян өңірінің киелі жерлерінің картасы, қазақ әліпбиінің шығу тарихы, есімдері тарихқа танымал тұлғалардың есімдері мен бүгінгі заманның 100 жаңа есімдері атап көрсетілген. Кабинет жас буынның біліміне де, тәрбиесіне де, өздерінің рухани жаңғыруына да септігі тиері сөзсіз. Мұнда тарих, география, әдебиет, орыс тілі пәндері, дөңгелек үстелдер, танымдық сағаттар, адалдық сағаттары жиі өтіп отырады. #руханижаңғырукабинеті #Rýhanıjańǵyrýpvl #pavlodaroblysy #rýhanıjańǵyrýpvl @ Zhaltyr, Pavlodar, Kazakhstan

Ата-аналарға_кеңес

15.03.2020
Featured Image

‼️Ата-аналарға_кеңес Ең бастысы-қорғау және сақтау!
Құрметті ата-аналар! Қазір ең өзекті мәселе-балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып тұр. Эпидемиологиялық қауіп өскен сайын балаларымыздың өмірі мен денсаулығына баса назар аударуымыз керек екенін бәрі түсінеді деп ойлаймын. Қазақстанда коронавирустың таралуын алдын алу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Өңіріміздің білім беру мекемелерінде де вирустың алдын алу жұмыстары нәтижелі болуы үшін біздер барлық күш-жігерімізді жұмсаудамыз. Әйтсе де бұл жағдайда жақындарыңыздың денсаулығы үшін жауапкершілікті таныту отбасынан бастау алатынын білу керек.
Дүйсенбіден бастап көктемгі демалыс басталады. Осы уақытта балалар көпшілік жиналатын жерлерден мүмкіндігінше алыс болып, үйде отырғаны абзал. Бос уақыты пайда болып, үйде ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың өміріне тағы қауіп төнбесін! Сақ болайық!
Қадірлі ата-аналар! Отбасының осы кезеңдегі маңызды міндеті-баланы өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, жеке қауіпсіздік және гигиена ережелерін сақтауға үйрету. Үйдегі барлық тұрмыстық қауіптің, жөнсіз интернет контентін алдын алуын өтінемін. Балалардың уақытты дұрыс әрі қызық өткізуін ойластырыңыздар. Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Күні бойы балалармен тығыз байланыста болыңыздар! Осы бір қауіпті кезеңде дұрыс әрекет пен мінез үлгісі бола біліңіздер деп өтінемін. Біздің басты міндетіміз балаларымыздың аман болуын қамтамасыз ету!

Көрісу күніне арналған іс-шара өтті.

13.03.2020
Featured Image

Май ауданы Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінде 2020 жылдың 13 наурыз күні Көрісу күніне арналған іс-шара өтті.Бұл мереке елімізде халықты ынтымаққа, ұйымшылдыққа, береке-бірлікке бастайтын Көрісу күні немесе Амал мерекесі деп аталады. Көрісу-тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Осыған орай мектеп оқушылары мен ұстаздары бірін -бірі құттықтап, жүрек жарды лебіздерін білдірді.

«Үздік жас ұстаз» атты жас мамандарға арналған сайыс өтті.

12.03.2020
Featured Image

«Үздік жас ұстаз» атты жас мамандарға арналған сайыс өтті. Ұйымдастырғандар жас мамандар мектебі жетекшісі С. К. Батаева
Мақсаты:Жас педагогтарға кәсіптік өсуі үшін жағдайларды ұйымдастыру және жасау. Жас мамандардың тәжірибе алмасуы. Жас мамандардың кәсіптік және әлеуметтік бейімделу үрдісін тездету. Жас педагогтардың шығармашылық қызметінің қалыптасуына себепші болу.
1-бөлімі. «Шығармашылық таныстыру. Әр жас маман өз ұстаздық жолға келген мақсаты, міндеті, жоспары, т.б. таныстырды.
Сұрақ – жауап(Рухани жаңғыру», ұлттық салт-дәстүрге байланысты сауалдар қойылды)
2-бөлімі. «Ізденімпаз жас маман – ертеңгі білікті ұстаз» Әр маман өз шеберлігіне қарай, бір сабаққа панорама жасады. Әдіс алмасу барысындағы тәжірибесі, жаңа технологияларды қолдана білуі, техникалық құралдарды тиімді пайдалана білуі, сабақ құрылымы, т.б. қаралды.
«Менің өнерім» өз өнерлерін көрсетті
Сайыс нәтижесі:
Бас жүлдені биология пәнінің мұғалімі Курмашева М. К, І орынды музыка пәнінің мұғалімі Адамжанова А. К, ІІ орынды математика пәнінің мұғалімі Тәуірбай А. Т, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Уалиева А. Т–
Жеңімпаздар І-ІІІ дәрежелеі дипломдармен және сыйлыққа ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

12.03.2020

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Коронавирус инфекциясы пандемия деп жариялануына байланысты көпшілік жиналатын барлық іс-шаралар өткізілмейді. Мектептерде 16 наурыз – 5 сәуір аралығында каникул болады.

Облыстық “Абай оқуларында” ІІ жүлделі орынға ие болды

11.03.2020
Featured Image

Сүйінші хабар… Бүгінгі облыстық “Абай оқуларында” оқушымыз Есен Ұлағат “Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары” номинациясында ІІ жүлделі орынға ие болып, аудан және мектеп абыройын асқақтатып, ұстазы Андасова Алтынай Қызырхановнаның мерейін өсірді. Құттықтаймыз!